Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему 20 лет Конституции Казахстана

Тақырыбы: Еліміздің Ата Заңы – Конституция
Тақырыбы: Еліміздің Ата Заңы – Конституция Мақсаты:     Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. І. Еліне арналатын тілегі шын,Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!Іргесін туған елдің тіреп Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысының өткен кезеңдері 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда ІІ. Ой қозғау Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы ІV. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау) VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Слайды презентации

Слайд 2 Тақырыбы: Еліміздің Ата Заңы – Конституция

Тақырыбы: Еліміздің Ата Заңы – Конституция

Слайд 4 Мақсаты: Еліміздің Ата

Мақсаты:   Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.

заңы жөнінде түсінікті тереңдету.


Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Т үрі: Байқау-сабақ


Слайд 5 І. Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның

І. Еліне арналатын тілегі шын,Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!Іргесін туған елдің

түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім

де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.


Слайд 6 Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысының өткен кезеңдері 1995 жылғы 30

Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысының өткен кезеңдері 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық

тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданған болатын.
Бүгінгі таңда Біздің мемлекетіміздің

Ата Заңы Қазақстанның қар¬қынды саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының сенімді құқықтық іргетасына айналғанын көрсетіп отыр. Осы уақытқа дейін ата заңымызға 2 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар 1997 жылдың 7 қазанындағы және 2007 жылдың 21мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар.
Қазақ елінің заңнама тарихы сонау 14-15 ғасырлардан бастау алады. Олардың бірнешеуіне тоқталып кететін болсақ, Ата Заңы, Ата Жолы, Ата Сөзі, Ата Кесімі, Ата Өсиеті деп аталған. Одан кейін хандықтар тұсында Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Одан кейінгі Кеңес одағының кезеңінде орысшыл саясаттағы жалпыға бірдей заңды басшылыққа алып келдік.
Бүгінгі күні еліміз өз тәуелсіздігін алып өз Ата заңына ие болып отыр. Қазақстан Конституциясы – мемлекет пен қоғамда, қызмет етуі үшін, қажетті шарттарды анықтайтын, негізгі нормалар мен институттар бекітілген еліміздің рәмізі және басты саяси-құқықтық құжаты.
Қазақстанның қоғамдық қатынастардың көптеген салаларында қол жеткізген жетістіктері, егемен еліміздің қалыптасуы жолындағы қиындықтарды еңсеруге ғана емес, сонымен қатар, оның халықаралық-құқықтық беделін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Конституцияда бізге әлеуметтік салада ерекше рөл берілген. Мұндай жағдайда құқықтық қатынастың әртүрлі субъектілерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асырып, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Сонымен қатар, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау департаменттің басты бағыты болып саналады және осылай болып қала береді.
Конституция рөлінің және маңызының нығаюы – құқықтық даму¬дың заңды беталысы. Мемлекетті қалыптастыру мен нығайту ісіне өзіміздің үлесімізді қоса отырып, Конституцияның әлеуетін, мем¬лекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелі және мақсатты түрде жалғастыру қажет.
Осы айтулы күні Сіздерді Ата Заңымыздың мерей¬тойымен құттықтаймын және барлығына зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін.
Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдене берсін!


Слайд 8 ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап

ІІ. Ой қозғау Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не

отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар. Ата Заң Ата

Заңым, Алтын Заңым – ардағым, Аялаған адамзаттың арманын. Жол бастайды болашаққа жасампаз, Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың. Алтын Заңда – Парасатым, пайымым. Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным. Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты, Анамдайсың елжіреген жаны күн.
ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке?
1 қыркүйектің ерекшелігі? Конституция туралы не білесіңдер?
Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала?
Рәміздерді ата.
Қазақстан Республикасының президенті кім?



Слайд 9 ІV. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата

ІV. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция

(негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс

беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру 1 – бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 7 – бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі. 27 – бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. 30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 36 – бап Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Слайд 11 V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

оқушылар білімін саралау)


Слайд 13 VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші

VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат

бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін

конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің
алдындағы азаматтық борышын орындауы. Осы айтулы күні Сіздерді Ата За ңымыздың мерей¬тойымен құттықтаймын және барлығына зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін.
Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдене берсін!
Қазақстанның болашағы –сендер.


  • Имя файла: 20-let-konstitutsii-kazahstana.pptx
  • Количество просмотров: 146
  • Количество скачиваний: 0