Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Сал серілерпоэзиясы

Содержание

Ақан Сері
Сал серілер поэзиясы Ақан Сері Ақан СеріАқан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық – поэтикалық өнердің Ақан СеріКомпозитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында Ақан Серінің өлендері      БалқадишаҚызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Ақан Серінің өлендері         Құлагер Біржан сал (1834-1897) Біржан салБіржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 Біржан салӨмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан сал өлеңдеріЕр жігіт дүниені көргені артықЕр жігіт дүниені көргені артық,  Дүниеден Біржан сал өлеңдеріАл, дүние, өтеріңді біліп едімАл, дүние, өтеріңді біліп едім,  Білдірмей Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы Сегіз сері Мұхамедханафия БахрамұлыШығармашылық өміріСоғыс өмірі Қыз Жібек жыры 1/4Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады, Жанасалай сұлудың Қыз Жібек жыры 2/4Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген Қыз Жібек жыры 3/4Қыз Жібектің құрметі, Жиһаннан асқан сәулеті, Ләйлі-Мәжнүн болмаса, Өзгеден Қыз Жібек жыры 4/4Екі ғашық қосылып Әңгіме дүкен құрады, Екеуінің суреті Ләйлі-Мәжнүндей Үкілі Ыбырай Үкілі ЫбырайҮкілі Ыбырай Сандыбайүлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930) — Үкілі Ыбырай ШығармаларыЕл арасына кеңінен тараған Үкілі Ыбырай әндеріҚарақат көзҚарақат көзді ақ білек,          
Слайды презентации

Слайд 2 Ақан Сері

Ақан Сері

Слайд 3 Ақан Сері
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы

Ақан СеріАқан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық – поэтикалық

музыкалық – поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің ішінде ерекше орын

алады. Оның есімі халық есінде тек қана дарынды ақын және композитор ғана темес, сонымен бірге сирек кездесетін әнші ретінде де сақталған. Ақанның шын жүректен айтылған нәзік әндері тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, әр адамның жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын күшейте қабылдаған әннің ұзақ уақыт есте сақталуына еріксіз мәжбүр етеді..

Слайд 4 Ақан Сері
Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген

Ақан СеріКомпозитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының

жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты-

Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер – білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап – ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән — өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын — әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын – Ақан» деген атқа өте ертеден – ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал – серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал – серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның  «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.

Слайд 5 Ақан Серінің өлендері

Ақан Серінің өлендері   БалқадишаҚызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің

Балқадиша

Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің нәзік тал – Қадиша. Жиылған

осы тойға қалың қыздың, Ішінде қара басың – хан, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боласың қандай жанға жар, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша. Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.

Слайд 6 Ақан Серінің өлендері

Ақан Серінің өлендері     Құлагер әніЖел жоқса басы

Құлагер әні

Жел жоқса басы майда деймін
Ат

қостым, ат айдаушым, айда деймін
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды
Жығылмаса Құлагер қайда деймін

Ор болып қалушы еді шапқан жерің
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің
Атығай - Қарауылға олжа салған
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім

Құлагер құнанында керім еді
Нағашым сұрағанда беріп еді
Ат қоса Ерейменге барғанымда
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді


Слайд 7 Біржан сал (1834-1897)

Біржан сал (1834-1897)

Слайд 8 Біржан сал
Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші,

Біржан салБіржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834

композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында

дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Осындай өнер майталмандары арқылы біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.

Слайд 9 Біржан сал
Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы

Біржан салӨмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі

талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да

қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.


Слайд 10 Біржан сал өлеңдері
Ер жігіт дүниені көргені артық

Ер жігіт

Біржан сал өлеңдеріЕр жігіт дүниені көргені артықЕр жігіт дүниені көргені артық, 

дүниені көргені артық,  Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей

аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық. Қол берген қиын жерде жолдас артық, Бас тартқан жолдасынан болмас артық. Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген, Досыңнан - қатын - балаң болмас артық. Жігітке сайран етіп жүрген артық, Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып. Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше, Жан - тәнің бірдей жанып күйген артық. Осылай бозбалаға салдым ңұсқа, Өмірің зайғы болар бекер босқа. Көргенің бір күнгідей болмас сірә, Міне, ажал келді нәубат деген тұста.

Слайд 11 Біржан сал өлеңдері
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім
Ал, дүние,

Біржан сал өлеңдеріАл, дүние, өтеріңді біліп едімАл, дүние, өтеріңді біліп едім, 

өтеріңді біліп едім,  Білдірмей серілік пен жүріп едім. Бұл күнде арық

қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Қара су есік алды ылайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды. Қамзалдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр - айланды. Ағаш үй от жаққаным қобылы пеш, Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш. Теміртас, Асыл, Ақық - екі қарғам, Байлаулы арқандағы қолымды шеш. Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап, Ежелден мирас екен зарлап қалмақ. Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер, Дұғасын оқи берсін әдейі арнап. Ел кездім Көртөбелмен арықтатып, Жақсыға сөз сөйледім анықтатып, Үш жүздің ортасында Біржан едім, Бұл күнде қойды құдай шалықтатып. Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті, Кем қылмай өсіріп ем салтанатты. Әкең ем аяйтұғын жаның ашып, Шешсеңші, білегіме арқан батты!

Слайд 12 Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы

Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы

Слайд 13 Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы

Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы

Өмірбаяны
Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақтартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген.

Слайд 14 Сегіз сері Мұхамедханафия Бахрамұлы
Шығармашылық өмірі
Соғыс өмірі "Қашқын келбеті"

Сегіз сері Мұхамедханафия БахрамұлыШығармашылық өміріСоғыс өмірі

деген дастанында өлеңмен баяндалған. Ақмешітке келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы

елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін ага сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандагы қазіргі Жамбыл ауданынақарайтын Гүлтөбе — Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаган Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.
Серілік, салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Муса, Үкілі Ыбырай, Нүржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі Жаманқүл Дәндібайүлы; "'Елу бес өнін Сегіздің өзім елге тараттым", "Қырық бес күйін Сегіздің тартып бердім әр жерде", "Тарап кетті халыққа жүзден астам..." — деп жырлаған. Соған Караганда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бүрынғыша "халық әні" делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада", "Ақбүлақ" атты жыр-толгаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сүлу", "Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нүсқаларын Жүсіпбек Шайхысламүлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.[2]


Слайд 15 Қыз Жібек жыры 1/4
Көш алдына қараса, Бір қыз

Қыз Жібек жыры 1/4Көш алдына қараса, Бір қыз кетіп барады, Жанасалай

кетіп барады, Жанасалай сұлудың Қасына жетіп келеді, Төлеген мырза

көреді, Көш алдында сұлудың Он қыз нөкер қасында, Өзі он бес жасында. Ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзі жарқылдап, Алтын шашбау шашында. Қырық нарға жүк арттырып, Қымқап зерлі кілемді Жүк үстіне жаптырған. Қазыналы қырық нарға Жібектен арқан тарттырған. Әсемдіктің бәрін де Бұл жиһаннан арттырған. Дүрия бешпент бел ЩЕЩЕН амысалып Бұл дүниені кең салып, Алтынды қамшы қолға алып, Абжыландай толғанып, Бұралып кетіп барады, Жын соққандай теңселіп, Осы екен, деп Қыз Жібек, Жетіп келді қасына, Базарбайдың Төлеген. Артынан келді Қаршыға: "Жібек емес" деген соң, Онан да өтіп жөнеген. Тау басында қарағай, Төлегеннің мінезі Болып кетті баладай. Осындай болып әр жерден Он бір қыз өтті сәулетпен Бәрі де қалды жарамай.

Слайд 16 Қыз Жібек жыры 2/4
Жырда қыздардың келбеті өте шебер

Қыз Жібек жыры 2/4Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген

суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады.

Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.

Слайд 17 Қыз Жібек жыры 3/4
Қыз Жібектің құрметі, Жиһаннан асқан

Қыз Жібек жыры 3/4Қыз Жібектің құрметі, Жиһаннан асқан сәулеті, Ләйлі-Мәжнүн болмаса,

сәулеті, Ләйлі-Мәжнүн болмаса, Өзгеден артық келбеті. Үш қызы бар

қасында-ай, Өзі он төрт жасында-ай, Кебісінің өкшесі Бұхардың гауһар тасында-ай, Ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзі жарқылдап, Алтын шашбау шашында-ай. Қыз Жібектің дидары - Қоғалы көлдің құрағы, Көз сипатын қарасаң - Нұр қызының шырағы, Дүри гауһар сырғасын, Көтере алмай тұр құлағы, Бой нұсқасын қарасаң Бектер мінген пырағы. Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай, Ақ бетінің қызылы Ақ тауықтың қанындай, Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай, Білегінің шырайы Айбалтаның сабындай. Төсінде бар қос анар Нар бураның санындай, Оймақ ауыз, құмар көз Іздеген ерге табылды-ай. Өткірлігін байқасаң Ұсталар соққан кетпендей. Нұр тұқымын еккендей, Екі ауыз сөз сөйлескен Мұратына жеткендей. Тірісі түгіл Жібектің Өлігіне адам қайырылып Бетінен келіп өпкендей. Қыз Жібекті Төлеген Ақылменен танып тұр, Көз мейірі қанып тұр, Бейіштен жанған шамшырақ, Көзі жайнап жанып тұр, Белі нәзік талып тұр. Тартқан сымнан жіңішке Үзіліп кетпей неғып тұр?

Слайд 18 Қыз Жібек жыры 4/4
Екі ғашық қосылып Әңгіме дүкен

Қыз Жібек жыры 4/4Екі ғашық қосылып Әңгіме дүкен құрады, Екеуінің суреті

құрады, Екеуінің суреті Ләйлі-Мәжнүндей болады. Екі бекзат қосылып Күндей

балқып толады, Екеуінің нұрына Көрген жанның бәрі де Тамаша қайран қалады. Ойын-күлкі сәулетпен, Жездеңіздің қасында, Кеш батқанша отырды, Кеш баткан соң апаңыз Күйеуге төсек салады, Төсекті жайлап салған соң, Жатар мезгіл болған соң, Жездеңіздің мойнына Асыла барып құлады... Ендігі сөздің қысқасы, Айтушы ердің ұстасы, Біз де соны айтамыз Бұрынғылардың нұсқасы. Сығалап жатқан ақ берен Қалаған жерден ұрады, Қаршыға ілген үйректей Жұмарлап мойнын бұрады. Тебетейін сындырып, Көңілдері тынады...

Слайд 19 Үкілі Ыбырай

Үкілі Ыбырай

Слайд 20 Үкілі Ыбырай
Үкілі Ыбырай Сандыбайүлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы,

Үкілі ЫбырайҮкілі Ыбырай Сандыбайүлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930)

Володарский ауданы — 1930) — қазақтыңхалық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық

халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.

Слайд 21 Үкілі Ыбырай Шығармалары
Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні

Үкілі Ыбырай ШығармаларыЕл арасына кеңінен тараған

Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың

жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.

  • Имя файла: sal-serіlerpoeziyasy.pptx
  • Количество просмотров: 120
  • Количество скачиваний: 1
- Предыдущая С днюшкой)))