Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Қазақстан халқының көпэтностық құрылымының қалыптасуының негізгі кезеңдері

Содержание

Жоспар:1.Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы.2.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы және миграциялық процестер.3. Индустриаландыру, ҰОС және тың игеру жылдарындағы Қазақстан халқы.
Дәріс 9.  Тақырыбы:  «Қазақстан халқының көпэтностық құрылымының қалыптасуының негізгі кезеңдері». Жоспар:1.Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы.2.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы және 1. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса 1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс Ресейден шаруаларды қоныс аудару тиісінше қазақ жерін тартып алу арқылы жүзеге асырылды. Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде 1897 жылғы санақ есебі Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық мөлшерін ұлғайтуға бағытталған шарасы Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс аударуы 1881–1883 жылдары жүзеге І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді. Олардың 1917 жылы жазда ауыл шаруашылық және қалалар бойынша санақ жүргізілді. Бұл санақ 1910 жылы Далалық өлкеге 1700 шетелдік азамат келген. Соның ішінде Қытайдан–274, 1914 жылдың соңына қарай Далалық өлкенің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан өлкесінің арнайы Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе су және темір жол 1917 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың ішіндегі қазақтардың үлес салмағы 59,8%-ды құрады. 2. Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі 1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Қостанай облыстары 1924 жылы 27 қазанда КСРО ОАК Қазақстан мен Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу 1920 жылдардың ортасынан бастап большевиктік партияның жоспары бойынша Кеңестер Одағында социалистік құрылыстың 1930 жылдардағы индустрияландыру, ұжымдастыру және күштеп депортациялау саясаты жүзеге асырылған уақытта Қазақстан 1920 жылдары Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып, ол күштеу-мәжбүрлеу арқылы жүзеге 1920 ж. соңы мен 1930 ж. басында КСРО аумағында аграрлық қоныс аудару Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс Бұл деректер халық санының өткен кезеңдермен салыстырғанда қаншалықты кеміп кеткенін айқын көрсетіп ХХ ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. КСРО-да большевиктердің Аштық, эпидемиялар, тұрмыстық келеңсіздіктер, бір отбасы мүшелерінің жан-жаққа бөлініп кетуі және ең Сонымен бірге, Қазақ жеріне ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аударылғандар ағыны артты. КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан мен Шешен – Ингуш Депортацияланған халықтардың тарихы аса күрделі кезең оқиғаларын қамтиды. Қазақтар 1930 жылдардағы бұрын-соңды 3. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға алғышарт 1943–1944 жылдары Қазақ жері мен Орта Азияға, Сібірге Солтүстік Кавказ бен Қырымнан 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, жалпы саны 150,1 мың Тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтар арасында ирандықтардан, күрдтерден, әзірбайжан мен армяндардан құралған 2,5 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы Қазақстандағы этникалық өзгерістердің жаңа 1954 жылы Компартия ОК пленумы «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс пен көлік саласы үшін Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей берді. Бұл жерде ерекше 1970 жылы қаңтарда кезекті халық санағы болып өтті. Бұл санақ қорытындысы бойынша 1960 жылдардан бастап Кеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға миграциялық үдерістер азая бастады. 1970 – 1979 жылдар аралығында ең жоғарғы өсім қазақтарда болған – 25%; 1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар тұрақты өмір сүрген. Төмендегі терминдерге анықтама бер:  Полиэтникалық –  Диаспора –  Консолидация – Урбанизация — Семинар 9.   1.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы және миграциялық процестер. http://vk.com/id322320611
Слайды презентации

Слайд 2 Жоспар:
1.Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы.
2.Кеңес кезеңіндегі

Жоспар:1.Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы.2.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы

репрессияланған халықтардың депортациясы және миграциялық процестер.
3. Индустриаландыру, ҰОС және

тың игеру жылдарындағы Қазақстан халқы.

Слайд 3 1. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда

1. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары

жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында

үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды.

Слайд 4 Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық

Осы кезеңнен бастап Қазақстанда құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып

құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады. Мысалы, Қазақ жерінің батысындағы

Орынбор қазақтары облысында, Бөкей Ордасында, Орал казак әскерінде қазақтардан басқа орыстар, татарлар, қалмақтар, армяндар, башқұрттар, түркімендер, өзбектер, еврейлер өмір сүрді. Ал Сібір қазақтары облысында (Қазақ жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық аумақтары) орыстар, поляктар, татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар және т.б. қоныстанды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан аумағына орыстар арасындағы ескі әдет-ғұрыпты ұстанушылар (старообрядцы) патша үкіметі мен шіркеу тарапынан жасалған әкімшілік және діни тұрғыда жасалған қысымнан бас сауғалап, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ қоныстанған болатын.

Слайд 5 1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі

1886 жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды.

туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару саясатына ұйымдасқан сипат беру

үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді. 1891 және 1892 жылдары аталмыш ереже Торғай мен Орал облыстарына да енгізілді.

Слайд 6 Ресейден шаруаларды қоныс аудару тиісінше қазақ жерін тартып

Ресейден шаруаларды қоныс аудару тиісінше қазақ жерін тартып алу арқылы жүзеге

алу арқылы жүзеге асырылды. 1885–1893 жылдары Ақмола және Семей

облысындағы қазақтардың иелігінен 284,843 десятина құнарлы жер тартып алынды. Қоныс аудару тасқыны, әсіресе, Жетісу облысына күшті болды. 1868–1880 жылдар аралығында бұл облысқа 3,324 шаруа отбасы көшіп келген. Сол себепті 1891 жылы Ішкі істер министрлігі Жетісуға қоныс аударуға арнайы шешім қабылдағанға дейін тыйым салған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатында Сібір темір жолы Комитетінің рөлі маңызды болды. Қазақ жері арқылы Транссібір темір жолының 178 шақырымды құрайтын бір бөлігі өткен еді. Ол Темір жолдың осы бөлігі үшін патша үкіметі 2,5 млн десятина жер кесіп алуды және бұл жерге 160 мың адамды қоныс аударуды жоспарлағанды.

Слайд 7 Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде

Патша үкіметінің жоспарлы жүргізілген қоныс аудару саясаты нәтижесінде 1897 жылғы санақ

1897 жылғы санақ есебі бойынша Далалық өлкеде қазақтар –

77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Санақ материалдарының өзіндік ерекшеліктері де болды. Санақ негізіне халықтың этникалық емес, адамның тілдік қатынасы басты нысан ретінде алынды. Егер украиндар, белорустар, еврейлар өздерінің ана тілі деп орыс тілін атаса, онда олардың ұлты орыс деп жазылған. Сондай-ақ, татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың кейбіреуі ана тілі ретінде қазақ тілін (сол кезде қырғыз немесе қырғыз-қайсақ) атаса, олардың да ұлты қазақ деп тіркелген.

Слайд 8 Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық

Өз кезегінде қазақтар санақ науқанына патша үкіметінің салық мөлшерін ұлғайтуға бағытталған

мөлшерін ұлғайтуға бағытталған шарасы деп, оған әрдайым күдікпен қараған.

Сол себепті көбінесе отбасы мүшелерінің санын азайтып беруге тырысқан. Бұл шамамен қазақтардың 10%-ы 1897 ж. санақ бойынша есепке алынбай қалуы мүмкін деген болжамға жетелейді. 1897 жылғы Ресей империясындағы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында барлығы 4 млн 147 мың адам өмір сүрген. Санақ нәтижелері анықтағандай, Қазақ жеріндегі үлес салмағы басым үш этникалық топты айқындауға болады: Халықтың саны бойынша: қазақтар 74–78%-ды, орыстар 10–13%-ды, украиндар 1–2%-ды құраған. Ұлттық құрамы жағынан алғанда басқа халықтар – 300 мың адам немесе 7,2% болды. Мысалы, 1897 жылы Қазақстанда 55 мың татар, 55 мың ұйғыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва өмір сүрген.

Слайд 9 Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан

Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихы Цинь империясының Құлжа аймағынан Жетісуға ұйғырлар мен

Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуымен де тығыз байланысты.

Бұл аймақтағы саяси жағдайға жергілікті халықтардың Қытай үкіметіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі елеулі әсер етті. 1864 жылы 7-маусымда Кучар қаласында дүнгендер көтеріліске шығып, ол бүкіл Синьцзян аумағын қамтыды және оған ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздар да қатысқан еді. Алайда, 1877 жылы бұл көтерілістерді Қытай әскері Қашқарда толығымен басып-жаншыған еді. Бұл аймақтағы саяси жағдай біршама тұрақтағаннан кейін 1881 жылы 12 ақпанда Петербургте орыс–қытай келісіміне қол қойылды. Бұл келісім-шартқа сәйкес сол өлкеде тұрып жатқан халыққа Қытай немесе Ресей бодандығын қабылдау жөнінде таңдау құқығы берілді. Сол себепті ұйғырлар мен дүнгендердің бір бөлігі Ресей империясы аумағында тұруға ниет білдірді.

Слайд 10 Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанға қоныс аударуы 1881–1883 жылдары

аударуы 1881–1883 жылдары жүзеге асырылды. Бұл аудандарға барлығы 45

мың ұйғыр (тараншы) және 5 мың дүнген қоныстанды. Олар негізінен Үсек, Шарын, Шелек, Талғар өзендері бойына орналасты. Сондай-ақ, олар тығыз қоныстанған аудандарда Жаркент, Ақкент, Ақсу – Шарын, Малыбай, Құрама және Қарасу болыстары ұйымдастырылды. 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша: дүнгендердің саны – 14,130, ұйғырлардың саны – 55,999 адамға жеткен. Қазақстанның этникалық құрылымының өзгеруіне патша үкіметінің революцияшыл пиғылдағы азаматтарды жер аудару саясаты да өз әсерін тигізген еді. Дегенмен, ол демографиялық ахуалды қалыптастырудағы шешуші фактор болмаса да, Қазақ жерінде мұндай фактілер орын алғандығы белгілі. Мәселен, ХІХ ғ. 30-жылдарында Қазақ жері Ресей езгісіне қарсы Польшадағы көтеріліске қатысушылардың саяси қоныс аудару аймағына айналды.

Слайд 11 І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың

І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда 60-қа жуық ұлттың өкілдері өмір сүрді.

өкілдері өмір сүрді. Олардың қатарында орыстар мен украиндардан басқа:

татарлар, ұйғырлар, өзбектер, башқұрттар, немістер, поляктар, дүнгендер, еврейлер, тәжіктер, молдовандар және т.б. бар-тын. Сонымен, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енгеннен кейін қалыптасқан демографиялық ахуалына тән сипат – бұл кезеңнің алғашқы жылдарында моноэтникалық ерекшелік сақталып келген болса, ХІХ ғ. 50–60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады. ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап орыс және украин шаруаларын қоныс аудару саясаты жаппай сипат ала бастағаны белгілі. Өмір тауқыметі мен патша үкіметінің саясаты оларды өз атамекенін тастап, белгісіз аймаққа қоныс аударуға мәжбүр етті. Бұл жерде тағы бір ерекше тоқтала кететін жайт, ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың көп бөлігі 1891–1892 жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінде орын алған қуаңшылық пен егіннің шықпай қалуына байланысты аштықтан бас сауғалап, жан сақтап қалған болатын.

Слайд 12 1917 жылы жазда ауыл шаруашылық және қалалар бойынша

1917 жылы жазда ауыл шаруашылық және қалалар бойынша санақ жүргізілді. Бұл

санақ жүргізілді. Бұл санақ бойынша тұрақты тұрғылықты жерінде сол

мезетте бар адамдар (наличное население) мен уақытша тұрмайтын халықтың есебі алынды. Өткен жылғы санақпен салыстырғанда 1917 жылы қазақ халқының саны 446 мың адамға азайып, 3 млн. 548 мың адам ғана қалған. 1917 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс халқының үлес салмағы 18,9%-ды, украиндар – 10,3%-ды құрады. Қазақ жеріне шаруаларды қоныс аударумен бірге шетелдік иммиграция құбылысы да орын алды. 1897 жылғы санақ материалдарында «басқа да келімсек» («прочее пришлое») халықтар (олардың ішіне иммигранттар да кірген) Далалық өлкеде – 3%-ды, ал Түркістан өлкесінде – 1,9%-ды құраған. 1917 жылғы 1-қаңтардағы Ресей империясының санақ материалдарында бұл көрсеткіштер тиісінше 4,3 және 3,3%-ға жеткен.

Слайд 13 1910 жылы Далалық өлкеге 1700 шетелдік азамат келген.

1910 жылы Далалық өлкеге 1700 шетелдік азамат келген. Соның ішінде

Соның ішінде Қытайдан–274, Германиядан–188, Персиядан–144, Даниядан–103, Австриядан – 133,

Түркиядан –82, Ұлыбританиядан – 81, АҚШ-тан – 56, Грециядан–38, Швециядан–36, Швейцариядан–31, Италиядан–68, Жапониядан–39, Кореядан–22, Монғолиядан– 270 адам келген. Ресей империясының І дүниежүзілік соғысқа қатысуына байланысты Қазақстанда ұлттық-отарлық езгі де күшейе берді. Ол өз кезегінде елдегі ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды туғызды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру қазақ халқының сорына айналды. Қоныс аударушыларды жерге орналастыру жұмыстары барысында қазақтардың мал айдайтын жолдарына дейін алынып, су көздеріне бара алмайтындай жағдайлар жасалды. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеруіне І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ жерінің әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналуы да елеулі әсер етті.

Слайд 14 1914 жылдың соңына қарай Далалық өлкенің солтүстік-шығыс аудандары

1914 жылдың соңына қарай Далалық өлкенің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан өлкесінің

мен Түркістан өлкесінің арнайы орындарында әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған

20 мыңға жуық әскери тұтқындар орналастырылды. Қазақ жеріне әскери тұтқындарды жіберу 1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысынан бері орын алған. Қазақстанның экономикалық тұрғыда Ресейдің ықпалына түсуі бірқатар өндіріс ошақтарының пайда болуына алып келді. Ең алдымен Ресей капиталы Қазақ жерінде тау-кен өндірісін игеруге салынды.

Слайд 15 Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе

Қазақ жерін экономикалық тұрғыда отарлау жол қатынасын, әсіресе су және темір

су және темір жол көлігін дамытуды талап етті. Темір

жол қатынасының пайда болуы өлкенің этникалық құрамының өзгеруіне де әсері болды. Қазақ жерін әскери-казактық, шаруаларды қоныс аудару және экономикалық тұрғыда отарлау барысында 400-ден астам станицалар мен деревнялар, 30-дан астам қалалар пайда болды. Қала халқы Ресейдің орталық аудандарынан келген қоныс аударушылар есебінен өсе бастады. Қалалардағы халықтың басым бөлігін орыстар – 54%-дан 82,8%-ға дейін құраса, татарлар – 14,3%, қазақтар – 16%, басқа ұлттар – 3% болған.

Слайд 16 1917 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың ішіндегі қазақтардың

1917 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың ішіндегі қазақтардың үлес салмағы 59,8%-ды

үлес салмағы 59,8%-ды құрады. Қазақстанның алты облысындағы 1897–1917 жылдар

аралығындағы халықтың механикалық өсімі 1 млн. 301 мың адам болды. Сондай-ақ, осы кезеңде Ресейден басқа аймақтарға қоныс аударғандардың төрттен бірі Қазақ жеріне келді. Ал 1906–1912 жылдары жүргізілген Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде 360,7 мың қоныс аударушылардың 80,6%-ы Украинадан және 19,4%-ы Ресейдің оңтүстігінен келді. Нәтижесінде 1917 жылы орыстар мен украиндар барлық халықтың 29,4%-ын, яғни 1 млн 745 мың адамды құрады.

Слайд 17 2. Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі

2. Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан

кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи

оқиғаларға мыналар жатты: индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру және соғыстан кейін шикізаттық бағытта өндіріс орындарының дамуы. Кеңестік алғашқы халық санағы 1920 жылы тамызда өткізілді. Бұл санақты ерекшелейтін басым бағыты – санақ формулярында ана тілі туралы сұрақпен бірге, адамның ұлты да айқындалып көрсетілген-ді. Санақ формулярын толтыру сұрақ беру әдісі арқылы жүргізілді. 1920 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 5 млн 400 мың адамды құраған.

Слайд 18 1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал,

1921 жылы жазда Қазақстанда қатты қуаңшылық болып, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Қостанай

Орынбор, Ақтөбе, Қостанай облыстары аумағындағы егіннің барлығы дерлік күйіп

кетті. Республикада 2,3 млн. астам адам аштыққа ұшырады. 1922 жылы халық саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 млн. астам адамға азайғанын көрсетті. Кеңестік дәуірде Қазақстан халқының этникалық құрылымының өзгеруіне жаңа аумақтық-әкімшілік бөліністің де елеулі әсері болғандығын атап көрсетуге тиіспіз. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (ҚазАКСР) құрылды. Қазақ АКСР-нің құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Маңғышлақ уезі енді. Ал Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Республикасының құрамында қалды. 1921 жылы Қазақстанның солтүстігі мен батыс бөлігінде және Батыс Сібірде межелеу саясаты жүргізілді. Жаңа әкімшілік шекаралардың белгіленуі нәтижесінде Қазақ жерінің бірқатар аумақтары Ресей Федерациясының Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы облыстары мен Алтай өлкесіне беріліп, қазақтардың бір бөлігі сол аумақтарда қалып қойды.

Слайд 19 1924 жылы 27 қазанда КСРО ОАК Қазақстан мен

1924 жылы 27 қазанда КСРО ОАК Қазақстан мен Орта Азияда ұлттық-аумақтық

Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу саясатын жүзеге асыру туралы шешім

қабылдады. Бұл саясат бойынша құрамына Тәжік АКСР – енген Өзбек КСР-і, Түркімен КСР-і, РКФСР құрамында болатын Қара-қырғыз автономиялық облысы және құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы кірген Қазақ АКСР-і құрылды. Оған дейін Түркістан Республикасының құрамында болып келген Сырдария мен Жетісу облыстарының қазақ аудандары Қазақстанға қосылды. Қарақалпақ автономиялық облысы 1930 жылы Қазақ АКСР-інің құрамынан шығарылып, РКФСР құрамына енгізілді. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 58,5%, орыстар– 20,6%, украиндар – 13,9%, өзбектер – 2,1%, татарлар– 1,3%, ұйғырлар – 1%, немістер – 0,8%. Ал сандық тұрғыдан алғанда: қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275056, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер– 129399, белорустар – 25584, ұйғырлар – 63432, өзге ұлт өкілдері – 88.453 адам болған.

Слайд 20 1920 жылдардың ортасынан бастап большевиктік партияның жоспары бойынша

1920 жылдардың ортасынан бастап большевиктік партияның жоспары бойынша Кеңестер Одағында социалистік

Кеңестер Одағында социалистік құрылыстың маңызды бағыттары жүзеге асырыла бастады.

Олар: индустрияландыру – аграрлық елден дамыған индустриялы елге айналау; ұжымдастыру – социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру. Мұның бәрі 1928– 1932 жылдардағы І бесжылдық жоспары негізінде қауырт түрде жүзеге асырылуы тиіс еді. Алайда, бұл міндеттерді орындау барысында күштеу әдістері кеңінен қолданылып, оның этнодемографиялық зардаптары да айқын көрінді. Индустрияландыру науқаны барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Кеңес Одағының басқа да өндірістік аудандарынан миграциялық ағын күшейді. Мысалы, 1928 – 1939 жылдары Қазақстандағы қала халқының механикалық өсімі миграциялық үдеріс барысында 1,8 млн адамды құрады.

Слайд 21 1930 жылдардағы индустрияландыру, ұжымдастыру және күштеп депортациялау саясаты

1930 жылдардағы индустрияландыру, ұжымдастыру және күштеп депортациялау саясаты жүзеге асырылған уақытта

жүзеге асырылған уақытта Қазақстан халқының ұлттық құрамы үлкен өзгеріске

ұшырады. Алайда, голощекиндік «кіші қазан» науқаны барысында қалыптасқан аштық қасіретінің нәтижесінде өз жеріндегі қазақ халқының саны күрт азайып кетті. Оған мына статистикалық деректер айқын дәлел бола алады. Қазақ АКСР-нің халықшаруашылық есеп басқармасының 1930–1936 жылдардағы мәліметтері бойынша Қазақстандағы халық санының кемуі төмендегідей көрініс берген: 1930ж.– 5873,0 мың адам; 1931 ж. – 5114,0 мың адам; 1932 ж. – 3227,0 мың адам; 1933 ж. – 2493,5 мың адам; 1934ж. – 2.681,8 мың адам; 1935 ж. – 2926,0 мың адам; 1936ж. – 3287 мың адам. 1930 – 1932 жж. Қазақстаннан КСРО-дан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны – 1,3 млн. адам болды. Бұл кезеңде республика аумағына басқа ұлт өкілдерінің келуі жалғаса берді. Қоныс аударып келгендер республикадағы орыс халқының санын 12%-ға (1174 мың), татарларды 30%-ға (27 мың), белорустарды 22%-ға (6 мың) адамға арттырды.

Слайд 22 1920 жылдары Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып,

1920 жылдары Қазақстанға қоныс аудару ұйымдасқан сипат алып, ол күштеу-мәжбүрлеу арқылы

ол күштеу-мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылды. Басқа ұлт өкілдерінің біздің

елімізге келуіне Ресейдің орталығындағы өндірістік аудандарда етек алған жұмыссыздық себеп болған еді. Сол кезеңде ондағы жұмыссыздардың саны 1,3 млн. жуық адамға жетті. Ондаған мың адам күн көріс қамы үшін Қазақстанға Түркісіб, Қарағанды көмір бассейнінің және т.б. өндіріс нысандарының құрылысына ағылып келе бастады. КСРО-ның басқа аймақтарынан жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде жіберу (вербовка) науқаны барысында 1931–1940 жылдары Қазақстанға 509 мың адам келген. Ал олардың барлығы дерлік өндірістік нысандар, темір жол, қалалар мен жұмысшы кенттерінің құрылыстары аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалып қойды. Мысалы, Түркісіб темір жолын салу құрылысына 30 ұлт өкілдері қатысса, Балқаштағы құрылыстарға – 45, Ақмола – Қарталы темір жол құрылысына – 50 ұлттың өкілдері атсалысқан.

Слайд 23 1920 ж. соңы мен 1930 ж. басында КСРО

1920 ж. соңы мен 1930 ж. басында КСРО аумағында аграрлық қоныс

аумағында аграрлық қоныс аудару саясаты жүзеге асырылды. Бұл саясат

барысында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Кеңес Одағының басқа да аудандарынан шаруашылығы тәркіленген дәулетті шаруалар (кулактар), яғни арнайы қоныс аударушылар (спецпереселенцы) қоныстандырыла бастады. Сонымен бірге, КСРО-ның еуропалық аудандары мен Сібірден ерікті түрде қоныс аударушы шаруалар да келе бастады. Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты Қазақстанда 1930–1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды.

Слайд 24 Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30

Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан

мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның

616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті. Ал көршілес республикаларға аштықтан бас сауғалап қоныс аударған қазақтардың саны 453 мың адам болған. Соған сәйкес РКФСР-дағы қазақтардың саны 2,3 есе, Өзбекстанда– 1,7 есе, Түркменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өскен. Демограф мамандардың пікірі бойынша аштық қасіретінің салдары Қазақстанның демографиялық дамуында 150–170 жыл бойында айқын сезіліп отыратын көрінеді. 1937 жылы Кеңес Одағында кезекті халық санағы өткізілді. Алайда, оның материалдары жүйеленіп, талдауға түспей мұрағат қорларында ғана сақталып қалды. Дегенмен, кейін 1937 жылғы санақ қорытындыларының құпиялылығы ашылып, жария етілді. 1937 жылғы санақ бойынша КСРО аумағындағы Қазақ халқының саны 2862458 адамды құраған. Ал атамекеніндегі, яғни Қазақ КСР-дегі қазақтардың саны – 2181,520 адам ғана болған. Қазақ КСР-дегі халықтың жалпы саны – 5126,676 адамды құраған.

Слайд 25 Бұл деректер халық санының өткен кезеңдермен салыстырғанда қаншалықты

Бұл деректер халық санының өткен кезеңдермен салыстырғанда қаншалықты кеміп кеткенін айқын

кеміп кеткенін айқын көрсетіп тұр. Сонымен бірге, сол кезеңдегі

идеологиялық талаптарға сәйкес ресми түрде 1930 жылдардағы аштық туралы айтуға тыйым салынған болатын. Кеңес өкіметі 1937 жылғы санаққорытындыларын дұрыс емес деп тауып, 1939 жылы халық санағын қайта жүргізді. Қазақстан халқының этникалық құрамы туралы статистикалық мәліметтер төмендегідей болды: Қазақ КСР-нің жалпы халқының саны– 6 млн 93 мың 507 адам. Олардың ішінде: қазақтар– 38,0%; орыстар– 40,2%; украиндар – 10,8%, 1,5–1,8% аралығында немістер, татарлар, өзбектер, корейлер және басқа ұлт өкілдері – 3,3%.

Слайд 26 ХХ ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті

ХХ ғасыр қатаң саяси-құқықтық жүйе – тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. КСРО-да

тудырған еді. КСРО-да большевиктердің күшпен депортациялау тәжірибесі 1920 жылдары-ақ

жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл кезде Сібірге, Орал мен Қазақ жеріне оппозиция белсенділері, ауқатты азаматтар, дін өкілдері, бұрынғы патша әкімшілігінің чиновниктері жер аударылған-ды. 1937 – 1940 жылдары кеңестік корейлер, немістер, қырым татарлары, қалмақтар, балқарлар, шешендер, ингуштер, қарашайлар мен месхет түріктері барлық құқықтарынан айырылған еді. Оларды шетелдік тыңшы, диверсант деген жалған, ойдан шығарылған айыппен басқа жерлерге қоныс аударды. Күштеп қоныс аударудың ауқымы мен қатаңдығы бұл шараның қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық топтарды қасақана құртуды көздегенін дәлелдеп тұрса керек.

Слайд 27 Аштық, эпидемиялар, тұрмыстық келеңсіздіктер, бір отбасы мүшелерінің жан-жаққа

Аштық, эпидемиялар, тұрмыстық келеңсіздіктер, бір отбасы мүшелерінің жан-жаққа бөлініп кетуі және

бөлініп кетуі және ең бастысы – ойдан шығарылған жалған

айып әрі ресми биліктің жау пиғылындағы көзқарасы тек адамдардың өліміне ғана әкеліп қойған жоқ еді, ол тұтас этностарды моральдық күйзеліске ұшыратты. Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақ жері жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. КСРО-ның БОАК мен ХКК 1929 жылы 6 қарашадағы шешімімен қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан аластату мен күштеп жұмыс істету үшін еңбекпен түзеу лагерьлерін құру белгіленді. Осылайша Еңбек лагерьлері мен еңбек қоныстарының бас басқармасы– ГУЛАГ құрылды. ГУЛАГ жүйесіне 60-тан астам лагерь енді. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір арнайы лагері, Өскемен лагері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ірілері «Карлаг» (ерекше режимдегі Қарағанды лагері), «отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері– «АЛЖИР» болды. Қазақстандағы аса ірі лагерьлердің бірі– Карлаг 1930 жылы КСРО-ның ХКК 13 мамырдағы қаулысымен құрылды. Қарқаралы округі аумағынан оған 110 мың гектар жер бөлінді. Карлаг ашылған уақытта онда 47 ұлт өкілдерінен құралған 2,567«тұтқын» отырды. Карлаг жүйесінде 292 шаруашылық лагері, 26 ерікті қоныс бөлімшесі болды. 1931–1960 жылдар аралығында Карлагта 1 млн. жуық адам «жазасын» өтеген екен.

Слайд 28 Сонымен бірге, Қазақ жеріне ұлттық белгі бойынша күштеп

Сонымен бірге, Қазақ жеріне ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аударылғандар ағыны

қоныс аударылғандар ағыны артты. 1931–1932 жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстан

мен Орта Азияға 38,104 отбасын (171 мыңнан артық адамды) қоныс аударып жіберді. 1930 жылы екінші жартысында «сенімсіз халықтар» деген сылтаумен батыс Украина мен батыс Белоруссия облыстарынан Қазақстан мен Кеңес Одағының басқа да аумақтарына поляк және неміс отбасылары (15 мың шаруашылық немесе 45 мыңға жуық адам) депортацияланды. Мұндай тағдыр тәлкегіне Қиыр Шығыста өмір сүрген қытайлықтар (11 мың адам), поляктар мен латыштар, Әзірбайжаннан ирандықтар (2 мың отбасы), Армения мен Нахичеваннан 809 күрд шаруашылықтары (7.325 адам) да ұшыраған еді. 1936 жылы ақпанда Украинадан Қазақ жеріне тағы да неміс және поляк шаруашылықтары қоныс аударылды. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына қоныстандырылды.

Слайд 29 КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан

КСРО ХКК 1936 жылы 21 мамырда қабылданған «Дағыстан мен Шешен –

мен Шешен – Ингуш аумағынан кулак шаруашылықтарын қоныс аудару

туралы» қаулысына сәйкес Қазақ жері мен Орта Азияға 1000 шаруа қожалығы депортацияланды. Ұжымдастыру науқаны барысында Қазақстанға тәркіленген 250 мың кулак шаруашылықтары күштеп қоныс аударылған. Сондай-ақ, соғыс қарсаңында Қазақстандағы өндірістік құрылыстарға басқа республикалардан 1 млн. 200 мың адам жіберілген-ді. 1937 жылы 21 тамызда «Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарында тұратын корейлерді қоныс аудару туралы» құпия қаулыға қол қойылды. Кеңестік корейлер ешбір сотсыз-тергеусіз «жапон тыңшылары»деп айыпталып, шұғылдепортациялық шараларға ілінді. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК қабылдаған қаулысына сәйкес Қазақстанға 100 мыңға жуық корейлер қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек – желтоқсан аралығында Қиыр Шығыстан Қазақ жеріне 20789 корей отбасы (98454 адам) депортацияланды.

Слайд 30 Депортацияланған халықтардың тарихы аса күрделі кезең оқиғаларын қамтиды.

Депортацияланған халықтардың тарихы аса күрделі кезең оқиғаларын қамтиды. Қазақтар 1930 жылдардағы

Қазақтар 1930 жылдардағы бұрын-соңды Қазақ даласында болып көрмеген аштыққасіретін

басынан өткізіп отырса да, осынау тарихи сын сағатынан сүрінбей өтті. Қазақ халқы тағдыр тәлкегімен қоныс аударылып келген халықтардың сақталып қалуы мен рухани-материалдық тұрғыда қайта түлеуіне мүмкін болған көмегін аяған жоқ-тын. Қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен мейірбандығы мен қонақжайлылығы қоныс аударылып келген халықтардың жадында сақталады және ол ешқашан ұмытылмақ емес. Міне, бұл тарихи тағдыр қазақстандық ұлтаралық татулық моделінің негізі болса керек. 1940 жылы республикада арнайы қоныс аударылғандардың жаңа контингенті пайда болды. Бұл кезде депортация құрығына он мыңдаған поляк ұлтшылдары ілінді. Олардың ішінде Германияның Польшаны жаулап алғаннан кейін бас сауғалаған босқындары да депортацияланды. 1940 жылдың ақпан – 1941 жылдың маусым айлары аралығында Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан, Литвадан 380мың поляк депортацияланып, олардың көпшілігі арнайы қоныстарға орналастырылды.

Слайд 31 3. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі

3. Гитлерлік Германиямен Кеңес Одағы арасындағы соғыс Поволжьедегі неміс автономиясын жоюға

неміс автономиясын жоюға алғышарт болып, 1941 жылы күзде Қазақ

жеріне 361 мың неміс қоныс аударылды. Қазақстандағы немістердің этникалық тобының қалыптасуына негіз салған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941жылғы 28 тамызда қабылдаған «Еділ бойында тұратын немістерді қоныс аудару туралы» (О переселении немцев, проживающих в районах Поволжья) Жарлығы болды. Еділ бойында тұратын немістерге сатқындық айыбы тағылды. Жарлықтың күші кеңестік неміс ұлты өкілдерінің барлығына қолданылды. Еділ бойы немістерімен қатар москвалық, ленинградтық немістер де жер аударылып, Украина мен Кавказ немістері депортацияланды, майданнан солдаттар мен офицерлер шақыртылып алынды. Сол кезеңде республикадағы немістердің жалпы саны 441713 адамды құрады.

Слайд 32 1943–1944 жылдары Қазақ жері мен Орта Азияға, Сібірге

1943–1944 жылдары Қазақ жері мен Орта Азияға, Сібірге Солтүстік Кавказ бен

Солтүстік Кавказ бен Қырымнан басқа да этникалық топтар депортацияланды.

Күштеп қоныс аударылған халықтардың алғашқыларының бірі – қарашайлықтар болды. Оған сылтау болған қарашай халқының жекелеген тобының сатқындығы мен қарақшылық әрекеті-міс. Осындай күдікке сәйкес жедел түрде 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14774 қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69287 адам Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударылды. Олардың 45529 адамы Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ 23300 адам Қырғызстанға қоныстандырылды. Қалмақтардың тағдыры да осылай шешілді. 1943 жылы 27 желтоқсанда негізсіз айыптарды алға тарта отырып, Қалмақ АКСР-і жойылды. Ал 92 мың қалмақ (олардың 65%-ы қарттар мен балалар) Қазақстан мен Сібірге депортацияланды. 1944 жылы Кабардин-Балқар АКСР-і Кабардин АКСР-і болып өзгертіліп, ал балқарлар Қазақстанға қоныс аударылды.

Слайд 33 1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып,

1944 жылы 11 мамырда Қырым АКСР-і де жойылып, жалпы саны 150,1

жалпы саны 150,1 мың қырым татарлары Қазақстанға қоныс аударылды.

Сонымен бірге, Қырымнан Қазақ жеріне барлығы 7 мың болгарлар мен гректер депортацияланды. Ал 1945 жылғы қазандағы есеп бойынша Қазақстанда 406375 шешен және ингуш ұлтының өкілдері болған. 1943–1944 жылдары Солтүстік Кавказдан, Қырымнан, Закавказьеден Қазақ жеріне барлығы 507480 адам қоныс аударылған. Содай-ақ, 1944 жылы қарашада Қазақстан мен Орта Азияға Месхетиядан 110 мың адам қоныс аударылды. Соғысқа дейін Грузияның оңтүстік аудандарында түріктер өмір сүрген болатын. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы месхеттік түріктердің де тағдырын шешкен еді. Қаулыда қоныс аударудың себебі«шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында» деп көрсетілді. Месхеттік түріктер де Қазақстан мен Орта Азияға қоныс аударылды.

Слайд 34 Тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтар арасында ирандықтардан, күрдтерден, әзірбайжан

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтар арасында ирандықтардан, күрдтерден, әзірбайжан мен армяндардан құралған

мен армяндардан құралған 2,5 мың шаңырақ болатын. Олар да

Әзірбайжан мен Армениядан Қазақстанның Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударылған-ды. Депортацияға ұшыраған халықтардың барлығы казармалық қатаң тәртіп жағдайында өмір сүрді. 1948 жылғы 26 қарашада шыққан Жарлыққа сәйкес бұрынғы тұрған жеріне рұқсатсыз шығу 20 жылға дейінгі каторгалық жұмысқа жегілумен жазаланатын болды. Кеңестер Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін саясаты белең алған тұста барлығы 3 млн астам адам депортацияланған. Олардың арнайы қоныстары негізінен Қазақ жері мен Сібірде орналасты. Депортацияланған халықтар Қазақстанның барлық облыстарында дерлік құрылған арнайықоныстарға орналастырылды.

Слайд 35 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы

1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы Қазақстандағы этникалық өзгерістердің

Қазақстандағы этникалық өзгерістердің жаңа толқынына себепші болған еді. Қазақ

жеріне майдан шебіне жақын жерлердегі батыс аудандардан өндіріс орындарын эвакуациялау өте күрделі жағдайда жүзеге асырылды. 1941–1942 жылдары республикаға Украина мен Орталық Ресейден 200-ден астам өндіріс орындары көшірілді. Сонымен бірге, Қазақстанға майданға жақын аудандардан бейбіт халық эвакуацияланған-ды. 1941 жылы республикаға 386,5мың адам көшірілсе, ал 1942жылдың соңында тағы 500 мыңнан астам адам келді. Олардың көпшілігі кейін Қазақстанда орнығып қалған еді. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1196164 қазақстандық жауынгер шақырылды. Өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларында жұмыс істеу үшін 670мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. Сонымен, соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар келді.

Слайд 36 1954 жылы Компартия ОК пленумы «Елде астық өндіруді

1954 жылы Компартия ОК пленумы «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың

ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру»жөнінде қаулы қабылдады.

Кеңес Одағы басшылығы нан тапшылығын жоюды тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы шешуді көздеді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни 50%. Тек 1954 – 1955 жылдары, бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954 – 1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн жуық адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлес салмағы күрт төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылу қаупі туды.

Слайд 37 Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс

Алайда, иммиграциялық қысым жалғаса берді. Қазақстандағы өндірістік құрылыс пен көлік саласы

пен көлік саласы үшін жұмысшы күшін жасақтау науқаны ұйымдастырылып,

1954–1965жылдары республикаға 0,5 млн жуық адам келді. Олар негізінен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан келді. Бұл үдеріс жергілікті халықтың саны мен үлес салмағының одан әрі төмендеуіне ықпал етті. 1959жылы қаңтарда соғыстан кейінгі алғашқы халық санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша Қазақстан халқының саны 9,3 млн адам болған және ол 1939жылғы санақ есебімен салыстырғанда 52,5%-ы көбейгенін көрсетті. Республикадағы этникалық топтардың арасалмағы төмендегідей болып қалыптасты: қазақтар– 30%, орыстар– 42,7%, белорустар – 1,2%, кәрістер– 0,8%, ұйғырлар– 0,6%, әзірбайжандар – 0,4% және басқа халықтар – 5,5%.

Слайд 38 Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей

Тоталитарлық билік саясатының нәтижесінде Қазақстанның көпұлттылық сипаты тереңдей берді. Бұл жерде

берді. Бұл жерде ерекше ескерте кететін жайт, жергілікті халықтың,

яғни қазақтардың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендеп кеткен еді. Бұндай жағдай бүкіл Кеңестер Одағында жалғыз Қазақстанда ғана қалыптасты. Қазақстанның ішкі жағдайында да қазақтардың қоныстануы біркелкі болмаған-ды. Егер Оңтүстік Қазақстанда жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 37,6%, Батыс Қазақстанда– 52%-ды құраса, бұл көрсеткіш Шығыс және Орталық Қазақстанда 18 – 19% болған. 1950 жылдардың екінші жартысынан басталып кейінгі жылдары өз жалғасын тапқан Қазақстан экономикасының даму қарқынының өсуі жұмысшы күшіне деген сұранысты үнемі алға тартып отырды. Соған сәйкес 1959 –1970 жылдары Қазақстан қалаларына Ресейден 480 мың адам, Украинадан – 72,3 мың адам келді.

Слайд 39 1970 жылы қаңтарда кезекті халық санағы болып өтті.

1970 жылы қаңтарда кезекті халық санағы болып өтті. Бұл санақ қорытындысы

Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 13 млн

адамды құрап, 11 жыл ішінде 40% - ға өскенін көрсетті. Оның ішінде қазақтар – 32,6%, орыстар – 42,5%, украиндар – 7,2%, немістер – 6,6%, татарлар – 2,2%, ұйғырлар – 0,9%, кәрістер – 0,6%, әзірбайжандар – 0,4%, дүнгендер – 0,1% және басқа халықтар – 3,8% болған. Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге қарағанда 1939 жылдан бері Қазақстандағы саны жағынан ең көп этникалық топ орыстар болып қала берді. Шығысславяндық этностық тұрғыдан келгенде, тіпті олар республика халқының көп бөлігін құрайтын еді. Солай бола тұрса да қазақ халқының демографиялық дамуында түбегейлі бетбұрыстың қалыптаса бастағандығын көруге болады. 1959– 1970 жылдары қазақтардың саны 1 млн 446 мың адамға, яғни 51,9%-ға өскен.

Слайд 40 1960 жылдардан бастап Кеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға

1960 жылдардан бастап Кеңес Одағының басқа республикаларынан Қазақстанға миграциялық үдерістер азая

миграциялық үдерістер азая бастады. Ал 1970 жылдардың ортасынан бастап,

әсіресе 1980 жылдардың аяғында миграциялық үдеріс кері бағытқа, яғни республикадан тыс жерлерге қоныс аудару бағыты орын алды. 1970–1985 жылдарда еліміздің өндірістік қуаты арта берді. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Маңғышлақ, Қаратау – Жамбыл және Павлодар – Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. 1979 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша жергілікті емес халықтың саны 64,0%-ды құрады.1979 жылғы санақ Қазақстандағы орыстар мен орыстілді халықтар санының өсуі өзінің шарықтау шегіне жеткенін көрсетті. 1979жылы Қазақстан халқының саны 14 млн 684 мың адамды құрады. Олардың ішінде: қазақтар – 36%; орыстар – 40,8%, немістер – 6,2%; украиндар – 6,1%; татарлар – 2,2%; өзбектер – 1,8%; белорустар – 1,2%; ұйғырлар – 1,0%; корейлер – 0,6%; әзірбайжандар – 0,5% және басқа халықтар– 3,6% болды.1979 жылы халық санының өсуі 1970жылмен салыстырғанда 12,9%-ды ғана құраған.Оның себебі– республикадағы өзге ұлт өкілдерінің Кеңес Одағының басқа аймақтарына қоныс аударуымен түсіндіріледі.

Слайд 41 1970 – 1979 жылдар аралығында ең жоғарғы өсім

1970 – 1979 жылдар аралығында ең жоғарғы өсім қазақтарда болған –

қазақтарда болған – 25%; өзбектер мен ұйғырларда – 22%;

әзірбайжандарда – 21%, ал ең төменгі өсім орыс халқында байқалған – 8,5%. Қазақ халқы санының артуы, біріншіден, табиғи өсім болса, екіншіден, Өзбекстаннан, Ресейден, Түркіменстаннан және Қытайдан қазақтардың өз отанына оралуына байланысты болды. Егер 1920 жылы Қазақстанда өмір сүретін этностардың саны 38 болып тіркелген болса, ал 1970 жылғы санақ бойынша 114, 1986 жылы 120 этнос өмір сүрген. 1989 жылы қаңтарда КСРО-дағы соңғы халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн. адам болды. Қазақстан халқының құрамы сандық көрсеткішпен төмендегідей еді: қазақтар– 39,7%; орыстар – 37,8%; украиндар – 5,4%; немістер – 5,8%; татарлар– 2,0%; өзбектер – 2,0%; белорустар мен ұйғырлар– 1,1%; корейлер – 0,6%; әзербайжандар – 0,5%.

Слайд 42 1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен

1990 жылдардың басында Қазақстанда 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстар тұрақты өмір

ұлыстар тұрақты өмір сүрген. Олардың ішінде қазақ, орыс, неміс,

украин, өзбек, татар, ұйғыр, белорус, корей халықтарының үлес салмағы 95%-дан астам еді. Ал республикадағы екі негізгі этностар: қазақтар мен орыстардың үлес салмағы 77,5%-ды, жалпы саны 12 млн 760мың адамды құрады. 1979 – 1989 жылдар аралығында халықтың жалпы өсімі 1млн 780 мың адамды немесе 12%-ды құраған. Өсімнің ең жоғарғы көрсеткіші қазақтарда болған, ол 23,5%-ды құрады. Жалпы қазақ халқының өсімі, жоғарыда атап көрсетілгендей, табиғи өсім мен басқа елдерден Отанына оралу үдерісімен байланысты болған еді. Басқа этностардың өсімі табиғи өсім негізінде қалыптасты.

Слайд 43 Төмендегі терминдерге анықтама бер: Полиэтникалық – Диаспора – Консолидация – Урбанизация — Интеграция –  Демография –  Дифференциация– Реформа — Эмиграция – Миграция

Төмендегі терминдерге анықтама бер: Полиэтникалық – Диаспора – Консолидация – Урбанизация — Интеграция – 

–  Эвакуация – Империя  —  


Слайд 44 Семинар 9. 1.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы және

Семинар 9.  1.Кеңес кезеңіндегі репрессияланған халықтардың депортациясы және миграциялық процестер.

миграциялық процестер. 2. Индустриаландыру, ҰОС және тың игеру жылдарындағы Қазақстан

халқы. 3. 70-90 жылдардағы этникалық өзгерістер.

  • Имя файла: Қazaқstan-halқynyң-kөpetnostyқ-құrylymynyң-қalyptasuynyң-negіzgі-kezeңderі.pptx
  • Количество просмотров: 133
  • Количество скачиваний: 0