Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Міржақып Дулатов Шәкірт, Таза бұлақ өлеңдері, Бақытсыз Жамал романы. І курс

Содержание

Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы. Сабақтың мақсаты: білімділік: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Өлеңдерін
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжіҚазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы. Сабақтың мақсаты: Сабақтың түрі: Жаңа материалды Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі  Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй жұмысын Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Міржақып ДулатұлыXX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылып, жетім қалған Міржақып бұдан Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт 1907 жылы Петербургте шыққан 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі Міржақып ДулатұлыЖүректен қашан шығар қадалған оқ,Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?Қажыған қам Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуіДулатұлыныңтың абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «уақыт» газетінде 1908 жылы Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің ТұлғасыМіржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының Алаш әдебиетінің басы - Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.УмаровЖанры: “Дерект фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері Қ.УмаровЖанры: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағыwww.ZHARAR.com 2. Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көру(қосымша: 1, 2, 3, 4 фильмдерін ШәкіртАй жарық, салқын ауа, күзгі түнде,Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде.Жалғыз-ақ тырыс шәкірт Таза бұлақБар екен таудан аққан таза бұлақ,Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.Жағалай 3. «Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман көрінісінен көп жағдайды аңғартар 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің тілін 3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.•  Ерулік - жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.•  Лау байлату - 4-тапсырма. Жоспармен жұмыс.1. Ел жағдайы, заман көрінісі.2. Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, 5-тапсырма. Кейіпкерлерге мінездеме. Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде кездескен кейіпкерге мінездеме береді. 6-тапсырма. Романдағы мақал-мәтелдермен жұмыс.•    Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара,  Ұл таппас 7-тапсырма. Көп нүктенің орнына салт –дәстүрге байланысты сөздің лайығын қой.   Қыстай бір - ІV. Бекіту Міржақып Дулатовтың шығармашылығы бойынша тест тапсырмасын құрастыру. Тест 10 сұрақтан, Ү. Бағалау Оқушылар бірін-бірін бағалау  ҮІ. Үйге тапсырма    М.Дулатовтың
Слайды презентации

Слайд 2 Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз

Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы. Сабақтың

Жамал» романы.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының


қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Өлеңдерін
мәнерлеп оқып мазмұнын талдау, «Бақытсыз Жамал»
романын ашу;

дамытушылық: оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру
арқылы ойлауы мен баяндауна, ойларын толық,
тиянақты жеткізуін қалыптастыру.

тәрбиелік: М.Дулатов ағалары сияқты патриоттық тәрбие
беру, еліне,жұртына адал еңбек жасауға баулу.


Слайд 3
Сабақтың түрі: Жаңа материалды

Сабақтың түрі: Жаңа материалды

меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, ойлау,
жаттау, сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,
слайд материалдары,
М.Дулатовтың көрмесі
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,
қазақ тілі,

Слайд 4
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын

Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй жұмысын

сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
С.Көбеевтің өмірбаянын баяндау.
Өлеңдерін жатқа, мәнерлеп

оқу.
«Қалың мал» романын баяндау.
Сұрақ-жауап

ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ

Слайд 7 Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы

Слайд 8 Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы

Слайд 9
Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы

Слайд 10
Міржақып Дулатұлы
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы

Міржақып ДулатұлыXX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi

оқыған азаматтарының бipi – қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі

заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды.

Слайд 11
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына

облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі

Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.

Слайд 12 Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылып,

Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылып, жетім қалған Міржақып

жетім қалған Міржақып бұдан кейін Асқар деген ағасының тәрбиесінде

болады. 1902 жылы, уездік мектепті соң, еңбекке араласады. Біраз жыл ауыл мектептерінде бала оқытады.

Слайд 13 Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде

Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса

қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы

ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Слайд 14 Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында

қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі.

Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А.Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халқының жазушыларының қатарында болады.

Слайд 15 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген

1907 жылы Петербургте шыққан

өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада

Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М.Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

Слайд 16 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre

шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы

Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Слайд 17
Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам

Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы

тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян, қазақ!" деген атпен

Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы – ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады.

Шығармашылық мұрасы.


Слайд 18 Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып

Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да

проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы

жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.

Слайд 19 Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады.

Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте

1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын

бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.

Слайд 20 Міржақып Дулатұлы
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ

Міржақып ДулатұлыЖүректен қашан шығар қадалған оқ,Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?Қажыған

сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын

адам да жоқ, –

Өлеңдері.

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.

Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді


Слайд 21 Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
Дулатұлыныңтың абайға арналған алғашқы қысқа ғана

Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуіДулатұлыныңтың абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «уақыт»

мақаласы татардың «уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі,

туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мурасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы “қазақ” газетінде басылған «абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған.

Слайд 22 Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан

Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді.

арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар

өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.

Слайд 23 Тұлғасы
Міржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы

ТұлғасыМіржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш

жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда

ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен. 

Слайд 24 Алаш әдебиетінің басы - Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен

Алаш әдебиетінің басы - Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян,

Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинақтарына енген, алғашқылары 1904-1905 жылдардан

бастап жазылған жалынды жырлар», - деп қазақ әдебиетінің жаңа бір дәуірінің басы
деп бағалайды 

www.ZHARAR.com


Слайд 25 Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Дерект фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі

Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.УмаровЖанры: “Дерект фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері Қ.УмаровЖанры: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағыwww.ZHARAR.com

фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм”Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

www.ZHARAR.com


Слайд 26 2. Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көру
(қосымша: 1,

2. Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көру(қосымша: 1, 2, 3, 4

2, 3, 4 фильмдерін көру)

2. Мәнерлеп оқу «Шәкірт»,

«Таза бұлақ» өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу, талдау.
 

Слайд 27 Шәкірт
Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде,
Ұйықтаған үлкен шаһар

ШәкіртАй жарық, салқын ауа, күзгі түнде,Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде.Жалғыз-ақ тырыс

жатыр күйде.
Жалғыз-ақ тырыс шәкірт кітап ұстап,
Есінеп ояу отыр пәтер

үйде.
Дегенмен отыр ояу жалғыз сүлде,
Ұмытқан басқа істің бәрін мүлде.
Әкеткен ой жетелеп, рухын билеп,
Алысқа әлдеқайда жапан түзге.
Ойлайды ол: ашсам сырын, тапсам ғылым,
Жұртым-ау қылсам еңбек, болып құлың...
Кітапты екі қолдап қысып ұстап,
Иіріп отыр іштен қиял жібін.
Мұқтаждық мейірімсіз жолын бөгеп,
Байлар жоқ мұны көріп берген көмек.
Түгелдеп киім, тамақ, оқу хақын,
Шамасы аз жеткізе алмай жүрген жүдеп…

Слайд 28 Таза бұлақ

Бар екен таудан аққан таза бұлақ,
Түк ел

Таза бұлақБар екен таудан аққан таза бұлақ,Түк ел жоқ маңайында қылған

жоқ маңайында қылған тұрақ.
Жағалай біткен ағаш жапырақты,
Жайқалып күн мен

желден тұрған қорғап.
Шілденің тас қыздырған ыстық күні,
Мөп-мөлдір суы салқын, әйбат түрі.
Шыныдай жалтыраған тазалығы
Көрініп айнадай боп жатқан түбі.
Жиһангез үш жолаушы келе жатқан,
Шөлдеген ыстық күнде таңдай қатқан.
Кез болып бақытына әлде қалай,
Су ішіп мейірі қанған сол бұлақтан.
Рахат сусын қанып, жан жайланып,
Қарап тұр аққан суға қайран қалып.
Көреді суағардан жазулы тас,
Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.
Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай:
Жапанда жазуы бар неткен тақтай?!
Жазылған оқып көрсе, сөзі мынау:
«Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!»…

Слайд 29 3. «Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман

3. «Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман көрінісінен көп жағдайды

көрінісінен көп жағдайды аңғартар туынды. Тұңғыш роман ретіндегі маңызымен

қатар  салт-дәстүрге байланысты да оқушыларға мол мағұлымат береді.



Слайд 30 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып,

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің

әр оқушыға үзіндінің тілін талдау, мазмұнымен қысқаша таныстыру тапсырылады.
2-тапсырма.

Қысқа да нұсқа, шешен де шебер сөйлеу. Әр оқушының жауабы тыңдалады.

Слайд 31 3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.


•  Ерулік - жаңа көшіп келген үйді

3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.•  Ерулік - жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.•  Лау байлату

қонаққа шақыру.
•  Лау байлату - ат дайындау.
•  Әмеңгер - «аға өлсе,

іні мұра».
•  Күндестік - бәйбіше мен тоқалдардың бірін-бірі көре
алмауы.
•  Ұрын келіп қалыңдық ойнау - күйеудің тойдың
алдында қалындыққа келуі.
•  Сүйек сындыру - ата-анасын ұятқа қалдыру.


Слайд 32 4-тапсырма. Жоспармен жұмыс.
1. Ел жағдайы, заман көрінісі.
2. Сәрсенбайдың

4-тапсырма. Жоспармен жұмыс.1. Ел жағдайы, заман көрінісі.2. Сәрсенбайдың бір перзентке зар

бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.
3.

Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы.
4. Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.
5. Билік үшін Байжанмен құдаласуы.
6. Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы.
7. Жамал мен Ғалидың бірін-бірі сүюі, көңіл қосуы.
8. Ғалидың Жамалды алып қашуы.
9. Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы.
10. Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі.
11.Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі.

Слайд 33 5-тапсырма. Кейіпкерлерге мінездеме. Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде

5-тапсырма. Кейіпкерлерге мінездеме. Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде кездескен кейіпкерге мінездеме

кездескен кейіпкерге мінездеме береді. Бірін-бірі толықтырады.
Жамал - ақылды, көрікті,

зерек, ақынжанды қыз, ескіше хат таниды. Оның Ғалимен қашып кетуі, Жұманның қорлығына шыдамай қалаға кетуге әрекет жасауы –оның ерекше мінез-құлқын білдіреді.
 Ғали - орта бойлы, мінезі сыпайы, әдепті, талапты, уәдесіне берік, білімді жігіт. Саудамен айналысады, Жамалдың теңі, екеуі бірін –бірі ұнатып, бірін-бірі сүйген соң Жамалды алып қашады. Кенеттен ауырып қайтыс болады.
Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, момын, мал баққан малды адам, «өз басында еркі жоқ, әркімнің қыздырма тіліне ерген адам».
Жұман-ақылсыз, шаруаға қыры жоқ, ынжықтығынан құрбы арасында күлкі болған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалған намысқой бай баласы.
 Байжан - өте күрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескі салттың қорғаушысы, барымташы, жалған жалақор, пәлеқор адам.

Слайд 34 6-тапсырма. Романдағы мақал-мәтелдермен жұмыс.

•    Мал бітпес жігіт болмас, құрарына

6-тапсырма. Романдағы мақал-мәтелдермен жұмыс.•    Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара, Ұл таппас

қара,
Ұл таппас әйел болмас, тұрарына қара.

•   Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
•  Ата даңқымен қыз өтеді,
Мата даңқымен бөз өтеді.
•  Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа.
• Қашқан жауға қатын ер.
• Бір көрген біліс, екі көрген таныс.
• Талапты ерге нұр жауар.

Слайд 35 7-тапсырма. Көп нүктенің орнына салт –дәстүрге байланысты сөздің

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына салт –дәстүрге байланысты сөздің лайығын қой.   Қыстай бір

лайығын қой.

   Қыстай бір - біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан

астас, тойлас болған ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ...... шақыра бастады.
    Молда опат болған соң, қатынын бір жақын кедей ...... алып, әлгі екі жетім бала соның қолына шыққан еді.
      Қалампыр һәр уақыт Шолпанды ............ сөзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.
     «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ..........»-деген өсек расқа шықты.

(Керекті сөздер: әмеңгері, күндестікпен, ерулікке, ұрын келіп қалыңдық ойнайды)

Слайд 36 ІV. Бекіту
Міржақып Дулатовтың шығармашылығы бойынша тест тапсырмасын

ІV. Бекіту Міржақып Дулатовтың шығармашылығы бойынша тест тапсырмасын құрастыру. Тест 10

құрастыру. Тест 10 сұрақтан, 2-3 дұрыс жауап болу керек.


  • Имя файла: mіrzhaқyp-dulatov-shәkіrt-taza-bұlaқ-өleңderі-baқytsyz-zhamal-romany-І-kurs.pptx
  • Количество просмотров: 134
  • Количество скачиваний: 0