Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және  құрып кету қаупі төнген жануарлар

Содержание

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және  құрып кету қаупі төнген жануарлар
Батыс Қазақстан облысы  Зеленов ауданы Трекин жапы орта білім беретін қазақ Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының    Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Батыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін Батыс Қазақстан облысы Сілеусін (Үлгі:Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда тіршілік ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің алабында, Еуропа қара күзені (лат. Mustela lutreola) – сусарлар тұқымдасының күзендертуысына жататын жыртқыш сүтқоректі мамық терілі аң. Сирек кездесетін түр, Ақбас үйрек (лат. Oxyura leucocephala) — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы. Қанатының ұзындығы 15-17 см, Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын отырықшы құс.Облысымыздың  тоғайлы Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Дене тұрқы — 27—35 см, құйрығы Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан Безгелдек (лат. Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Жоны - беделі Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған болатын, облысымызда Жайық өзені жайылымында ,Қамыс-Самар көлінде,ақсай Ителгі (лат. Falco cherrug) – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.  Еуразия орманды-дала аймағынан шөлге дейін Елік (лат. Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған.[2]Қазақстанда Сібір Еділ майшабағы (лат. Alosa volgensis) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий теңізінен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салм. Махаон - желкенділер тұқымдасына жататын көбелекІрі көбелек,қанаттарының құлашы 80-90 мм. Ареалы кең бірақ Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14 килограмға Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) -қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында Дала кергісі кейде Дала шегірткесі (лат. Saga pedo Pall.) —Турақанаттылар отрядының Tettigoniidae тұқымдасының өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең Ала жертесер - алуан түсті, денесінің ұзындығы 6 – 7 см, салмағы 9 Әсем жұпар барылдауық қоңыз , хош иісті барылдауық қоңыз (лат. Calosoma sycophanta) – барылдауық қоңыздар тұқымдасына жатады. Жайық
Слайды презентации

Слайд 2 Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының  Қазақстан Республикасының Қызыл

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының   Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген

кітабына енгізілген және  құрып кету қаупі төнген жануарлар


Слайд 4 Батыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген

Батыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек

жануарлардың сирек кездесетін және  құрып кету қаупі төнген түрлерінің

тізімі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1152  Қаулысы

СҮТҚОРЕКТІЛЕР  
1.Жұпар тышқан 2. алып соқыр тышқан 3. орман сусары
4. Еуропа қара күзені 5. шұбар күзен

ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт
11.  Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақ тырна 31. Бүркіт
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Төртжолақты қарашұбар жылан
2. Сарыбауыр қарашқбар жылан


Слайд 5 Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы

Слайд 6 Сілеусін (Үлгі:Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш.
Тұрқының

Сілеусін (Үлгі:Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87

ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см,

салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдмгі үй мысығының бір туысы.Сонымен қатар Сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал сирақты келетіні тағы да бар.Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады.Сілеусін – –сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Оның Қазақстан аумағында 3 түр тармағы (еуропа, алтай және түркістан) кездеседі. Олардың таралу аумағы шағын алқапты қамтиды әрі саны да аз болғандықтан, Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына (2010) тіркелген.Әсіресе Зеленов ,Бөрлі аудандары аумағында кездеседі


Слайд 7 Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы

Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған,

үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады.

Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.
Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.
Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр.Жайық өзенінің жайылмасындағы ағаштар алқабында кездеседі.ҚР-ның Қызыл кітабына енген.

Слайд 8 Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда тіршілік

Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда тіршілік ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің

ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің алабында, оның шөбі қалың салаларында кездеседі. Қостанай

облысының Тобыл,Тоғызақ, Обаған, Үй өзендерінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 18 – 23 см, салмағы 320 – 480 г. Сүйірлене келген басы етті тұмсығымен жалғасады. Көзі өте кішкентай, құлақ қалқаны болмайды. Аяғы бес башайлы, башайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Құйрығының ұзындығы 17 – 20 см, оның астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Аңның Жұпартышқан аталуы да осыған байланысты. Жүні қалың, жылтыр, жұмсақ, қара қоңыр, бауыры ақшыл болады. Су жиегіндегі жарқабаққа қазған інінің аузы су астына ашылады. Оның тіршілігіне тереңд. 1,5 – 2 м, қыста түбіне дейін қатпайтын су қоймалары қолайлы және онда омыртқасыз жануарлар көп болады. Қысқы ұйқыға кетпейді. Қорек талғамайды. Қорегін іздеуге түнде шығады. Жәндіктермен, олардың дернәсілімен, құрттар және моллюскілермен қоректенеді, сондай-ақ судағы өсімдіктің тамыр, сабақтарын да жейді. Аналық Жұпартышқанжыныстық жағынан 10 – 11 айда жетіледі. Жылына 2 рет (көктем – жаз және күзде) көбейеді. Буаз аналығы 45 – 50 күнде 1 – 5 (көбінесе, 3 – 4) Жұпартышқан туады. Жұпартышқан – терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз. Қазақстанда оны аулауға 1920 жылдан тыйым салынған. Жұпартышқан – өте сирек кездесетін, реликт жануар болғандықтан, қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген.

Слайд 9 Еуропа қара күзені (лат. Mustela lutreola) – сусарлар тұқымдасының күзендертуысына жататын жыртқыш сүтқоректі мамық терілі

Еуропа қара күзені (лат. Mustela lutreola) – сусарлар тұқымдасының күзендертуысына жататын жыртқыш сүтқоректі мамық терілі аң. Сирек кездесетін

аң. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін. 1920

– 30 жылдарыБатыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының Жайық, Елек, Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің жағасында мекендеген. Соңғы рет 1938 жылы Еуропа қара күзенінің біреуін Ырғыз өзенінің, екіншісін Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағалалы өзенінің бойынан ұстаған. 

Слайд 10 Ақбас үйрек (лат. Oxyura leucocephala) — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су

Ақбас үйрек (лат. Oxyura leucocephala) — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы. Қанатының ұзындығы 15-17

құсы.
Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Қоразы қара сұр түсті,

басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Басқа үйректерден айырмашылығы жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын терең сулардағы қамыс пен қоғаның арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді.
Саны тез азайып бара жотқан, ала-құла тараған, сирек кездесетін түр.Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ ұялайды. Орал су қоймаларында тіркелген.Қазақстандағы саны белгісіз. Мекиені 6 — 10 ірі (салмағы 80 — 100 г) жұмыртқа басады.Шілде — тамызда балапандарын ұшырады. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. Ақбас үйрек — жыл құсы. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Пәкстан, Иран, Түркия жерлерінде қыстайды. Сәуір — мамыр айларында қайта оралады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).


Слайд 11 Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ

Құлақты жапалақ (лат. Asio otus) – түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын отырықшы құс.Облысымыздың

тәрізділер отрядына жататын отырықшы құс.
Облысымыздың  тоғайлы аудандарында кездеседі.
Қанатының ұзындығы 276 – 309

мм (аталығында) және 282 – 320 мм (аналығында) болып келеді. Түсі сарғыш қоңыр, арқасында ақ жолақтармен алмасып отыратын сұр көлденең белдеулері бар. Қауырсыны үлпілдек, жұмсақ. Аяқ немесе балақ қауырсындары ұзын, құйрығының түсі қоңыр-қошқыл. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3 – 7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары істік, өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік сексеуіл мен жиде арасында салады. Онда 2 – 3 балапанын 4 аптада басып шығарады. Жапалақты үлпілдек қауырсындары үшін аулайды. Ол кемірушілер санын азайтып, табиғатқа пайда келтіреді

Слайд 12 Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Дене тұрқы —

Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Дене тұрқы — 27—35 см,

27—35 см, құйрығы 11—20 см. Түсі шұбар, қара сары

дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. 
Дала, шөл, шөлейт аймақтарды мекендейді. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Тамыз—қыркүйекте ұйығып, 5 ай көтеріп, ақпан—наурызда 3—8 күшік туады. Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және кеміргіштермен күресу үшін улыхимикаттарды көп қолданғандықтан Облыстың ашық ланшафтарындаШұбар күзен азайып кетегі, сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабынаенгізілген (1996)


Слайд 13 Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі

Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас

жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дуадақдың

қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. Дене тұрқы тауыққа ұқсас.
Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс.Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді.[ Дуадақтың қауырсыны тығыз келеді, мойны қысқа әрі жуан.Қанатының ұзындығы 570 — 670 мм. Құйымшақ бездері болмайды. Қауырсындарының түсі ашық қоңырқай, ұсақ қара жолақтары бар. Құрсақжағының қауырсындары біркелкі ақ түсті. Дуадақ — жыл құсы. Көктемде ұшып келеді де, қазан — қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп, Тәжікстан менТүрікменстанда қыстайды. Қораздары мекиендерінен ірі, әрі тамағының астында бір топ селдір қауырсындары боладыоблысымызда Еділ-Жайық өзендері бойында кездеседі.
ХІХ ғасырдың ортасында көп болған,ауылшаруашылығына қарқынды игеруіне байланысты тіршілік орталарын ығыстырған.

Слайд 14 Безгелдек (лат. Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы

Безгелдек (лат. Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Жоны -

600-900г). Жоны - беделі қоңыр, бауыры - ақ. Аталығының

қара мойнында екі ақ мойнақ бар. Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай: екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, тек соңғы жылдарда ғана анда-санда егіс даласынан кездестіруге болоды. Еуразия даласында орныққан. Қазақстанның батыс бөліктерінде көп мөлшерде, ал қалған аумақта кездейсоқ кездеседі. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ. Мамырда аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, бунақденелілермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен және өсімдік өркендерімен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60-шы жылдары жоғала бастады, сондықтан 1978 жылы Қазақстанның Қызыл қітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр.

Слайд 15 Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс

Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын

және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі

(тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Слайд 16 Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған болатын, облысымызда Жайық

Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған болатын, облысымызда Жайық өзені жайылымында ,Қамыс-Самар

өзені жайылымында ,Қамыс-Самар көлінде,ақсай маңында,5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға

болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді.
Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады.
Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.
Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.


Слайд 17 Ителгі (лат. Falco cherrug) – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.  Еуразия орманды-дала

Ителгі (лат. Falco cherrug) – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.  Еуразия орманды-дала аймағынан шөлге

аймағынан шөлге дейін мекендейді,барлық жерде жартастары бар ашық жерлерде,биік

ағаштарда ұя салады. Облыста Жайық өзені аңғарында тіркелген. Шәулісінің қанатының ұызндығы 34 – 39 см, салмағы 730 – 800 г, ұябасарының қанаты 37 – 41 см, салмағы 1000 – 1300 г. Қазақстанда ителгінің 5 түр тармағы кездеседі. ителгілердің жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

Слайд 18 Елік (лат. Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.
Еліктің 3

Елік (лат. Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.Еліктің 3 түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур)

түр тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған.[2]
Қазақстанда Сібір түр тармағы (C.c. pygargus) кездеседі.

Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады.
Облыс аумағында 1961 жылға дейін Орал қаласының солтүстігіндегі орман жолақтарында кездескен.Қазіргі уақытта тек қорғалатын аймақтарында кездеседі.

Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар



Слайд 19 Еділ майшабағы (лат. Alosa volgensis) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий теңізінен Еділ, Жайық өзендеріне шығады.
Дене

Еділ майшабағы (лат. Alosa volgensis) – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий теңізінен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей,

тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр.

Арқа қанаты біреу.
Республика суларында, өзендердегі
 уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық.
Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде  уылдырық шашатын.
Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі.[


Слайд 20 Махаон - желкенділер тұқымдасына жататын көбелек
Ірі көбелек,қанаттарының құлашы 80-90

Махаон - желкенділер тұқымдасына жататын көбелекІрі көбелек,қанаттарының құлашы 80-90 мм. Ареалы кең

мм. Ареалы кең бірақ өте сирек кездесетін түр. Жылы

аймақтарда 2-3, солтүстікте бір рет тұқым береді. Ұшу мерзімі: мамыр-маусым және шілде-тамыз. Жұмыртқаларын бір-бірлеп шатыршагүлдерге салады. Қуыршағы қыстайды.Облыстың барлық аймақтарында сирек кездеседі. КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген


Слайд 21 Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге,

Ақбалық (лат. Stenodus leucichthus) — денесінің ұзындығы — 120 сантиметрге, салмағы — 14

салмағы — 14 килограмға дейін баратын ірі балық. Көбінесе

Каспий теңізінде кездеседі; ақсаха тұқымдасының өткінші балықтары.
Уылдырық шашады. Жыныстық жетілуі 5-7 жылға созылады. Өмірінде 1-2 рет(2-3 жылдан кейін) уылдырық шашуы қыркүйек-қарашада, өсімталдығы әлсіз жабысқақ 250 мың. астам уылдырық. Жыртқыш уылдырық шашу кезінде қоректенбейді. Уылдырық шашқаннан соң ересек балықтар теңізге түседі. Екі айлық шабақтар жыртқыштық өмір сүреді. Қымбат балық. Еділге гидроқұрылыс жұмысы басталғаннан бастап кәсіпшілік маңызын жоғалтқан.. Ақ балықтың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында, судың температурасы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 м тереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. Ақ балық – жыртқышбалық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Сонымен қатар әр түрлі омыртқасыз су жәндіктерімен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан Жайық өзенінен Ақ балықтың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. Ақ балықтың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары. Ақ балық Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген

Слайд 22 Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) -қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.
Ұзындығы 160

Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) -қабыршақтылар отрядының Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасына жатады.Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі

см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт

қара сұр жолақ не қара дақтар болады. Бүйірінде бір қатар майда дақтар орналасқан. Бүйіріндегі қабыршақтар қызғылт не қызғылт сары түсті. Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады. Жас жыланның басындағы ерекше сурет есейе келе жойылып, басының түсімен бірдей болып кетеді. Ересектерінің үстіңгі ернінің қалқаншалары ашық сары түсті, көзінің нұрлы қабығы – қара. Бауыры сарғыш, аздаған дақтар көрінеді, кейде олардың болмауы да мүмкін. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Күндіз және ымыртта белсенді. Кеміргіштердің інін, жарықшақтарды, қуыстарды баспана етеді. Маусымда 6 – 16 жұмыртқа салады, олардан қыркүйектің соңы – қазан айының басында жас жыландар шығады. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен, құмтышқандармен, құстар мен олардың жұмыртқалары,
 кесірткелермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді,террариумда ұстауға қолайлы, усыз жылан. Мазалаған кезде құйрығының ұшын дірілдетіп, дыбыс шығарады. Төртжолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.


Слайд 23 Дала кергісі кейде Дала шегірткесі (лат. Saga pedo Pall.) —Турақанаттылар отрядының Tettigoniidae тұқымдасының өте сирек

Дала кергісі кейде Дала шегірткесі (лат. Saga pedo Pall.) —Турақанаттылар отрядының Tettigoniidae тұқымдасының өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін

кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек.
Жыртқыш. Жемтігін дәуіт сияқты шөпке

немесе бұтаға жасырынып аңдиды. Едәуір ірі шегіртке, дәуіттермен қоректенеді.
Түрді қорғау үшін кездесетін жерлерінде қорықшалар ұйымдастырып, жерді жыртқан кезде, олардың тіршілік ортасы — тың жерлерді жыртпай қалдыру керек.
Дала кергісінің қанаты жоқ. Дала кергісі шырылдамайды және жыртқыш.
Аналығының тұрқы 53-75 мм. Дала кергісі - дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік. Дене бітімі, қорегін аулау тәсілі шекшектен гөрі дәуітке көбірек ұқсас.
Жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі - шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, қоңыздар және дала қандалалары. Тіпті кейде дәуітті де жеп қояды. Ол дәуіт тәрізді аяқтарын жазып жіберіп, қорегін аңдып, қозғалмай ұзақ отырады.
Бір көңіл аударарлық жайт: табиғатта кергілердің аталығы көп кездеспейді. Сондықтан олардың аналықтары партеногенезді жолмен көбейеді. Дәлірек айтқанда аталықсыз ұрықтану. Далалық кергілердің шырылдамауы да соған байланысты болса керек. Дала кергісі даму барысында 8 рет түлейді. 3-4 аптадан соң толық ересек күйге келеді. Ұрықтанбаса да жұмыртқалап, түнде 7 жұмыртқа туады. Жұмыртқалайтын жерді мұртшаларымен тексереді де, әр түрлі тереңдікке жұмыртқаларын орналастырады.
ҚР-ның Қызыл кітабына енген түр.Облыс аймағында орман,тоғай жиегіндешалғындықта далалықта кездеседі

Слайд 24 Ала жертесер - алуан түсті, денесінің ұзындығы 6 –

Ала жертесер - алуан түсті, денесінің ұзындығы 6 – 7 см, салмағы

7 см, салмағы 9 -10 г шамасындағы тышқан.
Бұларды кеміргіштер топтарына жатқызуға болмайды,

көбінесе жертесерлерге жақын. Денесінің жоғарғы бөлігі қара түсті, орта бөлігінде үлкен ақ дағы бар, ал кеудесі толығымен ақ түсті болады. Терісінің түгі қалың, жұмсақ мамық тәрізді. Күніне өз салмағынан 1,5 есе артық жем жейді. Негізінен жәндіктермен немесе ұсақ кесірткілермен қоректенеді.Ала жертесердің халық шаруашылығындағы маңызы онша емес,бірақ ғылым үшін аса бағалы.


  • Имя файла: prezentatsiya-taқyryby-batys-Қazaқstan-oblysy-zelenov-audanynyң- Қazaқstan-respublikasynyң-Қyzyl-kіtabyna-engіzіlgen-zhәne- құryp-ketu-қaupі-tөngen-zhanuarlar.pptx
  • Количество просмотров: 198
  • Количество скачиваний: 2