Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему по истории Казахстана. 1996 год

1996 жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар
1996 жыл - Мемлекеттіктің алғашқы бесжылдығы 1996 жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар 1996 жыл елдің саяси өміріндегі елеулі оқиғалармен басталды. 1996 жылғы статистика мыналарды көрсетті:1996 жылы елімізде 12 мың шағын кәсіпорын, 18,7 ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми кездесулері:27 сәуір ‑ Алматыда ҚР және РФ президенттері 23 тамыз ‑ Алматыда Орталық Азия Одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. 1996 жылы қаңтар айында сайланған қос палаталы Парламенттің 19 қаңтарда Мәскеуде ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. Оған қатысқан мемлекет басшылары 3 сәуір ҚР азаматтары құжаттарында өздерінің тектерінің салт-дәстүр бойынша жазылуына рұқсат берілді. 14 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі жарық көрді. Мемлекет 1996 жылы 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында өткен Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, 23 маусымда Швейцарияның Кран-Монтана қаласында өткен экономикалық форумның Қазақстанға 20 тамызда ЭЙР Казахстан авиакомпаниясы құрылды. 12 қазанда Ресейдің Астарахан облысындағы Володар ауданында күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының 12 қараша – Дели қаласының аэропортында Boeing 747 16 желтоқсан ‑ Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты Осы жылы әлемдік спорт додасының маңызы зор оқиғалар
Слайды презентации

Слайд 2 1996 жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар

1996 жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар

Слайд 3
1996 жыл елдің саяси

1996 жыл елдің саяси өміріндегі елеулі оқиғалармен басталды. Бұл

өміріндегі елеулі оқиғалармен басталды. Бұл жылы Қазақстан егеменді ел

ретінде халықаралық ынтымақтастық байланыстарын одан әрі өрістеткен кезең болды. Қазақ елін шетелдің алпауыт мемлекеттері танып, онымен санаса бастады. Қазақстан әлемдік тарих сахнасына елдің ішкі тұрақтылығын сақтап, халықаралық аренада ядролық қаруды таратпау жөніндегі батыл бастамаларымен шықты. Халықаралық ықпалдастық артып, дипломатиялық қатынастар орнықты.
ҚР қаншама ауырлықтарды басынан өткергеніне қарамастан, бірлік пен татулықтың ордасына айналды. Бес жылдың белесіндегі ең басты жетістік - Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық болатын.
Бұл жыл мемлекеттігіміз үшін көптеген оқиғаларға толы болды. Жаңғырған Конституцияның арқасында жаңа тұрпаттағы мемлекеттік құрылым жасақталып, қираған одақтан «мұраға» қалған қалың проблемалардан тазару жұмыстары жалғаса түсті. Өркениеттік дамуға сай қос палаталы кәсіби Парламент өз жұмысын бастап, биліктің басқа тармақтарымен ынтымақтасқан заң шығарушы билік қоғам үшін сапалы құжаттарды қабылдауға кірісті. Осы кездері қабылданған өміршең заңдардың өзі мемлекеттің саяси-экономикалық жаңаруына үлкен себеп болды.
Бұл жыл еліміздегі ішкі жағдайдың, әсіресе әлеуметтік қамтудың онша жақсара қоймағанын байқаймыз. Жалақы айлар бойы берілмеді, күнкөрістің төмендегені байқалып, Кеңес одағында сұмдық болып көрінетін жұмыссыздық мәселесі шынымен жағадан алды. Өтпелі кезең халықты қажыта түсті. Осы жылдың басты оқиғалардың бірі – Қазақстанның жалпыға бірдей ядролық сынақтарды өткізуге тыйым салдыру туралы келісімге қосылуы. Бұл келісім 30 қыркүйек қабылданды.


Слайд 4 1996 жылғы статистика мыналарды көрсетті:

1996 жылы елімізде 12

1996 жылғы статистика мыналарды көрсетті:1996 жылы елімізде 12 мың шағын кәсіпорын,

мың шағын кәсіпорын, 18,7 мың жекеменшік кәсіпорын, 2 мыңнан

астам коопертивтер жұмыс істеген. Ал осы жылдың 1 ақпанында Зейнетақы қорының зейнеткерлерге қарызы 4,7 млрд. теңгені құраған. Республикада кәсіпорындар мен ұйымдардың 70 пайызы жалақы төлеуді кешіктіруінің салдарынан жалақы жөніндегі жалпы қарыз 31,5 млрд. теңгеге жеткен. 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика емдеу мекемелерінде тіркелген туберкулезбен ауыратын адамдардың саны 45 мыңға жеткен. Сондай-ақ, бұл кезде ірі қара малдың туберкулезбен ауруы 4,4 пайызды құрады. Республикада жалпы білім беретін 8368 мектеп жұмыс істесе, оның 3328-і қазақ тілінде, 2484-і орыс тілінде сабақ жүргізді. 92 мектепте сабақ неміс, ұйғыр, корей және басқа тілдерде өткізілді. Осы жылы елімізде 66 жоғары оқу орны жұмыс істесе, мұндағы студенттердің тек 20 пайызы ғана қазақ тілінде оқытылды. Сонымен қатар, республикада басылатын 1227 газет-журналдың 275-і қазақ тілінде, 497-сі орыс тілінде, 412-сі екі тілде жарық көрген. Ал 200-ден астам телерадио ұйымдарының тек бесеуінде ғана қазақ тілінде хабарлар дайындалыпты. 1996 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ІІ разрядты мектеп мұғалімінің тарифтік ставкасы - 2255 теңге, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі тәрбиешісінің ставкасы - 2101 теңге, ІІ санаттағы дәрігердің ставкасы - 2420 теңге, санатсыз медбикенің ставкасы - 1573 теңге болыпты.

Слайд 5 ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми кездесулері:
27 сәуір ‑ Алматыда

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми кездесулері:27 сәуір ‑ Алматыда ҚР және РФ

ҚР және РФ президенттері Каспий бойынша бірлескен мәлімдемеге қол

қойды. Құжатта Каспийдегі мұнай-газ кен орындарын игеру құқығы Қазақстанға берілген, ал Ресей бұл салада барынша жәрдемдеседі деп белгіленген.
11 мамыр ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Президенттер Каспий теңізі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.
25 мамыр – ҚР және РФ  арасында   «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек» туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын  пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
25-29 мамыр ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Малайзия мен Сингапур мемлекеттеріне ресми сапар шекті. Президент Н.Ә.Назарбаев Малайзияның Жоғарғы басқарушысы Туанку Джафар Абдул Рахманмен және елдің Премьер-министрі Махатхир Мохамадпен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Малайзия арасындағы экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы, инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы, сауда келісімі туралы құжаттарға қол қойылды.
24 маусым ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Галимен кездесті.
4-6 шілде ‑ ҚХР Төрағасы Цзян Цзэмин Қазақстанға алғашқы рет ресми сапармен келді. Ел басшылары бірлескен декларация қабылдады. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін білдірді.

Слайд 6 23 тамыз ‑ Алматыда Орталық Азия Одағына қатысушы

23 тамыз ‑ Алматыда Орталық Азия Одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі

мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында 1996-1998 жылдарға арналған

Біртұтас эк­номикалық кеңістік құру бойынша іс-шара бағдарламасы бекітілді, қатысушы мемлекеттер шекаралық аумақтарында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылдады.
30 қыркүйек ‑  Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартына қол қойды.
8 қараша ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыға келген Жоғары мәртебелі Ханзада Уэльс Чарльзді қабылдады.
11-12 қараша ‑ Түрікменстанда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі жағалаудағы бес мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті.
3 желтоқсан ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Лиссабонда өткен ЕҚЫҰ-ның саммитіне қатысып, саммиттің алғашқы күнгі жұмысына төрағалық етті.
9-11 желтоқсан ‑ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен Үндістанға барды. Сапар барысында ол Үндістан Президенті Ш.Д.Шармамен, Вице-президенті К.Р.Нарайананмен Премьер-министр Х.Д.Деве Говдамен және Сыртқы істер министрі И.К.Гуджаралмен кездесті. Кездесу соңынан екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылды.
12-14 желтоқсан ‑ ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Австралияға алғашқы ресми сапары басталды. Сапар барысында Австралияның Генерал-губернаторы У.Хэйденмен және Премьер-министрі Дж.Хауардпен кездесті.

Слайд 7
1996 жылы қаңтар айында

1996 жылы қаңтар айында сайланған қос палаталы Парламенттің алғашқы

сайланған қос палаталы Парламенттің алғашқы сессиясы басталды. Жаңа тұрпатты

Парламенттің алғашқы отырыстарында ұйымдастыру мәселелері қаралып, Сенат төрағалығына Өмірбек Байгелдиев, Мәжіліс төрағалығына – Марат Оспанов сайланды. Бұған дейін Президенттің заң кеші бар Жарлықтарымен 134 заң, 60 халықаралық келісім бекітілген болатын. Жаңа кәсіби Парламент ел өміріндегі саяси-экономикалық үрдістерді қолдау мақсатындағы «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және басқа да заңдарды жасауға бел шешіп кірісіп кетті. Экономикада кәсіпорындардың төлем қабілетін арттыру, халыққа еңбекақы, зейнетақы берешектерін өтеу жөнінде батыл шаралар қолға алынды. Ел экономикасын көтеру үшін Ақмола, Лисаков, Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймақтары құрылды. «Шеврон» компаниясының Алматыда алғашқы май құю станциясының ашылуы, Ақбақай кенішінде «Алтын-Мунстаун» қазақ-австралия бірлескен кәсіпорны зауытының алтын құймаларын шығаруы, Павлодарда «Медиаполимер» зауытының алғашқы отандық бір мәрте қолданылатын шприцтер, дәрі-дәрмектер шығаруы, осында кірпіш зауытының пайдалануға берілуі, АҚ Валют-Транзит банкінің құрылуы елдің экономикалық жағынан іргесін нығайтудың маңызды қадамы болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаш қаласында екі зауыттың ашылуына, алғашқы алтын балқымасын құюға қатысты. Отандық өндірісте саф алтын, күміс, палладий, платина құятын өндірістің іске қосылуы елдің экономикалық өміріндегі елеулі оқиға болды.
Осы жылы Астанада Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен балаларға арналған жаңажылдық алғашқы шырша мерекесі салтанатпен өтті.

Слайд 8 19 қаңтарда Мәскеуде ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.

19 қаңтарда Мәскеуде ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. Оған қатысқан мемлекет

Оған қатысқан мемлекет басшылары Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы жағдайды, Абхазияда орын

алған кикілжіңдерді талқылады. Наурыз айында Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД туралы келісімнің күшін тоқтату туралы даулы қаулы қабылдауы еларалық қатынастарға селкеу түсіргенімен, бұл жағдай Ресей мен Қазақстан басшылары Борис Ельцин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығы мен салиқалы саясатының арқасында екі халықтың арасындағы ынтымақтастыққа қол жеткізлді.

Слайд 9 3 сәуір ҚР азаматтары құжаттарында өздерінің тектерінің салт-дәстүр

3 сәуір ҚР азаматтары құжаттарында өздерінің тектерінің салт-дәстүр бойынша жазылуына рұқсат

бойынша жазылуына рұқсат берілді. Осы айы алғаш рет зейнетақылар

20 пайызға дейін арттырылып, бюджеттік мекемелерде жалақыны уақытында беру мәселелері шешіле бастады.

Слайд 10 14 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты

14 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі жарық көрді.

еңбегі жарық көрді. Мемлекет басшысы бұл кітабында кеңестік жүйеден

демократиялық үрдістерге көшудегі жағдайға баға беріп, екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсіндірме жасады.
Елдің мәдени өмірінде қазақ поэзиясының алыбы, ХХ ғасырдың «Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы жылы ұранымен өтті. Елдің барлық өңірін қамтыған мерейтойлық шаралар 18-24 тамызда Алматыда салтанатты жиналыспен, Жамбыл ауданындағы салтанатты шаралармен аяқталды. Қазақстанның Украинадағы мәдениеті күндері, Түркиядағы қазақ әдебиеті мен өнерінің мерекесі, Ташкентте түркі тілдес елдер басшыаларының бас қосуы, Ақмола университетінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып қайта құрылуы еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалар болып тарихқа енді.

Слайд 11 1996 жылы 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында өткен

1996 жылы 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында өткен Ресей, Қытай, Қазақстан,

Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған

«Шанхай келісімі» шекараны бұзбау, бейтараптық аймақтың қашықтығын 100 шақырымға дейін жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізіп, ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы өзара сенімді орнықтырды. «Шанхай бестігі» деп аталған бұл кездесу кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы өңірлік ірі саяси құрылымына негіз салды.

Слайд 12 23 маусымда Швейцарияның Кран-Монтана қаласында

23 маусымда Швейцарияның Кран-Монтана қаласында өткен экономикалық форумның Қазақстанға

өткен экономикалық форумның Қазақстанға арналуының өзі біздің елге деген

шетелдік компаниялардың қызығушылығын арттырды. Елде жыл сайын 20 миллион тонна қара және түсті металдар өндіруге қол жеткізілді. Қазақстанда 2500 бірлескен кәсіп-орын құрылды, ал 680 кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс жасай бастады. Шетелдерден осы кезге дейін 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестициялар тартылды.

Слайд 13 20 тамызда ЭЙР Казахстан авиакомпаниясы құрылды.

20 тамызда ЭЙР Казахстан авиакомпаниясы құрылды.

Слайд 14 12 қазанда Ресейдің Астарахан облысындағы Володар ауданында күй

12 қазанда Ресейдің Астарахан облысындағы Володар ауданында күй атасы – Құрманғазы

атасы – Құрманғазы Сағырбайұлының басына кесене орнатылды. Бұл шараға

Елбасы Н.Назарбаев пен Ресмей Үкіметінің басшысы В.Черномырдин қатысты.

Слайд 15 12 қараша – Дели

12 қараша – Дели қаласының аэропортында Boeing 747 самолеты

қаласының аэропортында Boeing 747 самолеты (Saudi Arabian Airlines авиакомпаниясы)

және ИЛ-76 жүктеуіш самолеты (ЭЙР Казахстан авиакомпаниясы) ауада соғысты. Нәтижесінде 312 адам Боингте және 37 адам ИЛ-76-да қайтыс болды. Бұл авиакатастрофа тарихтағы бірінші ауадағы соғысу болып саналады.

Слайд 16 16 желтоқсан ‑ Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің

16 желтоқсан ‑ Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына

бес жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Монумент авторы-сәулетшісі

- Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабаев, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б).

  • Имя файла: prezentatsiya-po-istorii-kazahstana-1996-god.pptx
  • Количество просмотров: 196
  • Количество скачиваний: 0