Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары

Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды түрде еңгізілуі оқушының жеке тұлға ретінде дамуына үлкен із қалдырады. Қазіргі танда бүкіл ақпарат ағымы, жарнамалар, телеарнада, сабақтарда, компьютерлік технологияны қолдануы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың,
«Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары»Нұрмұқашева Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды түрде еңгізілуі Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағының күрделі мәселелерінің бірі – тіл дамыту Әр сабақта оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істетіп, тапсырмаларды ұлттық салт – дәстүрмен ұштастырып, Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының тілі баиды, грамматикалық формаларды түсініп, меңгереді, синтаксистік «Сый табақ»Қымыздың қызыуы қайтып, әңгіме байсалды арнаға көшті. Жаңа ғана сойылған тай жеке оқу, хормен оқу, сөз тіркестерін, сөйлем 1. Мәтіннің түрін ажырат: а) әңгімелесу 9. Сөзжұмбақты шеш:Кісінің аты.Сусын атауы.Ең құрметті қонақ қалай аталады.Ас салатын ыдыс.Ыдыс - 11. Мәтіннің ішіндегі сөз тіркестерді еске түсір, ұяшыққа жаз:Қымыздан кейін көпшілік алдарындағы Тапсырма.Берілген сөздер арқылы «Мемлекеттік тіл туралы» мәтін құрастырыңыз.    Сөздер: Тапсырма: жұмбақтың жауабын үш тілге (қазақша, орысша, ағылшынша) айт, жаз.Үй үстіндегі асыл Диалог құрастыр: “Сен қандай үйірмеге қатысасын?”  Керекті сөздер: Ұнайды – нравитсяҚатысамын Ребусты шеш, мақалды көшіріп жаз, морфологиялық талдау жаса.
Слайды презентации

Слайд 2 Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық

Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды түрде

салаларына қарқынды түрде еңгізілуі оқушының жеке тұлға ретінде дамуына

үлкен із қалдырады. Қазіргі танда бүкіл ақпарат ағымы, жарнамалар, телеарнада, сабақтарда, компьютерлік технологияны қолдануы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың, оқулықтардың, автоматтандырылған техниканың көбейюі оқушы тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып – білуіне, үйренуіне мықты әсер етеді. Осыған орай, біздер, ұстаздар жаңа ғасырдың талабынан арта қалмай нығым басып жүруіміз керек.
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында: « ...қазақ тілдің оқыту мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп көрсеткен. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары қарастырылып келеді. Кез келген жаңа технология оқытушының терең теориялық білімін, үлкен педагогикалық шеберлігін, оқушының жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.

Слайд 3 Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағының күрделі мәселелерінің

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағының күрделі мәселелерінің бірі – тіл

бірі – тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың қазақ тілін

үйрену – танымдық процесс, себебі - өз тілінен басқа тілді менгеру.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу қазіргі мектептерде - тіл мен сөйлеу процесін диференциалды оқыту. Біз оқушының сөйлеу тілінде дамытуға тиістіміз.Осыған орай, оқытушы қазақ тілі сабағында тілді дамытып, байланыстырып сөйлеу, тілдік материалдарды дұрыс пайдалану, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясымен сөйлеу практикасының бір – бірімен қарым – қатынасы түрлі жаттығулар жұмыстары арқылы жүзеге асады. Қазақ тілі сабағында оқытушы оқушының логикалық жағынан дұрыс, анық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта, жаза білуге үйретуге тиіс. Осыған байланысты тіл дамыту принциптері:
Сөйлеу мен ойлаудың негізгі принциптері,
Ауызекі сөйлеу мен жазбаша тілдің принциптері
Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыр жүргізу принциптері,
тіл дамыту жұмыстарын стилистикамен байланысты жүргізу.
оқушыны ауызша әдеби тілде сөйлеуге үйрету, фонетика негіздерін түсіндіру.

Слайд 4 Әр сабақта оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істетіп, тапсырмаларды ұлттық

Әр сабақта оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істетіп, тапсырмаларды ұлттық салт – дәстүрмен

салт – дәстүрмен ұштастырып, халық педагогикасымен байланыстырып отырған жөн

деп ойлаймын.
Халық педагогикасы – халықтың кәсібімен, салт – дәстүрімен, дінімен, тарихымен, өнерімен біте қайнасып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Осы мүраны дұрыс қолданып, өзге ұлқа өз еліміздің жақсы қасиеттерін еңгізе алсақ – ұлттың, елдің болашағы бар деп сеңуге болады.
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері көп екенің әр оқытушы біледі.
Мен шағын баяндамамамда мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарының түрлеріне тоқтап кеткім келеді.
Мәтін – бірнеше сөйлемнен құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Оқушылар мәтінді келесі түрлер арқылы қабылдайды: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау. Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде тек оқытушының өзі емес, оқушыларда қатысып, топта талқыланады. Сипаттау арқылы мысалы бір нәрсенің бейнесін не табиғат көріністерін сипаттайды. Пайымдау дегеніміз – бір сөзбен алғанда, болжау дегенді білдіреді. Мәтін арқылы оқушының ой - өрісі дамиды, тіл байлығы жетіледі.

Слайд 5 Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының тілі баиды, грамматикалық

Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының тілі баиды, грамматикалық формаларды түсініп, меңгереді,

формаларды түсініп, меңгереді, синтаксистік конструкцияларды ажыратады, мәнерлеп оқу, сөйлеу

дағдылары қалыптасады. Мәтін неше сөйлемнен құралса да, бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек. Мәтінді қабылдау үшін жүргізілетін жұмыстар:
Алдын ала жүргізілген әңгімеде оқытушы оқылатын мәтінде кездесетін жаңа мен қиын сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруі тиіс. Жаңа мәтінді толық қабылдау үшін:
Кіріспе сөз
Сөздік жұмысы
Оқытушының мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі
Сұрақтар арқылы не түсінгенің, қалай түсінгенің байқау.
Оқушылардың оқуы, бөлімдерге бөліп оқу, тізбектеп оқу т.б. түрлері.
Түсінгендері бойынша тапсырмалар орындау.
Тапсырма орындау уақытына қарай үш топқа бөлінеді:
қабылдау қиындықтарын жою мақсатындағы мәтінмен танысқанға дейінгі тапсырма,
мазмұнын түсіндіруге, түсінуге көмектесетін мәтінішілік тапсырма,
мәтінмен танысқаннан кейінгі тапсырма.

Слайд 6 «Сый табақ»
Қымыздың қызыуы қайтып, әңгіме байсалды арнаға көшті.

«Сый табақ»Қымыздың қызыуы қайтып, әңгіме байсалды арнаға көшті. Жаңа ғана сойылған

Жаңа ғана сойылған тай еті де піскен еді. Табақ

тартыла бастады. Ораз – Мұхамедке жеке табақ, бектерге екеу ара, қалған қауымға үшеу ара, төртеу ара бір табақ. Мәртебесі жоғарыларға жаңа ғана айналдырған қос қазы мен бітеу жамбас. Басқаларға әр түрлі жіліктермен омыртқа, бұғана, жал мен қарта тартылған.
Ораз – Мұхамедтің алдындағы үлкен табақта басқа сыйлы мүшелермен қатар тайдың тұтас пісірілген қос телшесі бар. Сұлтан әуелі бір кесіп, өзі ауыз тиді. Көшекке дәм татырды. Содан соң атап шақырып, өз қолымен билерге ет асатқан.
Қымыздан кейін көпшілік алдарындағы табақтарға жапырылай қол созған.
Езіле піскен жас етті жұлып, тоқпан жілікті тұтасымен ұстаған қалпы тісімен жұлқып, әркім өзінше тіршілік қамында.
Бие сауым уақытта жаңа ғана сойылған тайдың еті түгелімен желініп, ада болды.
Тоғымызды басамыз деп құрт қосқан бір – бір аяқ майлы сорпаны тағы ішіскен.

(М.Мағауин. «Аласапыран» кітабынан).


Слайд 7 жеке оқу, хормен оқу, сөз тіркестерін, сөйлем

жеке оқу, хормен оқу, сөз тіркестерін, сөйлем

құрастыру

Ет асатқан – угостили

Сый табақ – почетное блюдо

Байсалды арна – ровное, спокойное русло

Табақ – блюдо, большая чаша

Бие сауым (уақыт) – вскоре (30 – 40 минут)

Сөздікпен жұмыс:


Слайд 8 1. Мәтіннің түрін ажырат: а) әңгімелесу

1. Мәтіннің түрін ажырат: а) әңгімелесу

ә) сипаттау
б) пайымдау

Мәтін бойынша тапсырмалар:

2. Мәтінде қанша кейіпкер бар?

3. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыз.

4. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

5. Мәтіннен антоним сөздерді табыңыз, көшіріп жазыңыз.

6. Мәтінді суреттеңіз.

7. Сөздерді пайдаланып, мәтін бойынша диалог құрастыр: сый табақ, мәртебесі жоғарылар, табақта, майлы сорпа.

8. Берілген әріптерді басу арқылы мәтіннің үзіндісін құрастыр: тартымды, Көшекке, дәм. Тиді, әуелі, Сұлтан, кесіп, ауыз, бір, өзі.


Слайд 9 9. Сөзжұмбақты шеш:
Кісінің аты.
Сусын атауы.
Ең құрметті қонақ қалай

9. Сөзжұмбақты шеш:Кісінің аты.Сусын атауы.Ең құрметті қонақ қалай аталады.Ас салатын ыдыс.Ыдыс

аталады.
Ас салатын ыдыс.
Ыдыс - ...
Қонаққа ұсынылатын жілік.
«еда» сөзінің аудармасы.
Ұлттық

тағам.


Слайд 10 11. Мәтіннің ішіндегі сөз тіркестерді еске түсір, ұяшыққа

11. Мәтіннің ішіндегі сөз тіркестерді еске түсір, ұяшыққа жаз:Қымыздан кейін көпшілік

жаз:
Қымыздан кейін көпшілік алдарындағы .........жапырылай қол созған. Табақ тартыла

..........бастады.

12. Мәтінге байланысты мақал – мәтелдерді еске түсіріп, келтір.

13.Қазақ халқының қонақжайлығы мәтіннің ішіндегі қай сөйлемнен
байқалады?

14. Қазақ халқының жомарттылығы мәтіннің ішіндегі қай сөйлемнен байқайсыз?

15. Берілген сөздер арқылы мәтін құрастыр: Ораз – Мұхамедке, тай еті, әр түрлі, тұтас, қымыздан кейін.

16. Әріптерден сөз құрастыр, мәтіннен тексер: Т
Қ
С
Ы
Б
М

Слайд 11 Тапсырма.
Берілген сөздер арқылы «Мемлекеттік тіл туралы» мәтін құрастырыңыз.

Тапсырма.Берілген сөздер арқылы «Мемлекеттік тіл туралы» мәтін құрастырыңыз.  Сөздер:



Сөздер:
Үйрену -


Өйткені -
Келешек –
Сөйлесу –
Тақырып бойынша –
Мазмұн –
Арнау -



Слайд 12 Тапсырма: жұмбақтың жауабын үш тілге (қазақша, орысша, ағылшынша)

Тапсырма: жұмбақтың жауабын үш тілге (қазақша, орысша, ағылшынша) айт, жаз.Үй үстіндегі

айт, жаз.
Үй үстіндегі асыл тас,
Алайын десем табылмас.
Тілі бар,

үні жоқ, өзін адам түсінген,
Жүрегі бар, қолы жоқ, сөйлеп тұрған ішінен.

Сырт – сырт соғады,
Уақыт озады.

Көне өмір тарихын, сипаттап берер бізге кім?



Слайд 13
Диалог құрастыр: “Сен қандай үйірмеге қатысасын?”

Керекті

Диалог құрастыр: “Сен қандай үйірмеге қатысасын?” Керекті сөздер: Ұнайды – нравитсяҚатысамын

сөздер:

Ұнайды – нравится
Қатысамын – посещаю
Асыға күтемін – жду

с нетерпеньем.



  • Имя файла: memlekettіk-tіlde-oқymaytyn-mektepterdegі-қazaқ-tіlі-sabaқtaryndaғy-tіl-damytu-zhұmystaryn-zhүrgіzu-zholdary.pptx
  • Количество просмотров: 107
  • Количество скачиваний: 0