5-Дәріс Тәл жүйесінің агрегаттары
FindTheSlide.com - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.
Email: Нажмите что бы посмотреть
Презентация на тему Тәл жүйесінің агрегаттары, из раздела: Разное. Эта презентация содержит 18 слайда(ов). Информативные слайды и изображения помогут Вам заинтересовать аудиторию. Скачать конспект-презентацию на данную тему можно внизу страницы, поделившись ссылкой с помощью социальных кнопок. Также можно добавить наш сайт презентаций в закладки! Презентации взяты из открытого доступа или загружены их авторами, администрация сайта не отвечает за достоверность информации в них. Все права принадлежат авторам презентаций.
Тәл жүйесі механизмдері бұрғылау мұнарасына монтаждалады және келесі сипаттамалық ерекшеліктерге ие:
-тәлді блок ілмекпен бірге ұңғы сағасының үстінде еркін ілулі күйде тұрады және тік бағытта тек қана ұңғының осі бойынша қозғалады;
-ілмектің көтерілу биіктігі мұнараның биіктігімен және КТО қауіпсіздігімен шектеледі.
-шкивтердің диаметрі мен басқа да жүккөтергіш органдардың өлшемдері бұрғылау мұнарасының ендік өлшемдерін ескере таңдалады;
-әсер етуші жүктемелер мен бұрғылау кезінде берілген осьтік жүктемені реттеу үшін тәлді жүйе датчиктермен және бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталады;
-әсер ететін жүктемелер мен КТО жылдамдығы кең диапазонда ұңғыманың тереңдігіне және бұрғылау тізбегінің ұзындығына байланысты өзгереді.
Кронблоктарды шкивтердің саны бойынша, жүккөтергіштігі және құрылымдық сұлбасына байланысты ажыратады. Ереже бойынша, кронблоктың шкивтер саны тәл блогынан 1-ге артық болады. Кронблоктың шкивтері осьтес және осьтес емес болады. Осьтес емес сұлбада жүрмелі арқанның шкив осі қалған шкивтерге перпендикуляр орналасады.
Осьтес емес орналасу тәлді механизмнің тізбек бойымен қозғалуы үшін жабдықталуының сұлбасына негізделген АКТ (автоматты көтеру тәсілі) кешенін тізбектердің механизацлияланған орналасуы кезінде қолданылады.
Кронблок рамасында шкивтер секция бойынша орналасады. Әрбір секция мойынтіректерде шкивтер орналасқан осьтен тұрады.
У –Уралмашзавод; КБ – кронблок; А –А-типті мұнарамен және АКТ кешенін қолданып жұмыс істеу үшін; бірінші сан– шкив саны; екінші сан – жүккөтергіштік, т; үшінші сан – бұрғылау қондырғысындағы кронблоктың реттік нөмірі.
Алты шкивті екі секциялы кронблок
1-тұрқы; 2; 5; 6 -мойынтіректер; 3-қосалқы шкив; 4- шкивтер өсі.
Бес шкивті бір өсті кронблок
1-шкивтер өсі; 2-қысыммен майқұйғыш; 3-гайка; 4, 12-
тіректер; 5-өс; 6, 7-кергіш сақиналар; 9-серіппелі сақиналар;
10-шкив; 11-қорап; 13-тұтқыш қазық; 14-тұрқы.
Пайдалану кезінде шкивтер мен мойынтіректер әркелкі тозады. Ең көп тозуға ұшырайтын жүрістік арқан оралатын шкив пен соның мойынтірегі және сол арқанмен жалғанған тез айналатын шкивтер. Осыған байланысты тозудың біркелкілігін қамтамасыз ету үшін пайдалану кезінде әрбір секцияның 180˚ айналуын немесе егер секциялардағы шкивтердің саны бірдей болса, олардың орындарын өзара ауыстыруын жүзеге асыру қажет.
Тәл блоктарында шкивтердің саны кронблоктағыдан 1 кем болады. Тәл блоктары кронблокка қарағанда салмағы үлкен, бірақ кронблоктың жүккөтергішітігі жоғары.
Тәлді блоктар бір секциялы және екі секциялы болып жасалады. Бір секциялыда шкивтері мойынтіректерде орналасқан бір өс болады. Тәлді блоктың өсі траверсамен жалғанған екі жақтаудың арасында болады. Ілмек тәлді блоктың жақтауларымен соларға пісіріліп жалғанған екі сырға арқылы жалғанады.
Тәл блоктарын келесі құрылымдық сұлбалар бойынша дайындайды:
- бір секциялылар тізбектерді қолмен қойғанда қолданылады;
- екі секциялылар АКЖ кешенімен жұмыс істегенде қолданылады
Бір секциялы тәл блогы
1– буфер; 2– траверса; 3– шкив; 4, 5– сақина; 6– мойынтірек; 7– қақпақ; 8– бұранда; 10– аралық сақина; 9,13– осьтер; 11– сауыт; 12– бет.
Екі секциялы тәл блогы
1-шкивтер; 2- үшблокты секция; 3- желоб; 4- резеңкелі буфер; 5- екіблокты секция; 6- осьтер; 7- траверса; 8- біліктер; 9-ілме;
Тәл блогы
1-сақина; 2-саусақ; 3-кронштейн
4-бүйір беттер;
5-шкивтар; 6-мойн-
тіректер; 7-өс;
8-гайка; 9-сақина; 10-белдік;11-қораб.
Бұрғы ілмектері жеке дара немесе тәл блогымен бірге (ілме блок) дайындалады. Олар көтеріп-түсіру процесінде бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары тізбегін бұрғы элеваторы арқылы ілу, бұрғылау кезінде ұршықты бұрғылау тізбегімен ілу және монтаж, демонтаж жұмыстарында жүктерді түсіру, тарту үшін қолданылады.
Конструкциялық дайындалуы бойынша ілмектер бір, екі, үш ашалы болып келеді. Қазіргі кезде негізінен үш ашалы бұрғы ілмектрі қолданылады. Оның екі бүйірлік ашаларына сырға ілінеді. Дайындалу тәсілдеріне қарай ілмектер соғылған, құйылған және қатпарлы құрылымды болып келеді.
Көтергіш ілмек
1-көпшік; 2-бекіткіш өс;
3-жапқыштың қорабы; 4-бекіткіш; 5, 6-бекіткіш; 7-белтемір; 8-гайка;
9-серіппе; 10-мойнтірек;
11-өс; 12-тұрпы; 13-стакан; 14-оқпан; 15-өс; 16-ілмек 17-қорғаушы имектер.
Ілмеблоктарды тізбектерді қолмен орналастыруда қолданады. Ал АКЖ кешенімен жұмыс істегенде ілмек орнына арнайы ілме қойылады. Қазіргі заманғы бұрғылау қондырғыларында үшашалы ілмектер қолданылады. Олар жүккөтергішіті бойынша ажыратылады. Жақтаулық ашалардың жүккөтергіштігі көп жағдайда негізгі ашаның жүккөтергіштігінен жоғары болады.