Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Айтыс — синкреттік жанр

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық,
Айтыс Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктеріҚазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысыныңҚапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызыарасында өтеді. Бұл айтысты ең Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы — 1897, туған жерінде) Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал Мэлс Қосымбаев 1970 жылы туған,Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданы,Жылысу ауылы ) –
Слайды презентации

Слайд 2 Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол

топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр

жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

Слайд 3
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктеріҚазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе

ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен

өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр


Слайд 4
Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен

Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған.

“Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да

(қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.

Слайд 5
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі.

дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін

түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.

Слайд 6 Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысыныңҚапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызыарасында

Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысыныңҚапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызыарасында өтеді. Бұл айтысты

өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса

Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан.

Слайд 7 Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы

Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы — 1897, туған

— 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер.Ол

1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары

Слайд 8 Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері

Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының

қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман . Сара

мен Бiржан айтысы, 1871 Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі

Слайд 9 Мэлс Қосымбаев 1970 жылы туған,Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай

Мэлс Қосымбаев 1970 жылы туған,Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданы,Жылысу ауылы )

ауданы,Жылысу ауылы ) – ақын, филология ғылымының кандидаты(1999) Мектепте

оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарьша қатысты. 1990 жылы 3-республика ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысының және 2001 жылы Республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері.

  • Имя файла: aytys-sinkrettіk-zhanr.pptx
  • Количество просмотров: 172
  • Количество скачиваний: 3