Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Қыздыру үдерістері

Тымық бумен қыздыру Тымық бумен қыздыру әдісінде қыздыратын сұйықтыққа жылу оларды бөліп тұратын қабырға арқылы беріледі. Бұл жағдайда бу конденсирленіп, қыздыру аппаратынан конденсат түрінде бөлініп алынады. Конденсат температурасы қыздыратын қаныққан бу температурасына тең болады. Үздіксіз қыздыру
№ 5 дәріс Қыздыру үдерістері Қыздыру процесі химиялық өзгерістер мен жылу және Тымық бумен қыздыру Тымық бумен қыздыру әдісінде қыздыратын сұйықтыққа жылу оларды бөліп 4. Түтінді газдардың өте жоғары температурасы салдарынан және оны реттеудің мүмкіндігі болмауынан Аралық жылу тасымалдағыштар ретінде минералды майлар, өте қызған су, органикалық жылу тасымалдағыштар, Дифенильді қоспа буының конденсирленуі нәтижесінде бөлінетін жылу беру коэффициентінің орташа мәні 1500
Слайды презентации

Слайд 2 Тымық бумен қыздыру
Тымық бумен қыздыру әдісінде қыздыратын

Тымық бумен қыздыру Тымық бумен қыздыру әдісінде қыздыратын сұйықтыққа жылу оларды

сұйықтыққа жылу оларды бөліп тұратын қабырға арқылы беріледі. Бұл

жағдайда бу конденсирленіп, қыздыру аппаратынан конденсат түрінде бөлініп алынады. Конденсат температурасы қыздыратын қаныққан бу температурасына тең болады.
Үздіксіз қыздыру кезінде тымық будың жұмсалу мөлшерін жылу балансы теңдеуінен анықтайды
(1.1)
Күшті бумен қыздыруға кететін жылу мөлшері анықталады:
(1.2)

 
Түтінді газдармен қыздыру
 
Түтінді газдармен 1000 0С және одан да жоғары температураға дейін қыздыруға болады. Алайда түтінді газдармен қыздыру әдісінің біршама кемшіліктері бар:
1. Қыздыратын аппарат қабырғаларына берілетін жылу беру коэффициентінің төмендігі (15-30 ккал/ м2·сағ·К).
2. Газдардың көлемдік меншікті жылу сыйымдылығының аздығы. Бұл жағдай газдардың жұмсалу мөлшерін арттырады.
3. Жылу беру нәтижесінде газдар салқындап, қыздыру біртексіз жүреді.





Слайд 3 4. Түтінді газдардың өте жоғары температурасы салдарынан және

4. Түтінді газдардың өте жоғары температурасы салдарынан және оны реттеудің мүмкіндігі

оны реттеудің мүмкіндігі болмауынан қыздыру өнімдерінің күйіп кету жағдайларының

болуы.
5. Жылу беруде түтінді газдармен тікелей түйісудің нәтижесінде өнімдердің ластануы.
6. Жылудың біршама бөлігінің ілеспе газдармен атмосфераға кетуі салдарынан, газдар жылуын пайдалану коэффициентінің төмен болуы.
7. Ұшқыш және от алғыш заттарды түтінді газдармен қыздырудың қауіптілігі.
Түтінді газдар қатты, сұйық, газ тәріздес отындарды әр түрлі пештерде жағу нәтижесінде түзіледі. Түтінді газдар аралық жылу тасымалдағыштарды қыздыруға (қатты қызған суды, жоғары температурада қайнайтын органикалық жылу тасымалдағыштарды, бейорганикалық тұздар қоспасын), сонымен бірге түтікті пештерде тікелей түтінді газдармен қыздыруда қолданылады.
Аралық жылу тасымалдағыштармен қыздыру
 Жоғары температурада өтетін көптеген химиялық процестерде аппараттарды біртекті қыздыру қажет. Мұндайда түтінді газдарды қолдану жоғарыда аталған кемшіліктеріне байланысты мүмкін емес. Сонымен бірге кей жағдайда түтінді газдарды қолдану қауіпсіздік ережелеріне сай келмейді. Сондықтан аралық жылу тасымалдағыштарды қолданады. Аралық жылу тасымалдағыштар (жүйеде айналып жүретін әр түрлі сұйықтықтар немесе булар) түтінді газдардан немесе электр тоғынан жылуды қабылдап алып, оны аппарат қабырғаларына береді.




Слайд 4 Аралық жылу тасымалдағыштар ретінде минералды майлар, өте қызған

Аралық жылу тасымалдағыштар ретінде минералды майлар, өте қызған су, органикалық жылу

су, органикалық жылу тасымалдағыштар, балқытылған тұздар, сынап қолданылады. 300-350

0С температураға дейін қыздыруда өте қызған суды (қысымы 225 ат) қолданады.  
Маймен қыздыруды басқа қыздыру әдістерін қолдану мүмкін емес жағдайда ғана қолданады. Себебі жылу тасымалдағыш ретінде майларды қолданудың бір-шама кемшіліктері бар. Майлармен қыздыруда температураны реттеу қолайсыз, арнайы қолданылатын майлардың от алу температурасы 300-310 0С аспайды, сондықтан майларды қолданып қыздыруды 250 0С температураға дейін ғана жүргізеді.
Өте қызған суды қолданып қыздыру жылу тасымалдағыштың жоғары қысымында жүргізіледі. Сондықтан көптеген жағдайларда қаныққан бу қысымы төмен жоғары температурада қайнайтын термотұрақты жылу тасымалдағыш-тарды қолданады. Мұндай жылу тасымалдағыш ретінде практикалық маңызы зор дифенильді қоспа деп аталатын дифенил эфирінің эвтектикалық қоспасы қолданылады. Оның балқу температурасы 12,3 0С, ал қайнау температурасы 258 0С. Дифенильді қоспа 400 0С және одан да жоғары температурада айрылады. Осы қоспа буын 260÷380 0С температураға дейін қыздыруда қолданады. Будың абсолютті қысымы 8÷10 ат дейін жетеді. 300÷350 0С температурада дифенильді қоспаның булану жылуы суға қарағанда 4-5 есе кіші болады.


 


  • Имя файла: Қyzdyru-үderіsterі.pptx
  • Количество просмотров: 120
  • Количество скачиваний: 0