Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Тұтықпаның пайда болуы

Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында қазіргі уақытта жиі кездесетін кемістік – тұтығу. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ тұтығу бірте-бірте күшейе
Тұтығудың пайда болуыПсихологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіДайындаған: логопед мұғаліміГубашева Э.Н.2016-2017 оқу жылы Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында қазіргі уақытта жиі кездесетін кемістік – тұтығу. Қазіргі Отбасындағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы жанжал, Сол қолмен жұмыстанатын балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олардан оң Жаңа логопедиялық технологиялар Түзету педагогикасында дәстүрлі емес әдістерӘуентерапия Адамның ішкі және сыртқы Дене тәрбиесі терапиясы Жалпы моториканың дұрыс дамып жетілуіне, денсаулықты нығайтуға, аурудың алдын Тыныс жаттығуларын жүргізуге қойылатын талаптар:-Жаттығуларды жасамас бұрын бөлменің шаңын сүртіп, бөлмені желдетіп
Слайды презентации

Слайд 2 Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында қазіргі уақытта жиі кездесетін

Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында қазіргі уақытта жиі кездесетін кемістік – тұтығу.

кемістік – тұтығу. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта

бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ тұтығу бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімнен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін басталмас бұрын алдын-ала шараларын, түзету жұмыстарын ерте бастаған жөн.
Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, мектептегі ортасы мен ересек адамдар тарапынан үлкен профилактикалық болдырмау шаралары, жұмыстар жүргізілуі қажет. Баланың ерте жасынан-ақ ересектердің сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.
Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек.


Слайд 3 Отбасындағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей

Отбасындағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы

қоймайды. Үлкендер арасындағы жанжал, ұрыс-керіс, баланы қорқыту, қатал жазалау

сияқты жағдайлар баланы тұтығуға душар етеді.
Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды. Өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз тіркесін, түсініксіз, таныс емес сөздерді айтуын талап етеді, мазмұны мен түрі жағынан қиын, көп тақпақтар жаттауды тапсырады. Баланың төрт жастан кейін ғана артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алатынын естен шығармағаны жөн. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығаның айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайда баланың сөйлеу дамуының артта қалушылығы байқалады. Баланың ойлау қабілеті сөйлеу мүмкіндігінен артып кетеді. Балада өз ойын айту үшін қарапайым сөздік қоры мен грамматикалық жағы жетіспейді. Ақыры баланың сөйлеуінде кідіру, тоқталу, мүдіру пайда болып, арты тұтығуға соғуы мүмкін
Кейде балаларда тұтығу қорыққаннан пайда болады. Баланың қорқатының біле тұра бөлмеде, қараңғы жерге жалғыз қалдыруға болмайды. Балаға қорқыныштың себептерін түсіндіріп отыру керек.


Слайд 4 Сол қолмен жұмыстанатын балалар ерекше көңіл аударуды қажет

Сол қолмен жұмыстанатын балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олардан

етеді. Өйткені олардан оң қолмен жұмыс істеуді талап ететін

болса, кей жағдайда тұтығу пайда болады. Сондықтан оларды қайта үйретуге болмайды. Егер баланың сөйлеуі дұрыс болып, нерв жүйесінің әлсіздігі байқалмаса, қайта үйретуді ертерек бастаған жөн. Мұны абайлап жұмсақтап, бірте-бірте қорықпай, жазаламай жүргізу керек. Бірақ баланың сөйлеуіне зер салып отыру қажет, тұтығудың азғантай белгісі байқалса ақ, қайтадан сол қолымен орындауына жол берілуі керек.
Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуін ең үлкен маңызы бар. Мектепте, үйде балалар асықпайтын, баяу, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады.
Баламен бірқалыпты қарым-қатынаста болған жөн. Сол сияқты жалпы сөйлеу ережесін, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада дем алып шынығудың тәртібін сақтау маңызды болып табылады. Бала таза, мүдірмей, еркін сөйлеу үшін ата-аталар тарапынан қолдау қажет.
.

Слайд 5 Жаңа логопедиялық технологиялар
Түзету педагогикасында дәстүрлі емес әдістер
Әуентерапия

Жаңа логопедиялық технологиялар Түзету педагогикасында дәстүрлі емес әдістерӘуентерапия Адамның ішкі және


Адамның ішкі және сыртқы көңіл күйін әуенмен сүймелдеу
Көніл күйді

көтеретін әуендер жүрек соғысы жиілетіп,тамыр талшықтарын кеңітеді қан айналымын жақсартады, ас қорытуын жақсартып тәбетін аштырады Әуені жайлы саз адам бойын босаңсытап ерекше жайлы көңіл күйге жетелейді, босаңсыған дене өзін еркін жайлы сезіне бастайды ұзақ уақыт осы күйді есінен шығаралмайды
Имаготерапия рөлдік көрініс қойып ойнау, ертегі оқу,кітап оқу тындау ойлану, сөйлеу арқылы еркіндікті сезіндіру
Баланың ой қиялын шындау, қиялға ерік беру, зейінді демалту ,
Үй жануарлары тұтығатын балаға сенімділік, қайраттылық,қамқорлық сезімдерін сыйлайды. Уақыттың көп бөлігін жануарлармен бірге өткізген бала өзіне сенімді әрі қайратты сезінеді. Сылап сипау, бағып қағу, тамақтандыру, ат үстінде отыру мидағы нерв талшықтарын тыныштандырып,қан айналысын қалыпқа келтіреді дене еркінсиді, босаңсиды, күш жинайды




Слайд 6 Дене тәрбиесі терапиясы
Жалпы моториканың дұрыс дамып жетілуіне,

Дене тәрбиесі терапиясы Жалпы моториканың дұрыс дамып жетілуіне, денсаулықты нығайтуға, аурудың

денсаулықты нығайтуға, аурудың алдын алуға үлкен көмек. Тұтығатын балалардың

суда жүзуі, табиғат аясында серуендеуі, сурет салуы тиімді жақсы нәтижеге жететін әдістер. Бұл босаңсудың жақсы түрі, тырысуды азайтып бара бара жойылуына әкеледі
Хромотерапия
адам ағзасына түстер арқылы әсер ету
Әр түстің өзіне тән мінезі болады
Көк түс :тыныштандырады,
денені босаңсытады, бас ауруын басады, ми талшықтарын белсендіреді;
Көгілдір түс: психикалық көмек көрсету барысында тежелуге көбірек соқтырады
Фиолетовый түс: көңіл күйді түсіреді, физиологиялық, психикалық процестерді тежейді
Қызыл түс: белсенді күшке ие, физикалық қабілетті арттырады, жылылық шақырады,
Жасыл түс:тыныштандырады,жайлы көңіл күй сыйлайды, адам ағзасын қорғаныыш қасиеттерін оятады, көру қабілетті арттырады;
Сары түс: тыныштық белгісі, жағымсыз кері әсерлерді жояды


  • Имя файла: prezentatsiya-tұtyқpanyң-payda-boluy.pptx
  • Количество просмотров: 210
  • Количество скачиваний: 7