Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Негізгі неврологиялық синдромдар. Геморрагиялық және ишемиялық инсульт синдромы.

Содержание

Бас миының қанмен қамтамасыздануыБас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі қан тамыр жүйесімен жүзеге асырылады:каротидті және вертебро-базилярлы.Каротидті жүйе бойынша миға ағып келетін барлық қан көлемінің 2/3 бөлігі алдыңғы және ортаңғы бөліктерге ағып келеді.Вертебро-базилярлы жүйе бойынша миға ағып
Негізгі неврологиялық синдромдар. Геморрагиялық және ишемиялық инсульт синдромы. Орындағандар:Базылбекова Аяулым Бас миының қанмен қамтамасыздануыБас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі қан тамыр жүйесімен Бас пен мойынның артериялары.оң жағынан көрінісі Ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан басталып,бассүйек негізіне көтеріліп,самай сүйектегі-canalis caroticus- ке Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары қан келуінің азаюынан немесе көбеюінен байқалады.жүйелік артерялық Ми қан айналымының бұзылыстарының түрлері:Ми қан айналымының бұзылыстарының жіті және созылмалы түрлері Бас миының қан тамыр ауруларының этиологиясы мен патогенезіМи қан айналымының жедел бұзылыстарының Миға қан құйылу-гемморагиялық инсультГемморагиялық инсульт-артериялық гипертензия кезінде дерттік өзгеріске ұшыраған қан тамырынан Патогенезі.Миға қан құйылуға әкелетін ең жиі әкелетін себепкер ықпалға атеросклерозбен қабаттасқан артериялық Алғашқы клиникалық белгілері:аяқ астынан қатты бас ауруқұсусананың бұзылуықатты жиі тыныс алутахикардия дамуымен Субарахноидальды қан құйылуОл бассүйек ішіндегі аневризмалардың жарылуынан,кейде артериялық гипертензия,гемморагиялық синдромдар кездерінде болады.Бұл Ишемиялық инсультИшемиялық инсульт ми қан айналымының қауіпті төмендеуінде жалпы гемодинамиканың бұзылысы нәтижесінде Этиологиясы Ишемиялық инсульт дамуына ең жиі әкелетін себепкер ықпалдарға қантты диабетпен қабаттасқан ПатогенезіИшемияға ми қыртысының II, IV, V қабаттарындағы нейрондар, гипокамптың пирамидалық жасушалары, мишықтың Ишемиялық инсульт кезінде,жалпы милық симптомдарға қарағандабелгілі тамыр қауызы бүлінуінен ошақты симптомдар жиірек Бас ми қан тамыр ауруларын емдеуБас ми қан тамыр ауруларымен ауыратын науқастарды Жүрек қызметі әлсіреген кезде жүрек гликозидтерін (көктамыр ішіне 0,15 мл 0,05% строфантин Гемморагиялық инсульттың еміне консервативті және хирургиялық әдістер кіреді.Жедел базисті (дифференцирленбеген )терапия қатаң Қан тамырларының өткізгіштігін төмендету үшін дицинан 250 мг 3-4 рет тәулігіне 5-6 Қолданылған әдебиеттер«Жалпы неврология» Төлеусаринов А.М Алматы 2009 143-149 беттер
Слайды презентации

Слайд 2 Бас миының қанмен қамтамасыздануы
Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі

Бас миының қанмен қамтамасыздануыБас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі қан тамыр

екі қан тамыр жүйесімен жүзеге асырылады:каротидті және вертебро-базилярлы.
Каротидті жүйе

бойынша миға ағып келетін барлық қан көлемінің 2/3 бөлігі алдыңғы және ортаңғы бөліктерге ағып келеді.
Вертебро-базилярлы жүйе бойынша миға ағып келетін барлық қан мөлшерінің 1/3 бөлігі артқы бөлімге ағып келеді.
Жалпы ұйқы артериясы-оң жағында иық-бас сабауынан truncus brachiocephalicus,ал сол жағында қолқа доғасынан бастау алады.Жалпы ұйқы артериясы 3-4 мойын омыртқалары тұсында ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінеді.

Слайд 3 Бас пен мойынның артериялары.оң жағынан көрінісі

Бас пен мойынның артериялары.оң жағынан көрінісі

Слайд 4 Ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан басталып,бассүйек негізіне

Ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан басталып,бассүйек негізіне көтеріліп,самай сүйектегі-canalis caroticus-

көтеріліп,самай сүйектегі-canalis caroticus- ке енеді.Тармақтары:
1. a.ophthalmica-көз артериясы,(көз жас безіне,

көз алмасы бұлшықеттеріне,қабақтарға барады)
2. a.cerebri anterior
3. a.cerebri media
4. a.choroidea-тамырлы өрім артериясы

Слайд 5 Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары қан келуінің азаюынан

Мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары қан келуінің азаюынан немесе көбеюінен байқалады.жүйелік

немесе көбеюінен байқалады.

жүйелік артерялық қысымның төмендеуінен
орталық веналық қысымның көтерілуінен
ми

артерияларының атеросклерозы,тромбозы немесе ангиоспазмы кездерінде байқалатын ми тамырларының кедергілік қасиетінің артуы
субарахноидтық қан құйылу нәтижесінде ми тамырларының қысылып қалуынан
тамыр ішінде қан түйіршіктерінің агрегациясынан жалпы мидың қанмен қамтамасыз етілудің бұзылыстары болады.


Слайд 6 Ми қан айналымының бұзылыстарының түрлері:
Ми қан айналымының бұзылыстарының

Ми қан айналымының бұзылыстарының түрлері:Ми қан айналымының бұзылыстарының жіті және созылмалы

жіті және созылмалы түрлері кездеседі.
Жіті түрі ми қан айналымының

өткінші бұзылыстарымен және инсульт дамуымен көрінеді.
Мида қанайналымның жіті бұзылыстарынан пайда болатын ми тінінің бүліністерін инсульт деп атайды.
Ол гемморагиялық (қан құйылулық) және ишемиялық (ми инфаркті) болып бөлінеді.ДДҰ-ның көрсетуі бойынша ишемиялық инсульт гемморагиялық инсультқа қарағанда жиі кездеседі.

Слайд 8 Бас миының қан тамыр ауруларының этиологиясы мен патогенезі
Ми

Бас миының қан тамыр ауруларының этиологиясы мен патогенезіМи қан айналымының жедел

қан айналымының жедел бұзылыстарының себебі ретінде келесі аурулар болуы

мүмкін:атеросклероз,артериальді гипертензия,васкулиттер,мысалы,ревматиттік,мерездік,сонымен қатар жүрек ақаулары және т.б.
Ми қан айналымының жедел бұзылыстары әр-түрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:
1) қан тамырларының нервті реттелуінің бұзылысынан,ол ми ішілік артерия,артериолалардың спазмына,парезіне немесе параличіне алып келеді.
2)бастың магистралді артерияларының морфологиялық өзгерістерінен (окклюзиялық зақымданулар,қан тамырларының аномалиясы)
3) қан тамырларының эмболдармен бітеліп қалуы.
4) коллатералды қан айналымның жетіспеушілігінен
5) жалпы гемодинамиканың бұзылысынан
6)қанның реологиялық қасиетінің өзгерісінен

Слайд 9 Миға қан құйылу-гемморагиялық инсульт
Гемморагиялық инсульт-артериялық гипертензия кезінде дерттік

Миға қан құйылу-гемморагиялық инсультГемморагиялық инсульт-артериялық гипертензия кезінде дерттік өзгеріске ұшыраған қан

өзгеріске ұшыраған қан тамырынан немесе туа пайда болған артериялық

аневризма жарылып кетуден ми затына немесе оның қабықтарының астына қан құйылу.Миға қан құйылу бастың жарақатында немесе ми өспесімен тамыр қабырғасы бүлінгенде де пайда болуы мүмкін.
Этиологиясы.
артериялық гипертензия
васкулиттер (құздамалық,мерездік)
туа біткен ангиома
тамыр аневризмасы
жүйелі қызыл жегі

Слайд 10 Патогенезі.Миға қан құйылуға әкелетін ең жиі әкелетін себепкер

Патогенезі.Миға қан құйылуға әкелетін ең жиі әкелетін себепкер ықпалға атеросклерозбен қабаттасқан

ықпалға атеросклерозбен қабаттасқан артериялық гипертензия жатады.Бұл кезде тамыр қабырғасына

қан сұйығы сіңбеленуден,оның трофикасы бұзылады да,майда аневризмалармен көрінетін бүліністер,тамырдың жыртылуы және ми затына қан шығуы байқалады.Тамыр қабырғасы жыртылуынан миға қан құйылу кезінде 80-85% жағдайда қан субарохноидтық кеңістікке немесе ми қарыншаларына түсуі байқалады.Осыдан мидың ісінуі мен қатты домбығуына әкелетін гематома қалыптасады.Кейде қан құйылған ошақ шектелген түрде болып ми қарыншаларына,ми қабығы кеңістіктеріне таралмайды.Бұл жағдайда жұлын-ми сұйықтығында қан болмайды.

Слайд 11 Алғашқы клиникалық белгілері:
аяқ астынан қатты бас ауру
құсу
сананың бұзылуы
қатты

Алғашқы клиникалық белгілері:аяқ астынан қатты бас ауруқұсусананың бұзылуықатты жиі тыныс алутахикардия

жиі тыныс алу
тахикардия дамуымен бір мезгілде гемиплегия немесе гемиплегия

пайда болуы жатады.
Сананың бұзылуы жеңіл есенгіреуден естен тануға дейін болады.Барлық рефлекстер жоғалады,тыныс алу ырғағы бұзылады(Чеин-Стокс тынысы Куссмауль тынысына ауысады),тері қызарады,жиі қатты терлеу,АҚ 180-200 мм с.б дейін немесе одан жоғары көтеріледі.
Бұл кезде қабақтың салбырауы,қарашықтардың диаметрі 2 көзде әр түрлі болуы (анизокария),шапыраштанған қылилық,бір жақты салдану (гемиплегия),афазия байқалды.
Гемморагиялық инсульттің нәтижесінде 75-90% науқас жан тапсырады.Өйткені ми қарыншаларына түскен қан тіршілікке қажетті құрылымдарды бүліндіреді.

Слайд 12 Субарахноидальды қан құйылу
Ол бассүйек ішіндегі аневризмалардың жарылуынан,кейде артериялық

Субарахноидальды қан құйылуОл бассүйек ішіндегі аневризмалардың жарылуынан,кейде артериялық гипертензия,гемморагиялық синдромдар кездерінде

гипертензия,гемморагиялық синдромдар кездерінде болады.Бұл кезде ми қабығының бүліністеріне тән

клиникалық белгілер ерте басталады.Оларға:бас ауруы,желке бұлшықеттерінің сіресуі,жарықтан қорқу,психомоторлық қозу жатады.Бассүйек ішінде қысым көтерілуінен жүрек айну,құсу,кейде көз түбінде қан іркілу белгілері пайда болады.Құйылған қанмен ми қыртысының қоздырылуынан аяқ-қолдың шала салдануы,сөйлеудің және сезімталдықтың бұзылыстары дамиды.Ми-жұлын сұйықтығында қанның болуы субарахноидальды қан құйылудың басты белгісі.Ангиография тәсілін қолданып аневризманың орналасқан жерін және қөлемін дәл табуға болады.
Мишыққа қан құйылғанда бас айналуымен,айналадағы заттардың қозғалуымен,кенеттен пайда болған мойын және шүйде аймағындағы ауыр сезіммен,құсумен,Гертвиг-Мажанди (вертикальды жазықтықта ажыраушы қылилық) және Парино симптомдарымен,атаксиямен көрінеді.


Слайд 14 Ишемиялық инсульт
Ишемиялық инсульт ми қан айналымының қауіпті төмендеуінде

Ишемиялық инсультИшемиялық инсульт ми қан айналымының қауіпті төмендеуінде жалпы гемодинамиканың бұзылысы

жалпы гемодинамиканың бұзылысы нәтижесінде немесе ми қан айналымының үзілісі

нәтижесінде дамиды.

Слайд 15 Этиологиясы
Ишемиялық инсульт дамуына ең жиі әкелетін себепкер

Этиологиясы Ишемиялық инсульт дамуына ең жиі әкелетін себепкер ықпалдарға қантты диабетпен

ықпалдарға қантты диабетпен қабаттасқан ми тамырларының атеросклерозы бірінші орын

алады.
Екінші орында ми тамырларының атеросклерозымен қабаттасқан артериалық гипертензия есептеледі.
Бассүйек сыртындағы тамырлардың тарылуы мен бітелуі де тікелей мида қан ағымын азайтып ишемиялық инсульт дамытады.
Ми инфаркты дамуына шешуші әсер ететін фактор болып ауыр жандүниелік және физикалық күйзелістер(ауыртпалық жағдайлар,қатты қажып шаршау,ыстық температураның әсері) есептеледі.

Слайд 16 Патогенезі
Ишемияға ми қыртысының II, IV, V қабаттарындағы нейрондар,

ПатогенезіИшемияға ми қыртысының II, IV, V қабаттарындағы нейрондар, гипокамптың пирамидалық жасушалары,

гипокамптың пирамидалық жасушалары, мишықтың Пуркинье жасушалары ең сезімтал болып

келеді.
Ишемиялық инсульттің даму жолдарын мидың белгілі бөлігіне қанның аз келуінен гипоксиялық,артынан некроздық ошақ пайда болуы маңызды орын алады.Ишемиялық инсульт миокарл инфаркты кезінде жиі кездеседі.
Ишемиялық инсульт кезінде ошақты жүйкелік симптомдар бірнеше сағаттың ,кейде үш-төрт күн ішінде біртіндеп пайда болады. Тромбоз кезінде ошақтық симптом тері қабатының бозаруы,әлсіз тамыр соғысы,жүрек қызметінің төмендеуі болады. Ал эмболия кезінде кенеттен естің жоғалуы,бастың айналуы,монопарез және гемипарез дамиды.тері жабындысы бозарарды,қалтырау,систоликалық шу,артериалық қысым көтерілмейді.

Слайд 17 Ишемиялық инсульт кезінде,жалпы милық симптомдарға қарағанда
белгілі тамыр қауызы

Ишемиялық инсульт кезінде,жалпы милық симптомдарға қарағандабелгілі тамыр қауызы бүлінуінен ошақты симптомдар

бүлінуінен ошақты симптомдар жиірек байқалады.Мидың ортаңғы артериясы бүлінгенде толық

ми инфаркты синдромы – контралатералдық гемиплегия( бір жақты салдану),гемианестезия (бір жақты сезбеушілік) және гемианопсия(бір жақты көрмеушілік) байқалады.Мидың сол жақ жартысында инфаркт болуы сөйлеудің бұзылыстарымен, оң жағында болуы дене қимылы мен сезімталдығы бұзылыстарын танымаумен көрінеді.Алдыңғы ми артериясы аумағында ауқымды инфаркт кезінде қолдардың жоғарғы жақтарында және аяқтардың төменгі жақтарында тырыспалық салдану байқалады.Кейде несеп шығарылуы тоқтап қалады немесе керсінше науқас несепті ұсиай алмайды.
Екі жақты инфаркт ошақтары болғанда жадының әлсіреуі,іс-әрекеттерін бақылай алмау,психиканың бұзылыстары жиі дамиды.

Слайд 19 Бас ми қан тамыр ауруларын емдеу
Бас ми қан

Бас ми қан тамыр ауруларын емдеуБас ми қан тамыр ауруларымен ауыратын

тамыр ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу шаралары арнайы неврологиялық бөлімнің

палаталарында немесе интенсивті терапия және реанимация бөлімшелерінде жүргізілуі тиіс.Ми қан айналымының жедел бұзылыстарында дифференцирленген және дифференцирленген емес үрдістердің сипатына байланыссыз емдеу шаралары жүргізіледі.
Науқастарды ишемиялық инсульттен емдеу мидың қанмен қамтамассыздалуын жаксартуға,жүрек қызметін,артериалды қан қысымды,ми метаболизімін қалпына келтіруге,сонымен қатар қанның физико-химиялық қасиеттерін нормализациялауға,тромбоэмболияның алдын алу үшін қан жүйесінде ұюы тепе-теңдігін қалыптастыруға бағытталған. Дифференцирленбеген терепияны өмірге қажетті жүйелердің қызметін қалыпқа келтіру мақсатында жүргізіледі:тыныс алу және жүрек қызметін.
Вазоактивті препарат ретінде көк тамыр ішіне 2,4% эуорил ерітіндісін тағайындау-10 мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлоридін тәулігіне 2 рет,аралығы 12 сағаттай.

Слайд 20
Жүрек қызметі әлсіреген кезде жүрек гликозидтерін (көктамыр ішіне

Жүрек қызметі әлсіреген кезде жүрек гликозидтерін (көктамыр ішіне 0,15 мл 0,05%

0,15 мл 0,05% строфантин ерітіндісі,көк тамыр ішіне 1 мл

0,06% коргликон ерітіндісі),аналептиктерді (кордиамин,кофеин,камфора) тағайындалады.
Артерия қызметі жоғары болғанда гипотензивті заттар (дибазол 1% ерітіндісі 3-5 мл),ганглиоблокатор (пентамин) беріледі.
Науқастарда су-электролит балансының компенсациясын және қышқыл-негіздік коррекциясын жүргізеді.Комада жатқандарға:тәулігіне 2500 мл-ге дейін парентералды сұйықтық,сонымен қатар құрамында электролиті бар заттарды енгізу.
Ісінуге қарсы терапияның ішіне кортикостероидтарды қабылдау,дексаметеазон көктамыр ішіне 16-20 мг және диуретиктік заттар(фуросемид,урегит,маннитол).
Қан айналымын жақсарту үшін полиглюкин,реополиглюкин 400 мл тамшылатып көктамыр ішіне тағайындайды.көрсеткіште
Жалпы қарсы көрсеткіштері болмағанда және АҚ 210/110 мм.с.б. жоғары болмаса тура әсер ететін антикоагулянттар қолданылуы мүмкін-гепарин 10000-15000 ЕД қолданылады.
Бассүйек ішілік қысымды төмендету үшін инемен тесіп жұлын-ми сұйықтығын шығару қоллданылады.

Слайд 21 Гемморагиялық инсульттың еміне консервативті және хирургиялық әдістер кіреді.
Жедел

Гемморагиялық инсульттың еміне консервативті және хирургиялық әдістер кіреді.Жедел базисті (дифференцирленбеген )терапия

базисті (дифференцирленбеген )терапия қатаң төсектік режимді сақтау арқылы интенсивті

жүргізілуі керек. Дифференцирленген терапияны 3 негізгі бағытта жүргізеді:гемостатикалық ем,артерия қабырғасының өткізгіштігін төмендету,антиферментті препараттармен емдеу,фибринолизді тежеуші.
Гемостатикалық заттардан-эпсилон-аминокапрон қышқылын 5% ерітіндісін 100 мл көк тамыр ішіне тамшылатып 5-7 күн аралығында тағайындау.

Слайд 22 Қан тамырларының өткізгіштігін төмендету үшін дицинан 250 мг

Қан тамырларының өткізгіштігін төмендету үшін дицинан 250 мг 3-4 рет тәулігіне

3-4 рет тәулігіне 5-6 күн аралығында тағайындайды.Дексазон 4-8 мг

көк тамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 3-4 рет тағайындайды.
Психоматорлы қозуды түсіру үшін бұлшық ет ішіне 0,5% реланиум ерітіндісін 1 мл немесе 0,5% 1-2 мл галоперидол ерітіндісін енгізеді.
Аневризмаларды емдеудегі радикальды әдістің бірі хирургиялық ем болып табылады.Оперативті емнің мерзімі мен көрсеткіші аневризманың көлеміне және орналасқан жеріне және науқастың жалпы жағдайына байланысты болады.


  • Имя файла: negіzgі-nevrologiyalyқ-sindromdar-gemorragiyalyқ-zhәne-ishemiyalyқ-insult-sindromy.pptx
  • Количество просмотров: 158
  • Количество скачиваний: 1