Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему 12 жылдық білім беру жүйесінің психологиялық маңызы

12 жылдық білім беру жүйесіне 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарын анықтау.
12 жылдық білім беру жүйесінің психологиялық ерекшеліктері 12 жылдық білім беру жүйесіне 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарын анықтау. (баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы анықтайтын әдістеме)Керн – Йерасек әдістемесі Біздің көзқарастарымыз бойынша методика құрылымы бойынша баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы қандай - Біріншіден, көп уақытты талап етпейді.- Екіншіден, топтың және жеке зерттеулерде де Алған нәтиже-қорытындылар баланың жалпы психикалық дамуынан хабардар етеді: моторикасының дамуы, үлгі бойынша Оқытуға дайындығын тексеру әдістемесі.Керн – Йерасеканың «мектепке жетілу» бағытталған тестісін қолдануға нұсқаулық 1 Тапсырма. Ер адамның фигурасын салу.1 ұпай- фигураның басы, денесі, қол аяғы 1. Толық аты-жөніңді айт.2. Ата-анаңның толық аты жөндерін ата.3. Сен ұлсың ба
Слайды презентации

Слайд 2

12 жылдық білім беру жүйесіне
1

12 жылдық білім беру жүйесіне 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарын анықтау.

- сынып оқушыларының
психологиялық дайындықтарын анықтау.


Слайд 3

(баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы анықтайтын әдістеме)
Керн

(баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы анықтайтын әдістеме)Керн – Йерасек әдістемесі

– Йерасек әдістемесі


Слайд 4 Біздің көзқарастарымыз бойынша методика құрылымы бойынша баланың мектепке

Біздің көзқарастарымыз бойынша методика құрылымы бойынша баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы

оқуға
психологиялық даярлығы қандай екенін дұрыс
анықтау мақсаты тұр.

Бұл мақсатта комплексті методикалар қолдануға болады.
Бұл методикалар комплексіне жататындар:
- Керн Йерасека тесті-баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау жағдайы,
- Психологиялық-әлеуметтік деңгейін анықтаудағы әңгіме-тесті С.А. Банкова бойынша.
- Кабылдау деңгейін зерттеу ( көру және есту )
- Ес процесін зерттеу (есте сақтау-сөздік-логикалық)
- Ойлау зерттеу (ойлау операцияларының қалыптасу деңгейі, іс-әрекеттегі қимылы, көрнекі-образдық ойлау)
- Зейннін зерттеу (фигуралық таблицалар)
Қолдың нәзік моторикалық даму деңгейін зерттеу (графикалық диктант, қол саусақтарының
координациялық даму деңгейінің жылдамдығын оқып-білу).
Керн Йерасека тесті
А.Керн өз тұжырымдасында мынандай жағдайларды ұсынады:
1. Физикалық және психикалық дамудың арасында тығыз байланыс болады.
2. Бала мектеп талаптары жасына келгенде оның түсінігі, санасы бірінші кезекте ішкі процесстерге байланысты,
3. Негізгі көрсеткіш-саралап қабылдауының даму деңгейі-образдың қабілетін көрсетеді.
4. Оқу үлгерімінің төмендігі тек ақыл-ой дамуының жетіспеушілігінен ғана емес, сондай-ақ оның мектепке
білім алуға даяр емес екендігінде де.
Керн 1961 «Проблема второгодничества и готовность к школе» еңбегінде былай дейді: « Егер біз баланың
мектепке дайындығын тезірек анықтап, егер ол дайын болмаса оның толық дамуы қалыптасқанша байқап
көрейік, осындай жағдайда ғана бала мектепке тез қалыптасып және сәтті аяқталады... Егер біздің
пікіріміз дұрыс болса, мектепке білім алуға дайын емес деп есептеген бала мектепке 1 жылдан кейін
қабылданып, физикалық, психикалық даму деңгейі толық, эффект құрылымына сай, орташа немесе
жақсы оқу үлгеруіне жететін.
Бірақ Керн пікірі теріске шығарылды. Физикалық және психикалық жағынан даму деңгейі мектепке дайындығы
соншалықты тығыз байланысты емес. Оқу үлгерімі көп жағдайға дейін мектепке дайындығына байланысты
емес ол ақыл-ой дамуына негізделген. Мектеп талаптарын орындауға дайын емес балаларды мектепке
дайындау қажеттігі жоқ. Я. Йерасеканың мектепке дайындығын бағдарлау тесті А.Керннің
модификациялық тесті баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау үшін қолданды.
Бұл тест баланың ақыл-ой даму деңгейін, қол қимылын дамыту деңгейін, көру және
қол қимылының координациясын анықтап бағалауға бағыт береді. Бұл тестің көптеген пайдалы жағы:

Слайд 5 - Біріншіден, көп уақытты талап етпейді.
- Екіншіден, топтың

- Біріншіден, көп уақытты талап етпейді.- Екіншіден, топтың және жеке зерттеулерде

және жеке зерттеулерде де қолдануға болады.
- Үшіншіден, тестің сенімді

нормалары бар, көп тандаудан өткен.
- Төртіншіден, зерттеуді жүргізу арнайы жағдайды талап етпейді.
- Бесіншіден, зерттеуші психшюгқа бала жөнінде толық аңпарат бере алады.
Керн Йерасека тесті үш тапсырмадан түрады: ер адамның бейнесін салу, жазу өріптеріне еліктеу, нүктелерді қайта көшіру қатесіз. Я.Йерасек 4 тапсырманы қосты, ол берілген 20 сұраққа баланың жауап беруі
Әр балаға парақ қағаз, 2-нші және 3-нші тапсырмалардың үлгілері берілген қағаз таратылады. Барлық үш тапсырма да қолдың нәзік моторикалық қимылына талап етеді.
№ 1 нші тапсырма: ер адамның бейнесін сал тапсырманы орындауын бағалау
1 балл - дененің басы, кеудесі, аяғы болу керек. Бас,кеудесімен мойын арқылы бірігуі қажет,басы кеудесінен үлкен болмау керек. Басында малақай немесе шаш, қүлақ, бетінде-көз,мұрын, ауыз болу керек. қолдарының бес саусағы болу қажет.Ер адамның киімі болу керек.
2 балл - 1 нші пункттегідей барлық талаптар орындалса,тек үш бөлгісі жоқ болса (мойын,шаш,қолдың бір саусағы)
3 балл - суретте бас, кеуде, аяқ жағы бейнеленген.
Аяқтары мен қолдары қосарланып сызылған, мойны, шашы, құлағы, киімдері, саусақ, бақайлары жетіспесе
4 балл - тек кеуде-тұлғасы бейнеленген. Аяқ жағы тек қарапайым сызықтармен салынған.
5 балл - кеуде тұлғасы анық бейнеленбеген.
Салынған бейненің көлемі бойынша, баланың жеке ерекшелігін байқауға болады: өзіне сенімді балалар суретінің бейнелерінің көлемі үлкен. Ал өзіне сенімсіз балалардың бейнелері кішкентай болады.
Егер 5 жасар бала бейнеде ауыз, немесе көзін салмаса бұл оның дамуындағы үлкен кемшілікті керсетеді, Әсіресе қарым-қатынаста тұйықтық белгісі байқалады.
Сурет детальдары үлкен болған сайын, баланың психикалық даму деңгейі де жоғары болады. Сондықтан да б жастан жоғары бала суреттің бір бөлігін (бас, көз, ауыз, мұрын, қол, аяқ, кеуде) салмаса, онда оның психикалық дамуына көңіл бөліп, қандай кемшілігі бар екенін зерттеу керек.
№ 2 тапсырма: Мына әріптерге қарап ал да, тура осындай қылып қасына жаз. Мысалы сөз тіркесін немесе күрделі сөйлем (ол тамақ ішті) Әріптер көлемі тігінен бір сантиметр, бас әріп үшін 1,5 см. Егер баланың сөзі бір жолға сыймаса, онда балаға кеңес беру керек.
2 -тапсырманың тақырыбы: "Жазылған әріптерге еліктеу"
1 балл - үлгі бойынша нақты дұрыс жазғанда. әріптердің көлемі сай, бірінші әріптің көлемі де үлгі бойынша болса.
2 балл - нақты, анық. Әріптер көлемі көлденең сызықтар аралығы сақталмаған.
3 Балл - 3-4 әріпті дұрыс жазған.
4 Балл - 2 әріп дұрыс жазылған. Көшірменің үқсастығы бар.
5 Балл - каракул сызықтар.
№ 3 тапсырма: «Нүктелерді үлгідегідей етіп көшір.
Нүктелердің аралығы көлденеңі мен тігінен 1 см, диаметрі-2 мм.
Үшінші тапсырманың орындау барысы: «Нүктелерді дұрыс көшіру»
1 балл- үлгі бойынша жазылған. Тек 1 нүктенің айырмашылығы бар. Нүктенің көлемі дұрыс.
2 балл - нүктелер саны мен орналасу тәртібі дұрыс З нүктенің орындалуында айырмашылық бар.
3 балл - нүктелер саны мен орналасу тәртібі дұрыс емес.Көлемі жағынан екі есе үлкен. 20 дан 7-ге нүктелерге дейін қате.
4 балл -үлгіге кішкене ғана ұқсайды. Нүктелік көлемі, саны дұрыс емес.
5 балл - жай каракул сызықтар.
Тапсырмаларды жеке орындау барысында зерттеудің нәтижесі анықталады.Баланың мектепке дайындық деңгейі: 12-15 балл - өте төмөн деңгей 9-11 балл - төмен 7-8 балл - орта 3-6 балл - жоғары

Слайд 6 Алған нәтиже-қорытындылар баланың жалпы психикалық дамуынан хабардар етеді:

Алған нәтиже-қорытындылар баланың жалпы психикалық дамуынан хабардар етеді: моторикасының дамуы, үлгі

моторикасының дамуы, үлгі бойынша тапсырманы орындай алушылығы қорта айтсақ

жалпы психикалық процесстердің ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік қасиетік зерттеу барысында, операцияның дамуына төртінші тапсырмаға К.Йерасека сауалнамасының орнына С.А.Банкова әңгімелесуінің сұрақтары:
1. Толық аты-жөніңді айт.
2. Ата-анаңның толық аты жөндерін ата.
3. Сен ұлсың ба әлде қыз баласың ба? Сен өскенде аға әлде тәте боласың ба?
4. Сенің аға-әпкелерің бар ма? Қайсысы үлкен ?
5. Сенің жасың нешеде? Бір жылдан кейін нешеде боласың? Екі жылдан кейін нешеде боласың?
6. Қазір таңертең бе әлде кеш пе?(Күндіз бе әлде түн бе? )
7. Сен қай уақытта тамақтанасың кешке ме әлде таңертең бе? Қай уақытта түстенесің таңертең б, әлде күндіз бе? Қайсысы бұрын болады түскі ас әлде кешкі ас?
8. Қайда тұрасың. Тұратын үйіңнің мекен-жайын айт?
9. Сенің ата-анаңның жұмыстары қалай аталады?
10.Сурет салғанды ұнатасың ба? Мына қарындаштың түстері қандай?
11.Қазір жылдың қай мезгілі ? Неге сен олай ойлайсың?
12. Шанамен қай мезгілде сырғанауға болады? Қыста ма әлде жазда ма?
13.Қар неге жазда болмай қыста болады?
14.Мұғалім, дәрігер, пошташы не істейді?
15.Қоңырау мен парта мектепке не үшін қажет?
16.Сен мектепке барғың келе ме?
17.Оң көзіңді, сол құлағыңды көрсетші ? Көз бен құлақ не үшін қажет?
18.Қандай хайуанаттарды білесің?
19.Қандай құстарды білесің?
20.Қайсысы үлкен: сиыр ма әлде ешкі ме? Құс па әлде ара ма?
21.Қайсы үлкен: 8 әлде 5,7 мүмкін 3. Үштен алтыға дейін сана. Тоғыздан екіге дейін кері сана.
22.Бөтен затты байқамай сындырып алсаң не істеу керек?
Жауаптарды бағалау:
1. Бір пункт бойынша барлық сұраққа дұрыс жауап берсе онда бала 1 балл (контрольды жауапты есептемегенде )
2. Сұрақтар пунктіне бала толық жауап бермесе 0,5 балл
3. Сұрақ бойынша мынандай жауап берген жағдайда ғана дұрыс деп есептелінеді: Әкем инженер болып істейді. Әтештікіне қарағанда иттің құйрығы үлкен. Мынандай типте жауап берсе, ол қате болып есептелінеді, мама Жанар, папа жұмыста жұмыс істейді.
4. Контрольды сұрақтар: 5,8,15,22. Олар төмендегідей бағаланады:
№ 5- егер бала өзінің жасын дұрыс айтса 1- балл егер ол айымеи айтатын болса - 3 балл
№ 8 - үйінің адресін, тұратын қаласын толық айтып берсе – 2 балл. Толық болмаса -1 балл.
№ 15- мектеп атрибуттарын дұрыс атап берген жағдайда - 1 балл
№ 22- дұрыс жауап үшін - 2 балл
5. 16 пункт 15 және17 пунктармен бағаланады егер 15нші пункт бойынша бала 3 балл жинаса онда Іб ншы пункте дұрыс жауап берді. Бұндай жағдайда протоколға мектепке оқуға мотивациясы жағыңцы деген диагноз қойылады (жалпы балл 4-тен төмен болмауы керек ).
Әңгіме қорытындысын бағалау: егер бала 24-29 балл жинаса онда ол- мектепке дайын. 20 -24 балл - орташа дайын 15 -20 балл - өте төменгі деңгейде.
Жалпы білім беретін мектепке келген баланы зерттегеніміз А.Керннің тезисімен негізделеді: баланы мектепке беруге асыңпау қажет,оның даму деңгейі жоғары дәрежеге жеткенше. Бұл проблема бүгінгі күнде өте актуальды.

Слайд 7 Оқытуға дайындығын тексеру әдістемесі.
Керн – Йерасеканың «мектепке жетілу»

Оқытуға дайындығын тексеру әдістемесі.Керн – Йерасеканың «мектепке жетілу» бағытталған тестісін қолдануға

бағытталған тестісін қолдануға нұсқаулық
Балаға (бір топ балаға) парақ

қағаз беріледі, оның бетінде баланың тегі, аты-жөні және туған жылы жазылып
бірінші тпсырманы орындауға орын қалдырылады. Карандаш баланың алдына сол қол немесе оң қолмен алуға
ыңғайлы етіліп қойылады.
Бірінші тапсырманың ңұсқаулығы беріледі: « Мына арада қандайда бір ағайдың суретін сал деп (көретіледі),
өзін білгенінше сал». Әрі қарай жәрдем беру, түсіндіру қателігін түзету сияқты еш нәрсе жіберілмейді. Егер де бала
қалай салу керек деп сұрай бастаса, еш нәрсені анықтамай жәй өзін білгенінді немесе мүмкінінше сал деп жауап
қайтар.
Тәтейдін суретін салуға болама деген сұраққа, барлығы ағайдын суретін салып жатыр, сенде соны сал деу керек.
Ал егерде бала әйел адамның бейнесін салса, соны аяқтатып, қасына ер адам бейнесін салуды сұрау.
Сурет салынып болған соң, қағазды аударып 2 тапсырма деген үлгідегі сөйлемді қайталау және 10 нүкте
конфигурациясын (3 тапсырма) салуды сұраймыз.
Екінші тапсырма келесі түрде сипатталады: «мына арада бір нәрсе жазылып тұр. Сен әлі жаза алмайсын,
сонда да соны жазып көрші қатарына».
Егерде бала сызық жолынан шықса онда оны төмен немесе жоғары жазуды еске түсіреміз.
Үшінші тапсырманы түсіндіруде: «Мына арада нүктелер салынған. Қатарына осы нүктелерді салып көрші».
Бұл жағдайда балаға қай жерге салу керегін көрсеткен жөн, яғни кейбір баланың зейіннің шоғырлануы әлсірейді.
Әр уақыт балалардың сонынан бақылаған және әрекет-қылығы жайлі қысқаша шолу жазған жөн. Ең алдымен бала
қай қолымен жазуын, жұмыс барысында қолындағы қарындашын екінші қолына ауыстыратынына назар аудару
қажет. Бала орнында қозғала ма, қарындашы қолынан түспей ме, жұмыс кезінде мақтау керек пе, үлгінің үстінен
қайта жүргіземе т.б. сияқты әдет-қылық бар ма екеніне көніл аудару.
Нәтижені бағалау келесі нұсқалық бойынша жүреді.
Әр тапсырма 1 ұпай (өте жақсы)- дан 5 ұпайға (өте нашар) дейін бағаланады.
Бағалау критериясы 5 ұпайлық жүйе бағалау критериясымен өтеді.
Суретте тапсырма үлгілері берілген.



Слайд 8 1 Тапсырма. Ер адамның фигурасын салу.
1 ұпай- фигураның

1 Тапсырма. Ер адамның фигурасын салу.1 ұпай- фигураның басы, денесі, қол

басы, денесі, қол аяғы болу керек. Бас денемен мойын

арқылы жалғасады (мойын денеден жуан болмау керек). Басында шаш (бас киім болуы мүмкін), құлақ, бетінде көз, мұрын, ауыз салыну керек.
Қолында саусақтар салыну қажет. Ер адамның киімі салынады. Сурет синтетикалық тәсілмен жасалады.
2 ұпай- синтетикалық тәсілден өзгенін бәрі 1 ұпайға сай болу керек.дененің үш бөлігі болмауы да мүмкін:
мойын, шаш, бір саусақ, бірақ бетіндегі элементтер түгел.
З ұпай – суреттегі фигурада бас, дене, қол-аяғы, қол –аяғы екі сызықпен салынған. Құлақ, шаш, киім, саусақтар, табан жоқ.
4 ұпай – бас пен дененің қарапайым суреті. Қол-аяғы бір сызықпен салынған.
5 ұпай – дене және аяқ-қол түсініксіз, адам бейнесіне ұқсамайды.
2 тапсырма. Жазылған мәтіннің имитациясы.
1 ұпай – оқи алатындай имитация. Әріптер үлгіден қарағанда екі есе үлкен болуы мүмкін.
2 ұпай- сөйлемді оқи алуға болады. Әріптердін көлемі үлгіге жақын. Графикалық дұрыстық міндетті емес.
З ұпай- әріптер екі топқа бөліну керек, төрт әріпті оқи алатындай.
4 ұпай- үлгімен екі әріп болсын ұқсайды. Барлық топ «жазу» ұқсайтындай ғана сипаты бар.
5 ұпай- каракули.
3 тапсырма. Бір топ нүктені көшіріп алу.
1 ұпай- үлгіні тура жанғырту. Бір нүкте бағана шеңберінен шығуы мүмкін. Үлгіден бір жарым есе үлкен болуы мүмкін.
2 ұпай – нүктенін саны мен құрамы үлгіге сай келу керек. Үш нүкте 0,5 сызықтан төмен түсуі мүмкін.
З ұпай – үлгіге ұқсас жалпы бейнесі. Биіктігі мен жалпақтығы үлгіден екі есе артық болады. Нүктелердін саны жетіден кем жиырмадан көп болмау керек. Кейбір орындары 180° алмастырылуы мүмкін.
4 ұпай - сурет үлгіге жалпылай ғана ұқсайды, нүктеден тұрады.Биіктігі, көлемі манызды емес.
5 ұпай- каракули.
Алынған нәтижелерді бағалау. Тестілік тапсырма бойынша баланың жұмысын талдауда, мұғалім мынадай шешімге келеді.
Үш тапсырманы орныдауда 3-5 ұпай алған балалар, сөзсіз мектеп бағдарламасын атқара алады және мектепке алуға болады.
Егерде бала 6-9 ұпай алса, оқытушы баланың ата-анасына жазғы тапсырма беру қажет, арнайы тапсырма беру керек.
Егерде сыналушы тестік тапсырмадан 10 және оданда жоғары ұпай алса, оқытушы баланың басқа да әрекет-қылығымен, бақылауымен, тапсырманы орындаубарысында баламен әңгімелесу кезін салыстыру қажет.
Бұндай балаларды мектепке алу мұғалімдердің, дәрігердің, ата-аналардың, әкімшіліктін пікірімен есептесіп шешім қабылданады.
Егерде оң шешім қабылдаған жағдайда ата-ана алдына баланы әрі қарайдамыту бойынша айқын міндеттер қойылады. мұндай оқушылармен ілгері дамыту жұмысында, жеке жұмыс және психологтар ұсынысына сүйенеді.
Тестік тапсырмадан 15 ұпай алған балалар үшін арнайы медико-педагогикалық зерттеу қажет. Мұғалім такт, ықылас қоя біліп, жарымжан деген «белгі жапсырмау» керек және ата-аналарын сыпайылықпен тексеріс нәтижесін жеткізу қажет.




  • Имя файла: 12-zhyldyқ-bіlіm-beru-zhүyesіnің-psihologiyalyқ-maңyzy.pptx
  • Количество просмотров: 168
  • Количество скачиваний: 0