Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему тәрбие сағаты Мүшел жас - мерейлі жас (7 сынып)

7 сынып оқушыларыСынып жетекші: Айымгүл Қайратқызы
13 – жас алғашқымүшел 7 сынып оқушыларыСынып жетекші: Айымгүл Қайратқызы
Слайды презентации

Слайд 2 7 сынып оқушылары
Сынып жетекші: Айымгүл Қайратқызы

7 сынып оқушыларыСынып жетекші: Айымгүл Қайратқызы

Слайд 3

13 жас туралы Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды. Қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау: Жасым жетіп он беске, Кірер ме екем кең есікке, Бұғана қатып, бел бекіп! Ерегіскен дұшпанмен Шығар күн туса күреске! – деп талпынса, Алмажан Азаматқызы: Он төртіме келгенде, Салиқалы қыз болдым Жібектей шашын талдаған, - деп , бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.

Слайд 4

25 жас туралы Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез. Бұл дәуірдегі Жүсіп Баласағұн: Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да, Игіліктің ода берген, - деп дәріптесе , Абай: Жастықтың аты арындап Тас қияға өрледің, - дейді. Шал ақын: Жиырма бес – енді келмес албырт жассың, Қайратың қиратқандай таудың тасын, - деп тамсана жырына қосқан.

Слайд 5

37 жас туралы Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. Бұл уақытты Жүсіп Баласағұн: Жаста келіп қырықпенен астасар, Ерттеп қойған құр аттай, - деп бедерлесе, Шал ақын: Қырық та бір жас екен, қырдан астым, Көңілді тасып жүрген әрең бастым, - деп сабасына келеді.

Слайд 6

49 жас туралы Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы. Бұқар жырау: Елу деген жасыңыз, Ода бір көшкен ел екен, - деп толғанса, бұл кезеңді: Елу де бір жас екен есептеулі, Есептеп елдің жөнін білсек дейді. Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп, Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.

Слайд 7

61 жас туралы Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез. Бұл мезгілді Бұхар жырау: Алпыс деген жасыңыз Қайғылы – мұңлы кұн екен, - деп мойындаса, Шал ақын: Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күн екен... Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні, Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деп тоқтамға келеді.

Слайд 8

73 жас туралы Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Жүсіп Баласағұн: Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар, Жасарып ап жас келіндей ырғалар. Қуантар да, жалған салар сүргінге, Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе, Шал ақын: Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың, Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.

Слайд 9

85 жас туралы Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұхар жырау бұл уақытты: Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын: Сексенде таяғыңды серіппейсің, Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап мінейді.

  • Имя файла: prezentatsiya-tәrbie-saғaty-mүshel-zhas-mereylі-zhas-7-synyp.pptx
  • Количество просмотров: 441
  • Количество скачиваний: 5