Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Адами қарым-қатынас ізгіліктері тақырыбына слайд

Достар жыры Сөзі:Т. Молдағалиев
Қарым - қатынас мәдениеті Достар жыры 1-ойынӘңгімелесуІ топ: Адамға қарым-қатынастың қажеттілігі неде? Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру қажет деп Назар аударыңызӨмір-теңіз, жүзем онда демеңізІзгілікпен жасалмаса кемеңіз. “Қарым – қатынас мәдениеті”(постер қорғау) Шығармашылық жұмыс Жүректен жүрекке... Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:Кез келген Аңса жаным
Слайды презентации

Слайд 2 Достар жыры

Достар жыры

Сөзі:Т. Молдағалиев
Әні:Ә. Бейсеуов
Адал достық, ақ махаббат, ақ тілек,
Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.
Досың болса,көңілін тап әрқашан,
Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.
Қ/сы:
Достық- көңілдің жалауы,
Достық- жүректің қалауы,
Достық озып біздерден,
Еркін ертеңге барады

Қайда жүрсек хат жазысып тұрайық,
Хат жазысып халімізді сұрайық.
Екіншіміз күлдірейік күн болып,
Біреуіміз жүрген болсақ мұңайып.
Қ/сы:
Достық әні-бар дауыспен айтарым,
Достық үні-ең биік үн, байтақ үн.
Досым сенің ауылыңа, үйіңе,
Көңіліңмен күнде барып қайтайын.

Слайд 3 1-ойын
Әңгімелесу

І топ:

Адамға қарым-қатынастың қажеттілігі неде?

Адамдармен қарым-қатынасты

1-ойынӘңгімелесуІ топ: Адамға қарым-қатынастың қажеттілігі неде? Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру қажет

қалай құру қажет деп ойлайсың?

ІІ топ:

Қоршаған ортамен қалай

қарым-қатынас жасауға тиіспіз?

Өзгелермен қалай қарым-қатынас жасайсың?

Слайд 5

2-ойынШығармашылық жұмыс, топтық

2-ойын

Шығармашылық

жұмыс, топтық жұмыс


1.Парақтар таратылады.
2.Оқушылар екі топқа бөлінеді.
3.Әр топ бір қасиетті суырады. 4.Берілген қасиеттер бойынша тақпақ шығарады.

Слайд 6

“Жан жарасы жазылмайды”

“Жан жарасы

жазылмайды”

Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға жүрегіне ауыр тиетін сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.


1.Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?
2.“Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Сіз сол баланың орында болсаңыз, ашуланған кезде өзге туралы жамандық айтасызба?

Слайд 7 Назар аударыңыз





Өмір-теңіз, жүзем онда

Назар аударыңызӨмір-теңіз, жүзем онда демеңізІзгілікпен жасалмаса кемеңіз.

демеңіз
Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз.

Рудаки

1. Бұл дәйексөзден не түсіндіңдер?
2.Бұл дәйексөзден не үйрендіңдер?



Слайд 8
“Қарым – қатынас мәдениеті”
(постер қорғау)
Шығармашылық жұмыс

“Қарым – қатынас мәдениеті”(постер қорғау) Шығармашылық жұмыс

Слайд 10 Жүректен жүрекке...

Жүректен жүрекке...

Слайд 11 Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына

Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:Кез

жағдайларды есіңізге ұстаңыз:

Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін.

Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.

Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.

Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.

Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.

Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.

Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

  • Имя файла: adami-қarym-қatynas-іzgіlіkterі-taқyrybyna-slayd.pptx
  • Количество просмотров: 341
  • Количество скачиваний: 0