Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу əдіс-тəсілдері

Шындық туралыШындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба. Ар-ақиқат үкімі жасалғанда, Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да. Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да, Ат жалынан мал тапқан жылымдар да. Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Аль-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Факультет:Философия және саясаттану Кафедра:Педагогика және білім беру Шындық туралыШындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба. АқиқатАқиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау ұйымы Объективті ақиқат — білімінің адамға  да , адамзатқа да Ақиқатты тану сұрақтарыМен кіммін?Менің өмірдегі мақсатым не?Ақиқатқа қалай қол жеткізе аламын?Қазіргі сəтте Ақиқатты қалай тани аламыз?  Дүниедегі әрненің өзіне ғана тән сипаты, мәні,  Мерзімі: 04.11.2017жТақырып: Ақиқат- шындықта.Құндылық: дұрыс іс - әрекет Қасиеттер: әділдік; шындықты айту;қарапайымдылық;өз-өзіне Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.-Көңіл-күйлеріңіз Тыныштық сəті Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын Дəйексөз «ШЫНДЫҚ ШЫРАҒЫ ДАУЫЛ СОҚСА ДА ӨШПЕЙДІ» Əңгімелеу«ӨСИЕТ»ӘКЕСІ ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫП БАЛАСЫН ШАҚЫРЫП АЛЫП СОҢҒЫ СӨЗІНДЕ: «БАЛАМ МЕНІҢ БІР «Еңбек өмір мəні» тақырыбында эссе жазуҮй тапсырмасы Соңғы тыныштық сəтіСоңғы тыныштық сәтi. «Мелодия – Дождь»Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Слайды презентации

Слайд 2 Шындық туралы
Шындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан

Шындық туралыШындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан қаша алған

қаша алған ба. Ар-ақиқат үкімі жасалғанда, Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да. Қолға

тұрар қулар да, зұлымдар да, Ат жалынан мал тапқан жылымдар да. Арамзаны, ұрыны жұлып түспей, Ақиқаттың алмасы суынған ба! Шындық деген - шымылдық біреулерге, Қалқа қылып шындықты жүрер пенде. Шымылдығын шындық кеп жұлып алса, Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

Слайд 3 Ақиқат
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

АқиқатАқиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы

Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам

санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.

Слайд 4 Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау ұйымы
Объективті ақиқат — білімінің

Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау ұйымы Объективті ақиқат — білімінің адамға  да ,

адамға  да , адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. 
Абсолюттік ақиқат — затты

толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.

Слайд 5 Ақиқатты тану сұрақтары
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Ақиқатқа қалай

Ақиқатты тану сұрақтарыМен кіммін?Менің өмірдегі мақсатым не?Ақиқатқа қалай қол жеткізе аламын?Қазіргі

қол жеткізе аламын?
Қазіргі сəтте мен қалай толық өмір сүре

аламын?

Өзімнің ішкі менімді қалай тани аламын?


Слайд 6 Ақиқатты қалай тани аламыз?

Дүниедегі әрненің өзіне

Ақиқатты қалай тани аламыз? Дүниедегі әрненің өзіне ғана тән сипаты, мәні,

ғана тән сипаты, мәні, бұлжымас хақ заңдылығы бар. Демек

осы хақты анық білу білім де, қалғанының барлығы – жалғанды ақиқат деп тану, яғни білу емес –  білмеу, ақиқатты білмеу. Жалғанды ақиқат деп тану – өзінің адасқанын білмеу. Бұндай «білім», яғни адасу, неге апаратынын қоғамның бүгінгі ахуалынан пайымдай беріңіз. Тастай қараңғы жердегі қаптаған заттардың әрқайсысын жыға тану мүмкін еместігі сияқты, менің ойымша деумен дүниенің ақиқаты ешқашанда табылмайды.

Слайд 7  
Мерзімі: 04.11.2017ж
Тақырып: Ақиқат- шындықта.
Құндылық: дұрыс іс - әрекет

 Мерзімі: 04.11.2017жТақырып: Ақиқат- шындықта.Құндылық: дұрыс іс - әрекет Қасиеттер: әділдік; шындықты


Қасиеттер: әділдік; шындықты айту;қарапайымдылық;өз-өзіне адал болу;
Мұғалім: Мамбетниязова А. Жарылқап

У. Қыдырбай А. Әбдуқадыр Г.
Сынып: 5 сынып
Оқушылар саны: 24

Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу əдіс-тəсілдері


Слайд 9 Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме


-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ақиқат-шындықта».


Слайд 10 Тыныштық сəті
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан

Тыныштық сəті Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды,

шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды,

аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты- неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Слайд 12 Дəйексөз
«ШЫНДЫҚ ШЫРАҒЫ ДАУЫЛ СОҚСА ДА ӨШПЕЙДІ»

Дəйексөз «ШЫНДЫҚ ШЫРАҒЫ ДАУЫЛ СОҚСА ДА ӨШПЕЙДІ»

Ғ.МҰСТАФИН

Слайд 13 Əңгімелеу
«ӨСИЕТ»
ӘКЕСІ ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫП БАЛАСЫН ШАҚЫРЫП АЛЫП СОҢҒЫ

Əңгімелеу«ӨСИЕТ»ӘКЕСІ ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТЫП БАЛАСЫН ШАҚЫРЫП АЛЫП СОҢҒЫ СӨЗІНДЕ: «БАЛАМ МЕНІҢ

СӨЗІНДЕ: «БАЛАМ МЕНІҢ БІР ТІЛЕГІМ БАР, ОРЫНДАЙСЫҢ БА?-ДЕПТІ. АЖАЛ

АУЗЫНДАҒЫ ӘКЕ ТІЛЕГІН ОРЫНДАМАЙТЫН БАЛА КЕМДЕ-КЕМ, «ОРЫНДАЙМЫН ӘКЕ!»
ЕНДЕШЕ МЕНІҢ АЯҒЫМДАҒЫ НӘСКИІМДІ ШЕШПЕЙ ЖЕРЛЕТ ЖӘНЕ МЫНА ҚАҒАЗДЫ ЖЕРЛЕП БОЛҒАН СОҢ ОҚЫ, ОҒАН ДЕЙІН ОҚЫМА» ДЕПТІ.
ШАЛ ӨЛДІ. ЖЕРЛЕУ РӘСІМІ БАСТАЛҒАНДА БАЛАСЫ. «ӘКЕМНІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ ЕДІ,НӘСКИІМЕН ЖЕРЛЕЙІК»- ДЕП ӨТІНЕДІ. БІРАҚ ШАРИҒАТ ЗАҢЫ БОЙЫНША ҚАЛАЙ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ, СОЛАЙ ЖЕРЛЕНЕДІ АҚЫРЫ. ӘКЕСІН ЖЕР ҚОЙНЫНА ТАПСЫРҒАН ТАПСЫРҒАН ЖІГІТ, ОҢАША ЖЕРГЕ БАРЫП ҚАҒАЗДАҒЫ ЖАЗУДЫ ОҚИДЫ. «БАЛАМ, ӨЗІҢ КӨРГЕНДЕГІДЕЙ МЕН О ДҮНИЕГЕ ЖЫРТЫҚ НӘСКИДЕ АЛЫП КЕТЕ АЛМАДЫМ. ДҮНИЕГЕ КӨП ҚҰНЫҒА БЕРМЕ» ДЕГЕН ЖАЗУ БАР ЕКЕН ӘЛГІ ҚАҒАЗДА.
СҰРАҚТАР:
АҢЫЗДЫҢ ОЙ ТЕРЕҢДІГІ НЕДЕ?
ӘКЕСІ ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ БЕРДІ?

Слайд 16 «Еңбек өмір мəні» тақырыбында эссе жазу
Үй тапсырмасы

«Еңбек өмір мəні» тақырыбында эссе жазуҮй тапсырмасы

Слайд 17 Соңғы тыныштық сəті
Соңғы тыныштық сәтi.
«Мелодия – Дождь»
Баяу

Соңғы тыныштық сəтіСоңғы тыныштық сәтi. «Мелодия – Дождь»Баяу әуен қойылады. Оқушылар

әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып

отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
Әр қайссымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.
 
 


  • Имя файла: aқiқat-құndylyғy-boyynsha-sabaқ-өtkіzu-ədіs-təsіlderі.pptx
  • Количество просмотров: 80
  • Количество скачиваний: 2