Бағалау-оқу туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критериалды бағалау- оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын- ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни бір нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалды бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады.