Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему по историю на тему Культура Казахстана

Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті(1991-2012 ж.ж.)Орындаған: 0721 топ студенті Ақташев Б.Т. Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық Бірінші кезеңБірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.	Біріншіден Екінші кезеңҚазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.Еліміздің өткен тарихын
Слайды презентации

Слайд 2 Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында

Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің

Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта

жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.

Слайд 3 Бірінші кезең

Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді

Бірінші кезеңБірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі

этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті

құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды. Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.

Слайд 4 Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп

Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі

жариялаудың объективті қажеттілігі болды.

 Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық

мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.

 Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды.

 Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды.

Слайд 5 Екінші кезең
Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы

Екінші кезеңҚазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан

қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан

халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру

Слайд 6 Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім

Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана

алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер

әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
 Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
 этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
 менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.

Слайд 7 Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат

саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

 азаматтардың шығармашылық қызметінің

еркіндігі;
 мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;
 тарихи-мәдени мұраны қорғау;
 ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
 мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
 мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
 мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

Слайд 8 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын,

90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды,

кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет

және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:
 ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;
 нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;
 меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.

Слайд 9 Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы

Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты.

негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани

қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.

Слайд 10 Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың

Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз

90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада

тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.

Слайд 11 Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің

Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас

барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары

жүргізілуде.Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Мұхтар Әуезов (1897-1961


Слайд 12 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып

2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.Еліміздің өткен

өткені белгілі.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті

дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды

  • Имя файла: prezentatsiya-po-istoriyu-na-temu-kultura-kazahstana.pptx
  • Количество просмотров: 121
  • Количество скачиваний: 0