Сөйлесе білу
де өнер.
FindTheSlide.com - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.
Email: Нажмите что бы посмотреть
Презентация на тему Презентация по самопознанию на тему Сөйлесе білу де өнер (5 класс), из раздела: Разное. Эта презентация содержит 12 слайда(ов). Информативные слайды и изображения помогут Вам заинтересовать аудиторию. Скачать конспект-презентацию на данную тему можно внизу страницы, поделившись ссылкой с помощью социальных кнопок. Также можно добавить наш сайт презентаций в закладки! Презентации взяты из открытого доступа или загружены их авторами, администрация сайта не отвечает за достоверность информации в них. Все права принадлежат авторам презентаций.
Тыныштық сәті.
(үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады)
Балалар, көзімізді жұмып,біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет,әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке,ізгілікке толы әдептілік әлеміне саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда отбасымыз, жақындарымыз, достарымыз,олар сондай ерекше адамдар,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Сүйіспеншілік, мейірімділік,ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді жақсы сезімге толтырады.Адамдар әрқашанда бір-біріне тек жақсылық жасап, қуаныш, ізгілік нұрын сыйлап, әдептілік танытып жатса, қандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақытта келді. Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын, әдептілік әліппесін өзімізбен ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.
Ал, балалар өзіміздің жан-дүниемізден қандай өзгерістерді сезіндік?
- Сол сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды ала келдік?
Дәйексөз
«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі»
І.Омаров
Мәтінмен жұмыс
Үнді аңызы
« Не айтаыныңды ойлап ал» атты мәтінін оқу.
Оқушыларға сұрақ:
Данышпан әйелге қандай тәлім берді?
Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Неліктен біреу туралы ғайбат сөз айтуға болмайды?
Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын
адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды
әсер етеді. Адам есту, тыңдау арқылы шебер болады.
Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп, туралықты айту
адам жанының тазалығын көрсетеді.
Мәдениетті адам не айту керектігін
алдын ала ойланып алады.
Шығармашылық жұмыс
Сахналау
І топ Көшеде достармен сөйлесу әдебі
ІІ топ Дастархан басында үлкендермен сөйлесу әдебі
ІІІ-IVтоп Көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесу әдебі
Топпен ән айту
Бір ауыз сөз
Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.