Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдықтың бұзылыс түрлері

Содержание

Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті.
Тақырыбы: Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдықтың бұзылыс түрлері. Зерттеу әдістері Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан Сезімталдық түрлері  Жалпы сезімталдық•	қарапайым•	беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдарыМи қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш Екінші нейрондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат Көру төмпешігі сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан, секреция және ми қан Терең және беткей сезімталдық жолдары Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 Терең сезімталдықты тексеру Бұлшык ет - буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу. Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе Екі өлшемді-кеністікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв 1.	Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген 6.	Сикар симптомы. Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.7.	Бонн симптомы. Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл Захарьин-Гед шағылысқан ауырсыну аймақтарыІшкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін
Слайды презентации

Слайд 2
Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе

Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен

өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата

отырып жауап беру қасиеті.

Слайд 3 Сезімталдық түрлері
Жалпы сезімталдық
• қарапайым
• беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық,

Сезімталдық түрлері Жалпы сезімталдық•	қарапайым•	беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді•	терең

тактильді
• терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі,

салмақ сезімі
• интероцептивті – хемо- және барорецепция

Күрделі
. Екі өлшемді кеңістік сезімі, орналасу сезімі, дискриминация сезімі, стереогноз

Арнайы сезімталдық
• көру
• есту
• иіс сезу
• дәм сезу


Слайд 7
Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдары
Ми қыртысына сезімталдық

Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдарыМи қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар

импульстерін жеткізетін жолдар үш нейроннан тұрады. Жалпы сезімталдықтың барлық

түріне қатысты бірінші нейронның клеткалары жұлын түйіні мен V, VI және X бассүйек ми нервтерінің астындағы түйіндеріне орналасқан. Түйіндердегі нерв клеткалары бір бұтақты псевдоуниполярлы болады да клетка денесіне жақындағанда екіге бөлінеді.
Клетканың сыртқы тармағы (дендрит) сыртқы (шеткі) нерв жүйесінің құрамында рецепторларға келеді, ал орталық тармағы (аксон) артқы түбіршек арқылы жұлынға барады. Жұлында түрлі сезімділіктер жоғары қарай әр түрлі жолдармен өтеді (көтеріледі). Ауырсыну, температуралық және жартылай жанасу сезімталдық талшықтары жұлынның артқы мүйізіне кіреді де қабылданған им-пульс екінші нейронға ауысады.

Слайд 8 Екінші нейрондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да

Екінші нейрондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр

олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің

тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп, ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында аяқталады.
Терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы:: діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған
талшықтар Голль және Бурдах будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар. Екінші неврондардың аксондары төменгі олива деңгейінде айқасып, медиалдық тұзақ түрінде байланады да үстірт сезімталдық жолымен тоғысады және көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода аяқталады.
Медиалдық тұзақта терең сезімталдық өткізгіштері ортасына (ішіне) қарай, ал үстірт сезімділік өткізгіштері сыртьша қарай орналасады. Медиалдық тұзақтың өне бойында гипоталамус құры-лымдарына, торлы формацияға және бас-ми нервтерінің ядрола-рына бағытталған қосымшалар шығады.

Слайд 9 Көру төмпешігі сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан,

Көру төмпешігі сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан, секреция және ми

секреция және ми қан тамырлары жүйелерімен көптеген байланыстары арқасында

шартты рефлекстердің іске қосылуында алатын орны ерекше.
Көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода жалпы сезімталдықтың барлық түрлерінің үшінші нейрондарының клеткалары бар. Олардьщ аксондары көру төмпешігі - ми қыртысы шоғырына айналады.
Бұл шоғыр ішкі капсуланын артқы бөлігінен өтіп, сәулелі шеңбер тәрізденіп (согопа гасііаіа) ми қыртысының самай бөлігіне, көбіне артқы орталық ирелеңіне (1, 2, 3, 5, 7 полялар) бағыт алады. Осы тұста ми қыртысының екінші және төртінші қабаттарына (сыртқы және ішкі бүртікті қабаттар) орналасқан ми қыртысы клеткаларында барлық сезімділік жолдары аяқталады.
Сезімталдық жолдарының әрқайсысы бір реттен айқаса өтетіндіктен олар дененің оң немесе сол жағын ми жарты шарларының қарама-қарсы жартысымен байланыстырады. Дененің жарты бөлігі мидың артқы орталық ирелеңіне төңкеріліл қабылданады.

Слайд 10 Терең және беткей сезімталдық жолдары

Терең және беткей сезімталдық жолдары

Слайд 11 Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы

Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы

Слайд 13 Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың,

Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір

дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл

түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.

Слайд 14 Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40

Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға

градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған

дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады.

Слайд 15 Терең сезімталдықты тексеру
Бұлшык ет - буын сезімталдығы.

Терең сезімталдықты тексеру Бұлшык ет - буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол-аяғының

Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай

қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.

Слайд 16 Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам

Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге

денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры,

омыртқалардың қылқанды бұтақтары (тармақтары, өсінділері), біз тәрізді өсінділер, шынтақ өсіндісі, бұғана, бас сүйектегі еміздік тәрізді өсінді) жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялык екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін.

Слайд 17 Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір

Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын

бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы

аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.
Салмақты сезіну. Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.

Слайд 18 Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр

Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап,

тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының

қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.

Слайд 19 Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына

Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу. Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта

бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы

тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады.

Слайд 20 Екі өлшемді-кеністікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне

Екі өлшемді-кеністікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым

цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау

адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.
Стереогаостикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді.

Слайд 22 Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті

Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл

қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезінде болады, оны

тартылу симптомы деп атайды

Слайд 23 1. Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын

1.	Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары

өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай

нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).
2. Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.
3. Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.
4. Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сыр-каттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
5. Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауыр- сыну білінеді.


Слайд 24 6. Сикар симптомы. Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві

6.	Сикар симптомы. Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.7.	Бонн

бойы ауырсыну білінеді.
7. Бонн симптомы. Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын

иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.
8. Турын симптомы - аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.
9. Брагард симптомы - жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буы-нында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.
10. Френц симптомы. Еңкейген басты қарама-қарсы жағына ұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі. Түшкіргенде, жөтелгенде және басты қарама-қарсы жағына бұрғанда ауырсыну күшейеді. Созылып тұрған қолды артқа қарай бұрып, шұғыл көтеріп қалғанда ауырсыну күшейеді. Бұл симптом аяқта тексерілетін Ласег симптомына үйлеседі.

Слайд 26 Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл

Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв

кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.
Перифериялық

полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.
Перифериялық түбірлік - дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.
Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.

Слайд 27 Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды.

Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың

Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады –

гемитип, гемианестезия.
Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады.

  • Имя файла: sezіmtaldyқ-zhүyesі-sezіmtaldyқ-analizatorynyң-anatomo-fiziologiyalyқ-erekshelіgі-sezіmtaldyқtyң-bұzylys-tүrlerі.pptx
  • Количество просмотров: 96
  • Количество скачиваний: 0