Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Органикалық қышқылдарды алу. Тамақ өнеркәсібіндегі органикалық қышқылдардың тәжірибелік мәні

Содержание

Органикалық қышқылдар – құрамында карбоксил тобы (COOH) бар органикалық қосылыстар. Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты органикалық қышқылдар алифатты (қаныққан, қанықпаған), алициклді және ароматты болып бөлінеді. Молекуласындағы COOH тобының санына қарай бір, екі, көп негізді болып та ажыратылады.
Дәріс 11. Органикалық қышқылдарды алу. Тамақ өнеркәсібіндегі органикалық қышқылдардың тәжірибелік мәні. Органикалық қышқылдар – құрамында карбоксил тобы (COOH) бар органикалық қосылыстар. Көмірсутек радикалдарының Лимон қышқылы - суда жақсы еритін түссіз кристалдар. Ол лимонда, қарақатта, итбүлдіргенде, Лимон қышқылы (тағамдық қоспа E330) органикалық қышқылдарға жатады, табиғи антиоксидант және консервант Консервант ретінде де лимион кышқылын қолдануға болады. Лимон қышқылын микроскопиялық Aspergillus niger Лимон қышқылы- түссіз кристалдық зат, судан моногидрат түрінде кристалданады: Күкірт қышқылымен әрекеттессе лимон қышқылы өзін α-ок-сиқышқылша көрсетеді: құмырсқа қышқылын бөліп шығарады Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН СН3(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт Ең алғаш 1860 жылы Мұнда орталық көміртек атомы сутекпен, карбоксил, гидроксил және метил топшаларымен, Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық Сірке қышқылы, этан қышқылы, CH3COOH – бір негізді органикалық қышқыл. Ол өткір ОКСИҚЫШҚЫЛДАР   Молекуласында карбоксил тобынан басқа бір немесе бірнеше гидроксил топтары Изомериясы және номенклатурасы.   Оксиқьшқылдарда изомерияның үш түрі болады.1.Молекуладағы көміртек тізбегінің Халықаралық номенклатура бойынша оксиқышқылдарды сәйкес карбон қышқылдарының атауларының алдына Гликоль қышқылы- түссіз қристалдық зат, суда жақсы ериді. Шарап қышқылдары — суда жақсы еритін, жағымды қышқыл дәмі бар, Шарап қышқылдарың табиғи заттардан және синтетикалық әдіспен алады. Дибромянтарь
Слайды презентации

Слайд 2 Органикалық қышқылдар – құрамында карбоксил тобы (COOH) бар

Органикалық қышқылдар – құрамында карбоксил тобы (COOH) бар органикалық қосылыстар. Көмірсутек

органикалық қосылыстар. Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты органикалық қышқылдар алифатты

(қаныққан, қанықпаған), алициклді және ароматты болып бөлінеді. Молекуласындағы COOH тобының санына қарай бір, екі, көп негізді болып та ажыратылады. Көбінесе органикалық қышқылдарды карбон қышқылдары деп атайды. Мысалы, CH3–COOH (сірке қышқылы), CH2=CH(CH3)–COOH (метакрил қышқылы), C6H6–COOH (бензоин қышқылы), HOOC–CH2–COOH (малон қышқылы). Бұлардан басқа құрамы әр түрлі болып келетін органикалық қышқылдар кездеседі. Мысалы, SH қышқылдарға метилтиолды (CH3–SH), CH қышқылдарға ацетиленді, NH қышқылдарға сірке қышқылының амидін (CH3–C(NH2)=O), т.б. жатқызуға болады.

Слайд 3 Лимон қышқылы - суда жақсы еритін түссіз кристалдар.

Лимон қышқылы - суда жақсы еритін түссіз кристалдар. Ол лимонда, қарақатта,

Ол лимонда, қарақатта, итбүлдіргенде, шетен жидегінде, қызылшада болады. Оны

жеміс суларына, кәмпиттерге, дәрі-дәрмектерге үстеме ретінде және тамақ (қайнатпа, кисель, қырыққабат сорпасы, балық және т.б.) дайындағанда пайдаланады

Слайд 4 Лимон қышқылы (тағамдық қоспа E330) органикалық қышқылдарға жатады,

Лимон қышқылы (тағамдық қоспа E330) органикалық қышқылдарға жатады, табиғи антиоксидант және

табиғи антиоксидант және консервант болып табылады. Лимон
қышқылы барлық кондитерлік

бұйымдардың, балық және көкөніс консервлерінің, майонез бен басқа да дайын тұздықтардың дәмін күшейту үшін цитрустардың жемістерінде, жидектерде, темекі дақылдарының сабақтарында, қылқандарда кездеседі.
Лимон қышықылы және лимон қышқылының тұздары (калий цитраты, натрий цитраты және кальций цитраты) тамақ өнеркәсібінде сусындардың , қолданылады.

Слайд 5 Консервант ретінде де лимион кышқылын қолдануға болады. Лимон

Консервант ретінде де лимион кышқылын қолдануға болады. Лимон қышқылын микроскопиялық Aspergillus

қышқылын микроскопиялық Aspergillus niger саңырауқұлағы дақылдарының көмегімен микробиологиялық синтез

жолымен алынады.Қазіргі уақытта жоғары өнiмдiлiке ие генетикалық түлендірілген A.niger микроағзасын алуға бағытталған зерттеулер жүргізілуде. Aspergillus niger –ді дақылдау үшін құрамында меласса (қант қызылшасын өңдеудегі өнiмі, соның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген) немесе глюкозасы бар қоректік орта қолданылады.Глюкоза өсімдік крахмалын өңдегендегі өнім болып табылады, алу кезінде генетикалық түрлендірілген өсімдіктер ( көбінесе жүгері мен картоп)қолданылуы мүмкін. өнеркәсіпте қолданылатын лимон қышқылының жартысын осимдик өнімдерінен, сондай-ақ химиялық синтез жолымен де алады.

Слайд 6 Лимон қышқылы- түссіз кристалдық зат,

Лимон қышқылы- түссіз кристалдық зат, судан моногидрат түрінде кристалданады:

судан моногидрат түрінде кристалданады:





Лимон

қышқылы табиғатта лимон шырынында, темекі жапырағында және т. б. кездеседі. Өндірісте оны глюкозаны ашыту арқылы (лимон қышқылдық ашу) алады. Лимон қышқылы тамақ өнеркәсібінде және фармакологияда қолданылады. Лимон қышқылының күрделі эфирлері пластификаторлар ретінде қолданылады.Табиғатта лимон қышқылы кеңінен таралған (кызылша, таңқурай, тұшала, жүзім, лимондарда оның қышқылы 6— 7% болады). Лимон қышқылы құрамды С6Н8О7 • Н2О кристалл түзеді балқу темп. 70—75° С.
Техникада лимон қышқылын ашыған глюкозадан немесе махоркадан алады.
Қыздырғанда β-оксиқышкыл тәрізденіп, аконит қышқылына айналады. Айдағанда суды және СО2 жоғалтады және жағдайғa байланысты цитрокан (I) және итакон (II) ангидридтері түзіледі:


Слайд 7 Күкірт қышқылымен әрекеттессе лимон қышқылы өзін α-ок-сиқышқылша көрсетеді:

Күкірт қышқылымен әрекеттессе лимон қышқылы өзін α-ок-сиқышқылша көрсетеді: құмырсқа қышқылын бөліп

құмырсқа қышқылын бөліп шығарады және ацетондикарбон қышқылын береді
Лимон қышқылы

тамақ өнеркәсібінде және бояу жұмысында, медицинада және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Слайд 8 Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН СН3(ОН)СООН – бір

Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН СН3(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы.

негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегі зат

алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады.

Слайд 9

Ең алғаш 1860 жылы француз ғалымы

Ең алғаш 1860 жылы француз ғалымы Л.Пастер: «Органикалық

қосылыстардың оптикалық активтігі олардың асимметриялы құрылысының нәтижесі», - деген жорамал айтты. Бұл жорамалды голландиялық Я.Вант-Гофф және француз А.Лебель тамаша дамытып, 1874 жылы біріне-бірі тәуелсіз бір мезгілде өздерінің тетраэдрлік теориясын жариялады. Бұл теория бойынша, оптикалық активті заттардың молекуласында төрт түрлі атомдар тобымен байланысқан кемінде бір көміртек атомы болуы керек. Осындай төрт түрлі атомдар тобымен байланыскдн көміртек атомьш асимметриялы көміртек атомы деп атады. Оксиқышқылдардың қарапайым өкілдерінің бірі – сүт қышқылы-ның формуласын қарайық:






Слайд 10 Мұнда орталық көміртек атомы сутекпен, карбоксил,

Мұнда орталық көміртек атомы сутекпен, карбоксил, гидроксил және метил топшаларымен,

гидроксил және метил топшаларымен, яғни төрт түрлі орынбасушылармен байланысқан.

Демек, сүт қышқылындағы орталық көміртек атомы асимметриялы (формулада оны жұлдызшамен белгілейді). Сондықтан сүт қышқылы оптикалық активтілік көрсетеді. Шындығында, табиғатта сүт қышқылының поляризацияланған сәуле әсерімен ажыратылатын үш түрлі формасы кездеседі.


Слайд 11
Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы

Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады.

өнімі болып саналады.
Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып,

сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.


Слайд 13 Сірке қышқылы, этан қышқылы, CH3COOH – бір негізді

Сірке қышқылы, этан қышқылы, CH3COOH – бір негізді органикалық қышқыл. Ол

органикалық қышқыл.
Ол өткір иісті, қышқыл дәмді, тұссіз сұйық.

Сусыз сірке қышқылының балқу t 16,75ӘС, қайнау t 118,1 ӘС, тығызд. 1,055 г/см3 (150С-та).

Слайд 14 ОКСИҚЫШҚЫЛДАР
Молекуласында карбоксил тобынан басқа бір

ОКСИҚЫШҚЫЛДАР  Молекуласында карбоксил тобынан басқа бір немесе бірнеше гидроксил топтары

немесе бірнеше гидроксил топтары бар карбон қышқылдарының туындыларын оксиқышқылдар

дейді.
Құрамындағы гидроксил және карбоксил топшаларының санына қарай оксиқышқылдар: оксикарбон (бір гидроксил, бір карбоксил бар), оксидикарбон (бір гидроксил, екі карбоксил бар), оксиүшкарбон (бір гидроксил, үш карбоксил бар), диоксикарбон (екі гидроксил, бір карбоксил бар), диоксидикарбон (екі гидроксил, екі карбоксил бар) болып бөлінеді.


Слайд 15 Изомериясы және номенклатурасы.
Оксиқьшқылдарда изомерияның үш

Изомериясы және номенклатурасы.  Оксиқьшқылдарда изомерияның үш түрі болады.1.Молекуладағы көміртек тізбегінің

түрі болады.
1.Молекуладағы көміртек тізбегінің тармақталуына қарай болатын тізбектік

изомерия.
2. Көміртек тізбегіндегі гидроксил (окси) тошпаның орналасу жағдайымен анықталатын жағдай изомериясы.Әдетте,гидроксил топшаның орнын грек әріптерімен (α,β,γ ) белгілейді.Соған сәйкес α -оксиқышқылдар, β -оксиқышқылдар, γ -оксиқьшқылдар және т. б. болады.
3. Оксиқышқылдарда кеңістік изомериясының бір түрі оптикалық изомерия жиі кездеседі. Ол өз алдына жеке тақырыпта қарастырылады.


Слайд 16 Халықаралық номенклатура бойынша оксиқышқылдарды сәйкес

Халықаралық номенклатура бойынша оксиқышқылдарды сәйкес карбон қышқылдарының атауларының алдына

карбон қышқылдарының атауларының алдына окси деген сөзді қойып атайды.

Рационалды номенклатура бойынша оксиқышқылдарды сәйкес карбон қышқылдарының окси туындылары ретінде атайды. Кейбір оксиқышқылдар,көбінесе, олардың табиғи көздеріне (сүт, алма және т.б.) қарай қойылған ескі тарихи атаулармен жиі аталады.


Слайд 18 Гликоль қышқылы- түссіз қристалдық зат,

Гликоль қышқылы- түссіз қристалдық зат, суда жақсы ериді.

суда жақсы ериді.
Табиғатта пісіп жетілмеген жемістердің,

мысалы, жүзімнің құрамында кездеседі. Синтетикалық гликоль қышқылын хлорсірке қышқылынан алады.Гликоль қышқылы органикалық синтезде қолданылады.
Сүт қышқылы — түссіз, өте гигроскопиялы қатты зат, бірақ, ол, әдетте, тұтқыр сұйық тәріздес болады.
Ең алғаш сүт қьшқылын 1780 жылы неміс ғалымы Шееле ашыған сүттің құрамынан тапқан, соған сәйкес ол сүт қышқылы деп аталды. Кейінірек, оның тамақтық өнімдердің ашуынан түзілетіні анықталды. Ол ашыған капустаның, тұздалған қиярдың, ірімшіктің және т.б. құрамында кездеседі.
Сүт қышқылының үш түрлі формасы бар: екі оптикалық антиподтар (энантиомерлер) және рацемат. Олардың нақты конфигурациясы анықталған: солға бұратын сүт қышқылы Д қатарға (R-конфигурация), оңға бұратын — L-қатарға (S-конфигурацияға) жатады.
Өнеркәсіпте сүт қышқылын қантты заттарды, мысалы, глюкозаны ашыту арқылы алады:


Сүт қьшқылы тамақ, былғары және тоқыма өнеркәсібінде қолданылады.


Слайд 19 Шарап қышқылдары — суда жақсы еритін,

Шарап қышқылдары — суда жақсы еритін, жағымды қышқыл дәмі бар,

жағымды қышқыл дәмі бар, түссіз кристалдық зат. Олардың молекулаларында

екі асимметриялы көміртек атомы бар. Әрбір асимметриялы атомға екі антипод және бір рацемат сәйкес келеді. Демек, шарап қышқылдарының төрт оптикалық изомерлері және екі рацематтары болуы керек. Бірақ шарап қышқылына оптикалық екі (+) және (-) изомерлер, екеуінің тең қоспасынан тұратын оптикалық активсіз рацемат (жүзім қышқылы) және оптикалық активсіз мезошарап қышқылы сәйкес келеді:


  • Имя файла: organikalyқ-қyshқyldardy-alu-tamaқ-өnerkәsіbіndegі-organikalyқ-қyshқyldardyң-tәzhіribelіk-mәnі.pptx
  • Количество просмотров: 119
  • Количество скачиваний: 1