Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Наркозға арналған заттар. Наркотикалық анальгетиктер. Премедикация

Содержание

ЖоспарыКіріспеНаркозға арналған заттарНаркотикалық анальгетиктерПремедикацияҚорытындыҚолданылған әдебиеттер
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Жалпы хирургия және травматология кафедрасы ЖоспарыКіріспеНаркозға арналған заттарНаркотикалық анальгетиктерПремедикацияҚорытындыҚолданылған әдебиеттер КіріспеНаркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың ОЖЖ-де нейронаралық берілуді тежеуінен Наркозға арналған заттардың келесідей кезеңдерге бөлеміз I – анальгезия кезеңі; II – Наркозға арналған заттарды практикада қолдануына байланысты келесі топтарға бөледі: I. Ингаляциялық наркозға Ингаляциялық заттар. Фторотан Фторотан фторы Наркоз бұлшықеттердің барынша босаңсуымен жүреді.Фторотан әсеріне кезбе нерв жүйкенің тонусының жоғарлануына байланысты СевофлуранОл наркозды тез шақырады,әсерінің оңай басқарылуымен және наркоздан жылдам шығуымен сипатталады,жоғарғы тыныс Наркозға арналған эфир: Химиялық құрамы бойынша диэтил эфиріне жатады. Наркотикалық белсенділігі айқын,уыттығы Хирургиялық наркоз сатысында:Нейрон аралық берілулердің ары қарай тежелуі мида да жұлындада Адгезия сатысы:Ауру сезімдерінің басылуымен сипатталады,сана сезім сақталады,бағдар бұзылған,амнезия тән.Қозу сатысы:10-20 мин.Қыртыс асты Газ тәрізді заттар:Азоттың шала тотығы:Операция кезінде жанама әсер көрсетпецді,тітіркендіргіш Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар:Көбінесе парентералды,сирек энтералды қолданылады.Парентералды –көктамырға енгізу.Қолданылатын препараттардың көктамырға 1.Әсері қысқа(наркозды көктамырға енгізгенде әсерінің ұзақтығы 15 мин дейін)-Пропанидид,пропофол,кетамин2.Әсерінің ұзақтығы орташа-(наркоздың ұзақтығы Пропанидид препараты.Ерекшелігі:Наркоздың қозу сатысынсыз өте жылдам басталуымен 30-40 сек кейін сипатталады.Тахикардия гипотензия,бұлшықеттің Натрий тиопенталыӘсер ету механизмі:Көктамырға енгізгенде 1 мин кейін қозу сатысынсыз наркоз шақырады.Ұзақтығы Қолданылуы:Кіріспе наркозда немесе қысқа операциялық Кірісулерде қолданылады. Жанама әсері:Препаратты жылдам енгізу Наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану:Әдетте 2-3 препаратты біріктіреді.Ингаляциялық наркозға арналған заттарды ингаляциялық Қорытынды: Қорыта келгенде наркозға арналған дәрілік заттарды жиі операциялар кезінде,науқасты АНЫҚТАМАСЫАНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басуАУЫРУ СЕЗІМІ – бұл ағзаның зақымдалу үрдісіне қорғанышты Ауыру сезімінің түрлері:– Соматикалық ауыру сезімі(тірек-қимыл аппараты, тері, шырышты қабат) Тыныштық кезінде Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін тежемей, ауыру сезімін таңдамалы НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. Адам ағзасында эндогенді пептидтер (эндорфиндер және Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):μ (мю) – мет-энкефалинді және β–эндорфинді 2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған рецепторлар. Агонист –Дельторфин, Антагонист 3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые рецепторыАгонисттар – Кетоциклазоцин, Налбуфин МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Морфиннің ОНЖ-не әсері Морфин ОНЖ-нің қызметін өзгертпейтін мөлшерде анальгетикалық Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет енгізгеннен кейін дисфория, мазасыздық, МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ n. Vagus орталығының нейрондарының белсенділігін жоғарылатып, Ішектің МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІАуыру шогының даму қаупі бар жедел ауыру сезімі: МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ дисфория іш қатуауыздың кебуіойлаудың бұзылуыбас айналу, лоқсу және құсутыныстың Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдеріМОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар. Әсер ету ұзақтылығымен (22-24 МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге қарағанда тезірек дамиды (30-60 МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУКЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. Науқастың жағдайы өте ауыр. МОРФИНМЕН СОЗЫЛМАЛЫ УЛАНУ ПСИХИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК : эйфория, науқастың сыртқы ортаның өзін қобалжытатын ПремедикацияПремедикация (лат. prae - алдын ала + лат. medicatio - емдеу) —  ем жасар алдында, ауру адамның нерв жүйесін дәрі беріп (триоксазин, седуксен, амидопирин т. б.) ПремедикацияПремедикация екі этаптан тұрады:кешкітаңертеңгіКешкі, ота алдында антигистаминді препараттар мен транквилизаторларды қоса ұйықтатқыш ПремедикацияЕсте сақтау керек, егер анестезия кезінде жоспарда холиергиялық препараттар бар болса (сукцинилхолин, фторотан) ПремедикацияТаңертеңгілік премедикация ота алдында 30-40 минут бұрын жүргізіледі (жедел жағдайларда 15-20 минут ПремедикацияДәрігер нұсқауымен премедикация жүргізуКөрсетілімдер: науқасты отаға медикаментозды дайындауДайындау керек: резина қолғаптары, этил ПремедикацияПремедикация жүргізуге арналған уақыттарДәрілік заттардың тез әрекет етуі олардың енгізу жолдарына байланнысты: ПремедикацияПремедикация науқастың қобалжыған күйін басуы керек. Науқас тыныш болған сайын, соншалықты анестезия ПремедикацияҰйықтатқыш заттарфенобарбитал (люминал), нитразепам (радедорм), дормикум (мидазолам)Егер науқас аз ұйықтаса, радедорм 0,0025; ПремедикацияАнтигистаминді препараттардимедрол, дипразин, супрастиндимедрол таблетка доза түрінде 0,03-0.05 немесе б/і - 1 ПремедикацияХолинолитикалық препараттаратропин және метацинэфир қолданылған жалпы анестезия кезінде маңызды, себебі саливация мен ҚорытындыАуырсыну сезімі ағзаның әр түрлі жүйелері (дем алу, жүрек тамыры, эндокринды және Қолданылған әдебиеттерhttps://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F сайтыhttp://shava.kz/prezentaciyalar/medicina/594-ortopediyaly-abyldauda-oldanylatyn-zhansyzdandyru-trler-22-bet.html  сайтыhttp://studopedia.org/9-179252.html сайтыhttp://m-sestra.ru/bolezni/item/f00/s00/e0000403/index.shtml сайты
Слайды презентации

Слайд 2 Жоспары
Кіріспе
Наркозға арналған заттар
Наркотикалық анальгетиктер
Премедикация
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


ЖоспарыКіріспеНаркозға арналған заттарНаркотикалық анальгетиктерПремедикацияҚорытындыҚолданылған әдебиеттер

Слайд 3 Кіріспе
Наркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың

КіріспеНаркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы олардың ОЖЖ-де нейронаралық берілуді

ОЖЖ-де нейронаралық берілуді тежеуінен байланысты. Бұл кезде афферентті импульстерден

берілудің бұзылуы, қыртыс-қыртысасты байланыстардың, аралық мидың, орта мидың, жұлынның және т.б. қызметтері өзгереді. Синаптикалық берілулердің бұзылуына байланысты пайда болған ОЖЖ – нің функционалды дезинтеграциясы наркоздың дамуын шақырады

Слайд 4 Наркозға арналған заттардың келесідей кезеңдерге бөлеміз
I – анальгезия

Наркозға арналған заттардың келесідей кезеңдерге бөлеміз I – анальгезия кезеңі; II

кезеңі;
II – қозу кезеңі;
III – хирургиялық наркоз кезеңі;


1 – ші деңгей (III; 1) – беткейлік наркоз;
2– ші деңгей (III; 2) – жеңіл наркоз;
3 –ші деңгей (III; 3) – терең наркоз;
4 – ші деңгей (III; 4) — өте терең наркоз;
IV–агония кезеңі.

Слайд 5 Наркозға арналған заттарды практикада қолдануына байланысты келесі топтарға

Наркозға арналған заттарды практикада қолдануына байланысты келесі топтарға бөледі: I. Ингаляциялық

бөледі:
I. Ингаляциялық наркозға арналған заттар:
Сұйык ұшқыш заттар
Фторотан

Энфлуран
Изофлуран Наркозга арналған эфир
Газ тәрізді затгар
Азоттың шала тотығы
II. Ингаляциялык емес наркозға арналған заттар:
Пропанидин, Гексенал
Пропофол, Натрий оксибутираты
Натрий тиопенталы, Кетамин

Слайд 6 Ингаляциялық заттар.

Ингаляциялық заттар.

Слайд 7

Фторотан Фторотан фторы бар алифатикалық қосылыстарғажатады.Жоғары

Фторотан
Фторотан фторы бар алифатикалық қосылыстарғажатады.Жоғары наркотикалық белсенділігімен

(эфирден 3-4 есе)сипатталады.Наркоз өте қысқа қозу сатысымен жылдам басталады(3-5 мин кейін).Препаратты тыныс жолдарынан алып тастағаннан кейін науқас 5-10 мин кейін оянады.

Слайд 8 Наркоз бұлшықеттердің барынша босаңсуымен жүреді.
Фторотан әсеріне кезбе нерв

Наркоз бұлшықеттердің барынша босаңсуымен жүреді.Фторотан әсеріне кезбе нерв жүйкенің тонусының жоғарлануына

жүйкенің тонусының жоғарлануына байланысты брадикардия тән(атропинді енгізумен жойылады).
Артериялық қысымды

төмендетеді.
Жүрек аритмиясы дамиды.
Сілекей,бронх және асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін төмендетеді.

Слайд 9 Севофлуран
Ол наркозды тез шақырады,әсерінің оңай басқарылуымен және наркоздан

СевофлуранОл наркозды тез шақырады,әсерінің оңай басқарылуымен және наркоздан жылдам шығуымен сипатталады,жоғарғы

жылдам шығуымен сипатталады,жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендірмейді,ішкі

мүшелердің қызметіне теріс әсері шамалы.Жүрек қантамыр жүйесіне,мидың қанайналымына және тынысқа аз дәрежеде әсер етеді.

Слайд 10 Наркозға арналған эфир:
Химиялық құрамы бойынша диэтил эфиріне

Наркозға арналған эфир: Химиялық құрамы бойынша диэтил эфиріне жатады. Наркотикалық белсенділігі

жатады.
Наркотикалық белсенділігі айқын,уыттығы төмен.
Тыныс алатын ауадағы эфирдің

концентрациясы наркозды беру әдісі мен науқастың сезімталдығына байланысты 2-4-тен 10-12 көлем%.

Слайд 11 Хирургиялық наркоз сатысында:
Нейрон аралық берілулердің ары қарай

Хирургиялық наркоз сатысында:Нейрон аралық берілулердің ары қарай тежелуі мида да

тежелуі мида да жұлындада байқалады.
Сана-сезім тоқтаған,ауру сезіміжоқ.
Қарашықтары тарылған.

Ацидоз шақырады.
Эфирлік

наркоздан кейінгі ояну 30 мин ішінде жүреді.


Слайд 12 Адгезия сатысы:
Ауру сезімдерінің басылуымен сипатталады,сана сезім сақталады,бағдар бұзылған,амнезия

Адгезия сатысы:Ауру сезімдерінің басылуымен сипатталады,сана сезім сақталады,бағдар бұзылған,амнезия тән.Қозу сатысы:10-20 мин.Қыртыс

тән.

Қозу сатысы:
10-20 мин.Қыртыс асты құрылымдардың белсенділігінің жоғарылауымен сипатталады.
Көз қарашықтары

кеңейеді,тыныс алу жиілейді,тахикардия байқалады.

Слайд 13 Газ тәрізді заттар:
Азоттың шала тотығы:
Операция

Газ тәрізді заттар:Азоттың шала тотығы:Операция кезінде жанама әсер көрсетпецді,тітіркендіргіш

кезінде жанама әсер көрсетпецді,тітіркендіргіш әсері жоқ.
Негізгі ерекшелігі:
Наркотикалық белсенділігі

төмен.
операциядан кейін жүрек айну,құсу жиі болады.

Слайд 14 Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар:
Көбінесе парентералды,сирек энтералды қолданылады.Парентералды

Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар:Көбінесе парентералды,сирек энтералды қолданылады.Парентералды –көктамырға енгізу.Қолданылатын препараттардың

–көктамырға енгізу.
Қолданылатын препараттардың көктамырға енгізілетіндердің ішінде,әсерлердің ұзақтығы бойынша оларға

келесі топтарға бөлінеді.

Слайд 15 1.Әсері қысқа(наркозды көктамырға енгізгенде әсерінің ұзақтығы 15 мин

1.Әсері қысқа(наркозды көктамырға енгізгенде әсерінің ұзақтығы 15 мин дейін)-Пропанидид,пропофол,кетамин2.Әсерінің ұзақтығы орташа-(наркоздың

дейін)-
Пропанидид,пропофол,кетамин

2.Әсерінің ұзақтығы орташа-(наркоздың ұзақтығы 20-30 мин)-натрий тиопенталы,гексенал.

3.Әсері ұзақ-(наркоздың ұзақтығы

60 мин жоғары)-натрий оксибутираты.

Слайд 16 Пропанидид препараты.
Ерекшелігі:
Наркоздың қозу сатысынсыз өте жылдам басталуымен 30-40

Пропанидид препараты.Ерекшелігі:Наркоздың қозу сатысынсыз өте жылдам басталуымен 30-40 сек кейін сипатталады.Тахикардия

сек кейін сипатталады.
Тахикардия гипотензия,бұлшықеттің тарылуы,тромб түзілуі мүмкін.
Қолданылуы:
Қысқа уақытты

операцияларды жүргізугде.

Слайд 17 Натрий тиопенталы
Әсер ету механизмі:
Көктамырға енгізгенде 1 мин кейін

Натрий тиопенталыӘсер ету механизмі:Көктамырға енгізгенде 1 мин кейін қозу сатысынсыз наркоз

қозу сатысынсыз наркоз шақырады.Ұзақтығы 20-30 мин.
Фармокологиялық әсері:
Бұлшықеттерде тырысулық тартылулар,ларингоспазм

дамиды.



Слайд 18 Қолданылуы:
Кіріспе наркозда немесе қысқа операциялық
Кірісулерде қолданылады.

Қолданылуы:Кіріспе наркозда немесе қысқа операциялық Кірісулерде қолданылады. Жанама әсері:Препаратты жылдам

Жанама әсері:
Препаратты жылдам енгізу апноэ және коллапсқа әкелуі мүмкін.


Слайд 19 Наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану:
Әдетте 2-3 препаратты біріктіреді.Ингаляциялық

Наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану:Әдетте 2-3 препаратты біріктіреді.Ингаляциялық наркозға арналған заттарды

наркозға арналған заттарды ингаляциялық немесе ингаляциялық емес жолмен енгізілетін

препараттармен жұптастырады.
М:барбитурат немесе басқа жылдам әсер ететін ингаляциялық емес наркозға арналған зат+фторотан немесе энфлуран,изофлуран+азоттың шала тотығы.

Слайд 20 Қорытынды:
Қорыта келгенде наркозға арналған дәрілік

Қорытынды: Қорыта келгенде наркозға арналған дәрілік заттарды жиі операциялар кезінде,науқасты

заттарды жиі операциялар кезінде,науқасты тыныштандыру ауру сезімін басу үшін

қолданылады.Наркозға арналған дәрілік заттардың пайдалы жағы және зиянды организмге кейбір ағзалардың қызметіне әсер етеді.Көп дозада қолданғанда жиі психикалық тежелулерге үлкен дозада естен тануға әкеледі.Сондықтанда бұл дәрілік заттарды дәрігердің бақылауымен белгілі мөлшерде қолдану тиіс.
Адам денсаулығы-ең қымбатты дүние!

Слайд 21
АНЫҚТАМАСЫ
АНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басу
АУЫРУ СЕЗІМІ – бұл

АНЫҚТАМАСЫАНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басуАУЫРУ СЕЗІМІ – бұл ағзаның зақымдалу үрдісіне

ағзаның зақымдалу үрдісіне қорғанышты реакциясы (ауыру сезімі- «денсаулықтың күзетшісі»).
АУЫРУ

СЕЗІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ:

– Жедел
( 2-3 айға дейін)
Зақымдалу ошағынан тыс жерге берілуі мүмкін
– Созылмалы
( 2-3 айдан жоғары)
Анальгетиктердің әсерінің төмендеуі

– 0-ден 10 баллға дейін
визуальды-аналогты шкала бойынша (ВАШ):
Айқындылығы орташа

Ұзақтылығына байланысты

Ауыру синдромының қарқындылығына байланысты

0

10

5


Слайд 22
Ауыру сезімінің түрлері:
– Соматикалық ауыру сезімі
(тірек-қимыл аппараты, тері,

Ауыру сезімінің түрлері:– Соматикалық ауыру сезімі(тірек-қимыл аппараты, тері, шырышты қабат) Тыныштық

шырышты қабат)
Тыныштық кезінде азаятын, тұрақты ауыру сезімі тән.
–Висцеральды

ауыру сезімі
(ішкі мүшелер)
Ұстамалы ауыру сезімі тән (коликалар). Дене қалпының өзгеруі ауыру синдромының қарқындылығын өзгертпейді.

- Травмалық
- Қабынулы
- Ишемиялық
Спастикалық
- Онкологиялық

орналасуы бойынша:

себебі бойынша:


Слайд 23 Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін

Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін тежемей, ауыру сезімін

тежемей, ауыру сезімін таңдамалы басатын заттар. Наркотикалық анальгетиктер –

бұл морфин тобының препараттары: Морфин, омнопон, фентанил, промедол, морадол, трамал Осы топтың препараттары төмендегі белгілермен сипатталады:

1) анальгетикалық белсенділігі өте күшті, сондықтан оларды жоғары әсерлі ауыру сезімін басатын зат ретінде қолдануға болады;

2) бұл заттар наркоманияны, яғни құштарлықты, дәріге тәуелділікті туғызуы мүмкін, ол осы препараттардың ОНЖ-не ерекше әсер етуімен байланысты
3) бұл заттарды шамадан тыс қолданған кезде терең ұйқы дамиды, кейіннен ол наркозға, комаға ауысады және соңында тыныс орталығының қызметінің тоқтауымен аяқталады. Сондықтан олар- наркотикалық анальгетиктер деп аталады.


Слайд 24 НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ.
Адам ағзасында

НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. Адам ағзасында эндогенді пептидтер (эндорфиндер

эндогенді пептидтер (эндорфиндер және энкефалиндер) бөлінеді, олар опиоидты рецепторлардың

лигандалары болып табылады.
Ауыру сезімі пайда болған кезде қалыпты жағдайда энкефалинергиялық нейрондардың ерекше жүйесі белсендіріледі, олар антиноцицептивті (ауыру сезіміне қарсы) жүйе деп аталады, сосын нейропептидтер бөлінеді де, нейрондардың ауыру сезімі жүйесіне ( ноцицептивті) тежегіш әсерін көрсетеді. Эндогенді пептидтердің опиоидты рецепторларға әсерінің соңғы қорытындысы ауыру сезімталдылық табалдырығының жоғарылауы болып табылады.
Егер антиноцецептивті жүйенің жеткіліксіздігі (энкефалинергиялық ауыру сезіміне қарсы) байқалса, ал ол ұзақ немесе шамадан тыс айқын зақымдаушы әсер еткенде байқалады, осы кезде ауыру сезімін басатын заттардың - анальгетиктердің көмегі арқылы басуға болады.
Наркотикалық анальгетиктер ОНЖ-де және басқа мүшелерде орналасқан опиоидты рецепторлармен байланысады.
Бұл препараттар ауыру сезімін басумен қатар, оларға деген эмоциональді реакцияларды тежейді, нәтижесінде ауыру сезімімен байланысты жүрек-қантамыр жүйесі қызметтерінің бұзылуының, қорқыныш, қайғыру сезімінін алдын алады.

Слайд 25 Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):

μ (мю)

Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):μ (мю) – мет-энкефалинді және

– мет-энкефалинді және β–эндорфинді рецепторлар (тип тармақтары - μ1,

μ2 және μ3). Агонисттер – морфин, α-метил-фентанил (морфинге қарағанда 600 есе наркогенді болып келеді). Антагонист – CTOP (8 АМК)
Белсену әсерлері – аденилатциклазаны тежеу (↓ цАМФ) және К+ каналдарының ашылуы →
μ1 - Супраспиналды анальгезия (эмоциональды қабылдаудың өзгеруі, «ауысу»). Пролактиннің бөлінуі ↑.
μ2 – Спиналды анальгезия. Обстипация (іш қату).
өсу гормонының бөлінуі ↑. Тыныстың тежелуі.
μ3 – Супраспинальды және спинальды анальгезия.

Мю-рецепторлардың 3 тип тармақтары келесі әсерлерді шақырады:
Жылу-реттелу орталығының тежелуі (дене t төмендеуі),
Тегіс салалы бұлшық еттердің тонусының жоғарылауы (миоз),
Седативты әсер (ұйқы),
эйфорияның дамуы (психикалық тәуелділік),
эндорфиндердің бөлінуінің тежелуі (физикалық тәуелділік)



Слайд 26
2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған

2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған рецепторлар. Агонист –Дельторфин,

рецепторлар.
Агонист –Дельторфин, Антагонист – Налтриндол

Дельта-рецепторлардың 3 тип тармақтары

келесі әсерлерді шақырады :
дисфорияны, галлюцинацияны, іш қату, артериялық қысымды ↓
Танымдылық қызметтін бұзады, көңіл-күй, иіс сезу, қозғалу белсенділігін

Слайд 27 3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые

3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые рецепторыАгонисттар – Кетоциклазоцин,

рецепторы
Агонисттар – Кетоциклазоцин, Налбуфин (ГЭТ арқылы өтпейді !).
Антагонист –

нор-биналторфимин (Nor-BNI)


Белсену әсерлері:
Са2+ каналдары жабылады →
κ1 – Спинальды анальгезия. Диурездің күшеюі.
κ2 – Спинальды және супраспинальды анальгезия. Диурездің ↑.
κ3 – Супраспинальды анальгезия.

Каппа-рецепторлардың 3 тип тармақтары келесі әсерлерді шақырады:
Тегіс салалы бұлшық еттердің тарылуы (миоз), іш қату.
Ішу және тағамдық мотивацияны өзгертеді.

Слайд 28 МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Морфиннің ОНЖ-не әсері

Морфин ОНЖ-нің

МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Морфиннің ОНЖ-не әсері Морфин ОНЖ-нің қызметін өзгертпейтін мөлшерде

қызметін өзгертпейтін мөлшерде анальгетикалық әсер көрсетеді.
Морфинмен шақырылған анальгезия

сөйлеудің бұзылуына, қозғалыстық координацияның бұзылуына, сипап-сезуге, вибросезімталдылыққа және есту мүшесіне әсер етпейді.
Морфинді жиі бұлшық етке, тері астына еңгізеді, сонымен қатар көк тамырғада еңгізуге болады. Әсері 4-6 сағатқа созылады.
Ауыру сезімі 2 компоненттерден құралады:
а) Науқастың ауыру сезімталдылық табалдырығына сай ауыру сезімін қабылдау;
б) ауыру сезіміне психикалық, эмоциональды реакцияның пайда болуы.
Морфин осы ауыру сезімінің 2 компонентін де тежейді
Тыныштандырғыш және ұйықтатқыш әсері. Ұйқышылдықтың, естің шамалы өзгеруімен және логикалық ойлау қабілетінің бұзылуымен көрінеді.

Слайд 29 Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет

Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет енгізгеннен кейін дисфория,

енгізгеннен кейін дисфория, мазасыздық, теріс эмоциялар, өзін-өзі жаман сезіну,

көңіл күйінің болмауы байқалады. Ал морфинді қайталап енгізгенде эйфория дамиды: көтеріңкі көңіл-күй, ішкі дүниенің жайлануы, өзін-өзі жақсы, жеңіл сезіну, жағымды эмоциялар. Пайда болған ұйқышылдықтың әсерінен физикалық белсенділіктің төмендеуі, зейін қою концентрациясының қиындауы, қоршаған ортаға немқұраушылықтың пайда болуы сипатталады.


Жылу реттелу орталығын тежейді, морфинмен уланған кезде дене температурасының күрт төмендеуі байқалады.
АДГ бөлініп шығуын ынталандырады, ол зәрдің шығуын тежейді, қиындатады.
Тәбет төмендейді.
Тыныс орталығының тежелуі әсіресе балаларда жиі дамиды.
Жөтел рефлекстерінің орталық звеноларын тежейді жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар.
IY қарыншаның түбінде орналасқан триггерлі (жібергіш) аймақтың хеморецепторларының нейрондарын ынталандыру – лоқсуды және құсуды шақырады.
Морфиннің жоғары мөлшері құсу орталығын тежейді.


Слайд 30 МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ
n. Vagus орталығының

МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ n. Vagus орталығының нейрондарының белсенділігін жоғарылатып,

нейрондарының белсенділігін жоғарылатып,
Ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінінің күшті

спазмын шақырады және АІЖ-ның перистальтикасын төмендетіп оның қозғалтқыштық белсенділігін азайтады. (морфиндік обстипация).
Өт қапшығының тонусын жоғарылатады,
Жатырдың, несепағардың және қуықтың тонусын жоғарылатады,
Бронхтардың және бронхиолалардың тонусын жоғарылатады.

Слайд 31 МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Ауыру шогының даму қаупі бар жедел

МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІАуыру шогының даму қаупі бар жедел ауыру сезімі:

ауыру сезімі:
түтікті сүйектердің сыңуы,

күйіктер, оташалаудан кейінгі кезенді жеңілдету үшін қолданады.
Миокард инфарктісінде, өкпе артериясының эмболиясы кезінде, жедел перикардитте, пневмоторакста.
Өлімнің алдында жатқан адамдардағы ауыру сезімін басу үшін
Наркоз кезінде, наркозға дейін премедикация жасау үшін
Науқастың өміріне қаіпті жөтел кезінде, жөтелге қарсы зат ретінде қолданады (үлкен оташалауда, кеуде қуысының жарақатында)
Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілікте, яғни жүректік демікпе кезінде (ОЖЖ-нің қозуын және патологиялық ентікпені төмендетеді).


Слайд 32

МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

дисфория
іш қату
ауыздың кебуі
ойлаудың бұзылуы
бас

МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ дисфория іш қатуауыздың кебуіойлаудың бұзылуыбас айналу, лоқсу және

айналу, лоқсу және құсу
тыныстың тежелуі
тез шаршағыштық, парестезиялар
брадикардия.
кейбір жағдайларда

сандырақ ,тремор және аллергиялық реакциялар сияқты әсерлер кездеседі
Дәрiнi ұзақ уақыт қолданғанда: толеранттылық, дәрiге тәуелдiлiк (психикалық, физикалық)

МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ (салыстырмалы)
ерте балалық шақ ( 3 жасқа дейін) – тыныстың тежелу қауіпі бар;
жүкті әйелдерде (әсіресе жүктіліктің соңғы айларында, босаңу кезінде);
тыныс жетіспеушілігінің барлық түрінде (өкпе эмфиземасы, бронхиалды демікпе);
бастың ауыр жарақатында (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы кезінде; бұл кезде морфин бас сүйекішілік қысымды жоғарылатып, құсуды шақырады; ал құсу болса, өз кезегінде бас сүйекішілік қысымды жоғарылатады).

Слайд 33 Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдері
МОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар.

Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдеріМОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар. Әсер ету ұзақтылығымен

Әсер ету ұзақтылығымен (22-24 сағат) және үлкен қарқынды әсерімен

ерекшелінеді. Жанама әсерлері айқын емес, Әсері ұзартылған ауру сезімін басатын зат ретінде қолданады: оташалаудан кейінгі кезеңде;
айқын көрінетін ауыру синдромы.

ОМНОПОН – құрамында 48-50% морфин және 32-35% басқа фенантрен және изохинолин (папаверин) қатарының алкалоидтары бар. Әлсіз спазмогенді әсер көрсетеді. Қолднау көрсеткіштері морфиндікіндей.

ПРОМЕДОЛ синтетикалық препарат. Жансыздандыру қабілеті бойынша морфиннен 2-4 есе төмен. Әсер ету ұзақтылығы 3-4 сағат. Лоқсуды және құсуды сирек туғызады, тыныс орталығын аз дәрежеде тежейді.
Морфиннен ерекшелігі несепағардың және бронхтың тонусын төмендетеді, жатыр мойынын босансытады және жатырдың қабырғасының жиырылуын аздап белсендіреді. Осыған байланысты колика кезінде қолайлы болып келеді.
Босандыру кезінде қолдану мүмкін (көрсеткіштерге сай, себебі морфинге қарағанда ұрықтың тынысынын тежелуін және жатыр мойынының босаңсуын сирек шақырады).

Слайд 34
МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге

МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге қарағанда тезірек дамиды

қарағанда тезірек дамиды (30-60 мин. соң, ал морфин -

60 мин. соң). Әсері 3-4 сағатқа созылады.

Жанама әсерлері аз және ең бастысы физикалық тәуелділік даму қаупі өте төмең. Сонымен қатар ұзақ уақыт қолдануға болады, себебі эйфория сирек дамиды.
ФЕНТАНИЛ анальгезиялық белсенділігі өте жоғары, белсенділігі жағынан ол морфиннен 100-400 есе күшті. Оның айырмашылығының ерекшелігі ауру сезімін қысқа уақытқа басуы (20-30 минут). Әсері 1-3 мин кейін дамиды.
Нейролептанальгезия үшін нейролептик дроперидолмен ( таломонал) бірге қолданады. Осындай анальгезияның түрін науқас сана-сезімінде болуын қажет ететін жағдайларда қолданады, мысалы миокард инфарктісінде.

КОДЕИН (Codeinum, 0, 015 табл). Анальгетик ретінде морфиннен айтарлықтай әлсіз. Жөтелге қарсы әсері морфиннен әлсіз, бірақ тәжірибеде айтарлықтай жеткілікті.

Слайд 35 МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУ
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ.

МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУКЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. Науқастың жағдайы өте

Науқастың жағдайы өте ауыр. Басында ұйқы пайда болады, кейіннен

наркоз кезеңіне өтіп, сосын кома дамып, тыныс алу орталығының салдануына әкеп соқтырады.
Өлім тыныс алу тежелуі немесе шоктың, өкпе ісігінің және екіншілікті инфекция салдарынан болады.

АРНАЙЫ КӨМЕК ШАРАЛАРЫ морфиннің арнайы антагонистерін еңгізумен байланысты. Ең жақсы антагонист - бұл НАЛОКСОН (наркан), сонымен қатар жартылай антагонист - НАЛОРФИН.
Олар опиатты рецепторларға морфиннің және оның препараттарының әсерін тежейді және ОЖЖ қалыпты қызметін қалыпына келтіреді.

АРНАЙЫ ЕМЕС КӨМЕК ШАРАЛАРЫ әлі сңбеген уды шығару. Морфинді парентеральды жолмен енгізген кезде де асқазанды шаю қажет, себебі оның АІЖ кілегей қабатымен шығарылуы жартылай ішек қуысында жүреді. Науқасты жылындыру қажет, егер тырысу синдромы дамыса, онда тырысуға қарсы заттар қолданады. Тыныстың терең тежелуі кезінде жасанды өкпе вентиляциясын жүргізеді.

Слайд 36 МОРФИНМЕН СОЗЫЛМАЛЫ УЛАНУ

ПСИХИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК : эйфория, науқастың

МОРФИНМЕН СОЗЫЛМАЛЫ УЛАНУ ПСИХИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК : эйфория, науқастың сыртқы ортаның өзін

сыртқы ортаның өзін қобалжытатын нәрселерге индифферентті қатынасы және седативті

әсері. Морфинді қайталап қабылдағанда морфинистке өте жағымды құрсақ қуысындағы, эпигастралды аймақтағы жылу сезімі және іштің төменгі бөлігіндегі
ляззаттық сезімін шақырады.
ФИЗИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК- препараттың енгізуін күрт тоқтатқан кезде немесе морфинді қайталап енгізуін тоқтатқан жағдайда пайда болады.
Абстинентты синдром: морфиннің соңғы екісінен 6-10-12 сағаттан кейін ринорея, жас ағу, есінеу, қалтырау, «қаз терісі», гипервентиляция, гипертермия, мидриаз, бұлшық еттің ауыруы, құсу, диарея, тахикардия, әлсіздік, тершендік, ұйқының бұзылуы, галлюцинациялар, үрей, мазасыздық, агрессивтілік. Бұл симптомдар 2-3 тәулік бойы сақталады.
Препаратты үнемі қолданған кезде физикалық және психикалық деградацияға әкеп соқтырады.

Толеранттылық (тұрақтылық, үйренгіштік).


Слайд 37 Премедикация

Премедикация (лат. prae - алдын ала + лат. medicatio - емдеу) —
 ем жасар алдында, ауру адамның нерв жүйесін

ПремедикацияПремедикация (лат. prae - алдын ала + лат. medicatio - емдеу) —  ем жасар алдында, ауру адамның нерв жүйесін дәрі беріп (триоксазин, седуксен, амидопирин т.

дәрі беріп (триоксазин, седуксен, амидопирин т. б.) тыныштандыратын, үрей, қорқыныш сезімдерден арылтатын

амал.

Слайд 38 Премедикация
Премедикация екі этаптан тұрады:
кешкі
таңертеңгі
Кешкі, ота алдында антигистаминді препараттар

ПремедикацияПремедикация екі этаптан тұрады:кешкітаңертеңгіКешкі, ота алдында антигистаминді препараттар мен транквилизаторларды қоса

мен транквилизаторларды қоса ұйықтатқыш заттарды тағайындайды. Науқас үшін ең

қозғыш кезең ота алдындағы 2 сағат болып саналады.
Сонымен қатар, ота алдындағы 30-40 минутта анальгетиктер мен антихолинергиялық заттарды енгізеді. Егер анестезия жоспарында холинергиялық препараттар енгізілмесе, науқасқа атропин енгізілмейді, бірақ анестезиолог қолвнда ол дайын тұру керек.



Слайд 39 Премедикация
Есте сақтау керек, егер анестезия кезінде жоспарда холиергиялық

ПремедикацияЕсте сақтау керек, егер анестезия кезінде жоспарда холиергиялық препараттар бар болса

препараттар бар болса (сукцинилхолин, фторотан) немесе тыныс алу жолдарының құралды

тітіргендіргіштері (трахея интубациясы, бронхоскопия), яғни артериальды қысым төмендеуі мен жүрек ритмдерінің бұзылысымен брадикардия қаупі болады. Осы жағдайда, премедикацияға антихолинергиялық препаратттарды (атропин, метацин, гликопирролат, гиосцин) тағайындау вагальды рефлекстерді блокадасы үшін міндетті болып саналады.
Қалыпты жағдайда премедикация препараттары жоспарлы оталар кезінде бұлшықет ішіне, пероральды және ректальды енгізеді. Көктамыр ішілік енгізу мақсатты емес, себебі бұл препараттардың әрекет етуі ұзақ емес, ал кері әсерлері айқынырақ болады. Тек жедел оперативті жағдайларда және ерекше оқиғаларда оларды көктамыр ішіне енгізеді.


Слайд 40 Премедикация
Таңертеңгілік премедикация ота алдында 30-40 минут бұрын жүргізіледі

ПремедикацияТаңертеңгілік премедикация ота алдында 30-40 минут бұрын жүргізіледі (жедел жағдайларда 15-20

(жедел жағдайларда 15-20 минут бұрын):
Науқасқа өзінің физиологиялық қажеттіліктерін өтеуін

сұрайды, сағат, алмалы протездерін, сақина алуға және операциялық аймақты құрғақ әдіспен шашты алады.
Төсекте науқаста келесі препараттарды комбинациялап енгізеді:
Наркотикалық анальгетиктер (1 мл 1% сұйықтар промедол, пантопона омнопон б/і);
Десенсибилизаторлар (1 мл 1% сұйықтық димедрол б/і, 1 мл 1% сұйықтық супрастин б/і);
М-холинолитиктер (1 мл 0,1% сұйықтық атропин б/і, , тері астына, 1 мл 0,2% сұйықтық платифилин теріастына)
Қажет жағдайда:
Транквилизаторлар кіші (0,005 г ішке, 1 мл 0,5% сұйықтық реланиум б/і);
Транквилизаторлар үлкен немесе нейролиптиктер (1 мл 0,25% сұйықтық дроперидол б/і).
Премедикация кезінде науқасқа тұруға тыйым салынады.




Слайд 41 Премедикация

Дәрігер нұсқауымен премедикация жүргізу

Көрсетілімдер: науқасты отаға медикаментозды дайындау

Дайындау

ПремедикацияДәрігер нұсқауымен премедикация жүргізуКөрсетілімдер: науқасты отаға медикаментозды дайындауДайындау керек: резина қолғаптары,

керек: резина қолғаптары, этил спирті 70 – 96% пайыздық,

инелі шприцтер, стерильді таңу материалдары, стерильді лоткалар, материалды қолдануға дезинфекциялық құралдар, наркотикалық анальгетиктер, десенсибилизаторлық құралдар, М-холинолитиктер, транквилизаторлар, ұйықтатқыш заттар, тыныштандырғыштар.


Слайд 42 Премедикация
Премедикация жүргізуге арналған уақыттар
Дәрілік заттардың тез әрекет етуі

ПремедикацияПремедикация жүргізуге арналған уақыттарДәрілік заттардың тез әрекет етуі олардың енгізу жолдарына

олардың енгізу жолдарына байланнысты: бәрінен ең тез әсер ететіні

венаға, тіл астына, конъюнктиваға, кеңірдекке енгізу; жайырақ – бұлшықетке; одан жай – тері мен ауыз арқылы.
Ота күні оған дейін 2 сағат бұрын науқасқа ұйықтатқыш немесе седативті препарат енгізеді, ал 30-40 минут бұрын теріге наркотикалық анальгетик және холинолитикалық препараттар енгізеді. Шұғыл жағдайларда көктамыр ішіне енгізеді.
Премедикациядан кейін науқас тұрмауы керек, ал отаға дейінгі барлық процедуралар: қыру, клизмалар – премедикацияға дейін бітіру керек.
Науқасты ота бөлмесіне жатқан күйінде жеткізеді.


Слайд 43 Премедикация

Премедикация науқастың қобалжыған күйін басуы керек.
Науқас тыныш

ПремедикацияПремедикация науқастың қобалжыған күйін басуы керек. Науқас тыныш болған сайын, соншалықты

болған сайын, соншалықты анестезия жақсы өтеді, соншалықты асқынулар аз

болады: басындағы қозулар және эфирлі анестезиядан кейінгі құсулар, миорелаксанттар енгізуден кейінгі және фторотан анестезиясынан кейінгі жүрек ритмі бұзылыстары.
Премедикацияның барлық жағдайларды шешу үшін бірнеше заттарды қолдану арқылы, мақсатты эффект бөлек көрсететін, ал бірікккен түрде өте жақсы премедикацияны алады.
Бұл заттар олардың негізгі әсерлеріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.


Слайд 44 Премедикация
Ұйықтатқыш заттар
фенобарбитал (люминал), нитразепам (радедорм), дормикум (мидазолам)
Егер науқас

ПремедикацияҰйықтатқыш заттарфенобарбитал (люминал), нитразепам (радедорм), дормикум (мидазолам)Егер науқас аз ұйықтаса, радедорм

аз ұйықтаса, радедорм 0,0025; дормикум 0,005-0,0075.
Егер науқас ерте

тұрса, фенобарбитал 0,1.
Седативті препараттар
седуксен дозасы 0,005, хлозепид (элениум) сол дозада.
мепротан дозасы 0,2; амизил дозасы 0,001; триоксазин дозасы 0,3.
белсендісі этаперазин в дозе 0,004, бірақ ұйқыны ұзартуы мүмкін.


Слайд 45 Премедикация
Антигистаминді препараттар
димедрол, дипразин, супрастин
димедрол таблетка доза түрінде 0,03-0.05

ПремедикацияАнтигистаминді препараттардимедрол, дипразин, супрастиндимедрол таблетка доза түрінде 0,03-0.05 немесе б/і -

немесе б/і - 1 мл 1% сұйығы;
дипразин доза

түрінде 0,025-0,05 немесе б/і 1 мл 2% сұйығы.
супрастин таблетка доза түрінде 0,025 және б/і доза түрінде 1 мл 2% сұйығы.
Наркотикалық анальгетиктер
А тобындағыларға жатады
морфин доза түрінде 10-20 мл тері астына, тура сол дозада промедол
дипидолор (пиритрамид) б/і дозасы 2 мл 0,75% сұйығы (15 мл)
Фентанил б/і дозасы 50-100 мг (1-2 мл).


Слайд 46 Премедикация

Холинолитикалық препараттар
атропин және метацин
эфир қолданылған жалпы анестезия кезінде

ПремедикацияХолинолитикалық препараттаратропин және метацинэфир қолданылған жалпы анестезия кезінде маңызды, себебі саливация

маңызды, себебі саливация мен бронхорея қаупі бар
барбитурат және фторотанмен

анестезия кезінде
атропин дозасы 0,1 мл/10 кг-ға 0,1% сұйықтықта ота алдында 30-40 мин бұрын тері астына және б/і.
тура сол дозада метацин
Бұл препараттар тахикардиямен жүретін жүрек аурулары мен глаукомада тыйым салынады.

Слайд 47 Қорытынды

Ауырсыну сезімі ағзаның әр түрлі жүйелері (дем алу,

ҚорытындыАуырсыну сезімі ағзаның әр түрлі жүйелері (дем алу, жүрек тамыры, эндокринды

жүрек тамыры, эндокринды және т.б.) жағынан бір қатар өзгерістермен

бірге пайда болады.
Бұл өзгерістерді ауырсыну сезімі ғана емес, оны алдын-ала күту кезінде тудырады. Өткізілетін манипуляциялар науқастың ойы бойынша ауыртпалы деп есепталінсе, ағзаның жауапты реакциясы жеделденеді. Бұл нерв жүйесінің функциялы өзгерістері бар адамдарда анық байқалады. Сондықтан стоматологиялық емдеу жүргізер алдында оларлдың қорқыныш сезімдерін, қобалжуын болдырмау үшін оларға медикаментті және психологиялық премедикация жүргізеді.
Медикаментті – психологиялық премедикация өкізгенде психологиялық дайындық, индифирентті дәрілер, фармакологиялық заттар қолданылады. Науқасты психологиялық дайындау:
а) стоматологиялық бөлімдерде қорғау режимін, дәрігерлік этикасын, деонтологиясын сақтау
б) науқаспен толық психопрофилактикалық жұмыс жүргізу.



  • Имя файла: narkozғa-arnalғan-zattar-narkotikalyқ-analgetikter-premedikatsiya.pptx
  • Количество просмотров: 120
  • Количество скачиваний: 0