Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Әлеуметтану ғылым ретінде

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Society» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы
Әлеуметтану ғылым ретіндеSLAID-KZ.RU «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Society» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын “Қоғам-индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен тұратын, ерекше қасиетке ие «Адамдағы жеке тұлға дегеніміз күрестің нәтижесі... Адамда, күмәнсіз екі «мен» бар, ақиқатты,
Слайды презентации

Слайд 2 «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Society» қоғам және гректің

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Society» қоғам және гректің logos – ілім,

logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану

қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді.

Слайд 4 "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік

философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік

ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.


Слайд 5 Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт

Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл

өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің

арқасында дамыды.Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның тұғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла қарекет жасайтын тәндік, өмірлік және психикалық себептердің қарекеті деп түсіндіру болып табылады.

Слайд 6 “Қоғам-индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен

“Қоғам-индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен тұратын, ерекше қасиетке

тұратын, ерекше қасиетке ие жүйе. Әрине, ұжымдық өмір дараланған

сананың
қалыптасуын көрсететді, бірақ бұл қазіргі жағдайда жеткіліксіз. Бұл сана ерекше түрде
дамуға, үйлесімділікке қол жеткізуі тиіс. Осы үйлесімділіктен келіп әлеуметтік өмір
туындайды ”
Э. Дюркгейм Қоғамдық еңбектің бөлінуі. М., 1991.

“Индивидтен ойлаудың қайнар көзін іздейміз. Осыдан келіп қателік туындайды. Біріншіден, адам ойының негізі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадан, әлеуметтік топтан туындайды. Адам өзін қоршаған әлеуметтік ортаныңәсерімен ойланады”
Л. Гумплович Основания социологий. М., 1991.



Ғұламалар сөздері


  • Имя файла: Әleumettanu-ғylym-retіnde.pptx
  • Количество просмотров: 133
  • Количество скачиваний: 1