Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Жануарлар әлемі

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata Класс: Бауырымен жорғалаушылар-Reptilia Отряд: Тасбақалар -Testudines Тұқымдасы: Құрлық тасбақасы-Testudinidae
Патшалығы: Жануарлар – Animalia  Тип: Хордалылар – Chordata   Тип Патшалығы: Жануарлар – Animalia  Тип: Хордалылар – Chordata   Тип Патшалығы: Жануарлар – Animalia  Тип: Хордалылар – Chordata   Тип Патшалығы: Жануарлар – Animalia  Тип: Хордалылар – Chordata   Тип Патшалығы: Жануарлар – Animalia  Тип: Хордалылар – Chordata   Тип
Слайды презентации

Слайд 2 Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар –

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata  Тип тармағы:

Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata


Класс: Бауырымен жорғалаушылар-Reptilia
Отряд: Тасбақалар -Testudines
Тұқымдасы: Құрлық тасбақасы-Testudinidae
Туысы: Дала тасбақасы-Testudo
Түр: Кәдімгі дала тасбақасы-Testudo horsfieldii

Дала тасбақасы (лат. Testudo horsfieldii) – құрлық тасбақалары тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы. Карапакс, яғни, арқа сауыты 29 см, жалпы бауыр сауытын пластрон деп атайды. Аталығы аналығынан кішірек және арқа сауыты дөңесті, ұзындау құйрықты болады. Дала тасбақасы тіршілік қамын қатаң күндіз жасайды. Ыстық күндері таңертең және кешкі ымырт кезінде ғана жайылады. Ыстықта өсімдіктер түбіне, кеміргіштердің ініне тығылады. Тасбақа, негізінен, көпжылдық шөптер мен түрлі өсімдіктердің балаусасымен қоректенеді, кейде қоңыздар мен бүйілерді де қорегіне жаратады.
Таралуы:Қазақстанда бұл тасбақа Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде Ақтоғай станцасы орналасқан Балқаштың солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аймақта кездеседі.
Биоценозда алатын орны: Кәсіптік маңызы бар, Батыс Еуропа елдерінде тағам ретінде пайдаланылады.


Слайд 3 Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар –

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata  Тип тармағы:

Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata


Класс: Сүтқоректілер-Mammalia
Отряд: Жұптұяқтылар -Artiodactyla
Тұқымдасы: Бұғылар-Cervidae
Туысы: Елік -Capreolus
Түр:Елік-Capreolus pygargus

Елік (лат. Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді.
Таралуы:ЕлікТалас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Оңтүстік Алтайда кездеседі.
Биоценозда алатын орны: Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар.


Слайд 4 Патшалығы: Жануарлар – Animalia
Тип: Хордалылар –

Патшалығы: Жануарлар – Animalia Тип: Хордалылар – Chordata  Тип тармағы:

Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata


Класс: Қосмекенділер – Amphіbіa
Отряд: Құйрықсыз қосмекенділер – Anura
Тұқымдасы: Нағыз бақалар –Ranidae
Туысы: Жасыл бақалар–Pelophylax
Түр: Көлбақа -Pelophylax ridibundus

Көлбақа (лат. Pelophylax ridibundus) – құйрықсыздар отряды бақа тұқымдасына жататын түр. Бақалардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 6-13 см-ге дейін жетеді. Салмағы – 200 грамға дейін жетеді.Қоңырқай, жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. Тістері үстіңгі жақ сүйектерінде ғана бар. Тілінің ұшы бос және екі айырылған. Көбінесе суда тіршілік ететіндіктен артқы аяғының жүзу жарғағы жақсы жетілген. Кейде судан жағалауға қоректену үшін шығады. Қорегін ұзын тілімен аулайды.
Таралуы: Орманды, дала мен шөлейт жердегі су қоймаларында және ағысы жылдам өзендерде мекендейді. Қазақстанда негізгі таралу аймағы Орал–Ырғыз–Торғай су айдыны мен Балқаш – Алакөл аралығы болып саналады.
Биоценозда алатын орны: Көлбақаның итшабақтары биоценозда (энергия тасымалдаушы) үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Қытайда, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады.



  • Имя файла: zhanuarlar-әlemі.pptx
  • Количество просмотров: 115
  • Количество скачиваний: 1