Инновациялық әдістер арқылы студенттердің кәсібі бойынша сөйлесімін дамыту.
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА
Ақтау көлік колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы
Абишова Алия Джолдасбаевна
FindTheSlide.com - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.
Email: Нажмите что бы посмотреть
Презентация на тему Доклад на тему Инновациялық әдістер арқылы студенттердің кәсібі бойынша сөйлесімін дамыту., из раздела: Английский язык. Эта презентация содержит 17 слайда(ов). Информативные слайды и изображения помогут Вам заинтересовать аудиторию. Скачать конспект-презентацию на данную тему можно внизу страницы, поделившись ссылкой с помощью социальных кнопок. Также можно добавить наш сайт презентаций в закладки! Презентации взяты из открытого доступа или загружены их авторами, администрация сайта не отвечает за достоверность информации в них. Все права принадлежат авторам презентаций.
Инновациялық әдістер арқылы студенттердің кәсібі бойынша сөйлесімін дамыту.
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА
Ақтау көлік колледжінің
ағылшын тілі пәні оқытушысы
Абишова Алия Джолдасбаевна
Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру,оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.
Колледжде оқыту барысында болашақ маман ретіндегі студентті еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет. Олардың ішінде оқытудың инновациялық технологиясы айрықша орын алады.
Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология.
Оның студенттер үшін пайдасы:
кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
түйінді шешім қабылдау, өз бетімен ізденгіштік қабілетін дамытады;
болашақ кәсібі жөніндегі танымдық белсенділігін кеңейтеді, қалыптастырады;
ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңейеді;
ақпаратты талдайды, сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлайды.
Мақсатым:
Инновациялық технологияларды пайдаланып, студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
Оқылым.
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.
Айтылым.
Айтылым – адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Тілдесім.
Тілдесім – адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлдесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы.
Жазылым.
Жазылым термині – «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Тыңдалым.
Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну.
Студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру үшін өз сабақтарымда түрлі әдіс –тәсілдер, ойын түрлері және технологияны пайдаланудамын.
«шахмат» әдісі Саймон Браунхилл бойынша
«кластер» әдісі
рольдік ойындар
интеллектуалдық ойындар
дидактикалық ойындар
«Шахмат» әдісі Саймон Браунхилл бойынша
Өтілген тақырып бойынша қайталау, кері байланыс жасау;
Студенттер терминдерді ақ ұяшыққа қазақша, қара ұяшыққа ағылшынша аудармасын жазады.
“домино” әдісі.
А
1.The block
2.The camshaft
3.The connecting
4.The combustion
5.The cylinder
6.The crankshaft
7.The flywheel g
8.The piston
9.The rings
10.The valves
В
holds all of the other parts of the engine.
is a round hole machined in the engine.
transfers the energy of combustion to the connecting rod. rod
seal the small gap around the sides of the piston. chamber
links the piston to the crankshaft.
open and close to control the flow of fuel mixture into and out of the combustion chamber.
controls the opening of the valves.
changes the reciprocating motion of the piston into the rotary motion.
helps keep the crankshaft turning smoothly.
is a small enclosed area between the top of the piston and the bottom of the cylinder head.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, əр білім алушы сөйлесімнің бес түрін жақсы меңгерген жағдайда ғана ағылшын тілінде еркін сөйлей алады. Алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана алады деп ойлаймын.